Сенбі, 07 Қараша 2020 09:30

Адами ар мен заң талаптары сақтала ма?

Болған іске, жалғасып жатқан адами арды аяққа басып, заңды заң деп сыйламай, өзінен туған балаларын өзекке теуіп, ата-аналық міндетін атқаруға жарамай, кәмелетке толмаған шиеттей сәбилерін, оқу жасындағы балаларын тағдыр тәлкегіне салып қойған ата-аналардың әрекетсіздіктерін қарауға, кәмелетке толмағандар құқығын қорғау комиссиясының кезекті отырысы өтті қарашаның басында. Бірден айтып кететін жайт: бұл шолу мақалада сол балаларын асырап-бақпай, талапқа сай тәрбиелей алмай отырған ата-аналардың аты-жөні, тұрғылықты мекен-жайын да белгілі себептермен атамай, тек инициалын ғана көрсетіп отырғанымызды ескерте кетейік.

Азаматша Н-ның қарауындағы бес баланы қалай бағып-қағып жатқанын зерттеп-зерделеп қайтқан аудандық полиция басқармасының ювеналдық полиция тобының қызметкерлері бір бөлмелі үйде лас төсек орында, әбден кірлеген киіммен, кіші балалары тіпті жалаңаш күйімен уақытылы тамақтандырылмай жатқанын анықтап, ауылдық округ әкімдігінің басшыларының, амбулатория қызметкерлерінің қатысуымен анасы Н-ның агрессивті қарсылығына қарамай аудандық көпсалалы аурухананың балалар бөліміне орналастырылған екен. Бұл балалардың анасы өз перзенттерін адамға лайық күтіммен, тәрбиемен қамти ала ма деген сұраққа азаматша Н. мардымды жауап та бере алмады.

Комиссия отырысын жүргізіп отырған оның төрағасы аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев көп балалы ананың мемлекеттен алып отырған әлеуметтік көмектері және отырысқа арнайы шақырылып, қатысып отырған бұрынғы күйеуі азамат Ғ-дан ортақ үлкен қызы үшін алимент төлемдері түсе ме деген сұрақтарына жауап ала отырып: - Өмірге келген бала неге осындай аянышты халге түсіп, қатарларынан кем қалу керек?! – деп күйіне сұрақ қойды Н-ға. Әрине жауап жоқ. Жауапсыздық жайлаған анада не жауап болуы мүмкін. Ең болмаса, кіші сәбилерін жуындырып, тамақтандырып, үстіне арзан да болса таза, бүтін киім әпере алмаған ананы ана деп атау да ыңғайсыз.

Адамның малдан, басқа да тірі мақұлықтардан айырмашылығы ақыл-ой мен сана иесі болуында. Өмірге әкелген ұрпақтарын асырап-бағу, тәрбиелеу – жазылмаған заң, сол сананың-ардың алдындағы міндеті. Мемлекетте «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 127-бабында «Ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру, олардың құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерді орындамауы ... айыппұл салуға алып келеді» делінген. Айыппұл мөлшерінің орнына көп нүкте қойып кетуімнің себебі көп жылдар бойы осы комиссия құрамында болып келе жатып, айыппұл салынған, не әкімшілік қамаққа алынған ата-ананы көріп-білмеген екенмін. Бұл да гуманитарлық көзқарастан туындаған әрекет көрінісі. Ал бес баласын күтімсіз қалдырған азаматшаға да кеңшілік жасалып, жағдайды түзетуге уақыт берді комиссия. Бұдан кейін де балалар аш-жалаңаш күйде болса, азаматша Н. аналық құқығынан айырылып, балалар мемлекет қарауына беріледі.

Айта кетерлік бір мәселе комиссия отырысына арнайы шақырылып, қатысып отырған балалардың сегіз жастағы үлкенін Н. азаматшадан ажырасып кеткен Ғ. соттың шешімі өзгертілсе, өз қарауына алуға ниет білдірді. Заң да, мемлекет те әрқашан ананың жағында болатыны рас. Сол ананың аналық сезімі, ұмтылысы мен іс-әрекеті сәбилерінің заңды құқықтары мен мүддесіне сай келсе...

Комиссияның қарауына ұсынылған тағы бір мәселе кәмелетке толмаған 8-сынып оқушысы М-ның мәселесі. Бұдан бұрынғы отырыстарда да комиссия ата-анасымен келіспей, үйінен қашып, өз басын қауіп-қатерге байлаған «өтпелі жастағы» жасөспірімдерге «шамалары» келмей жатқан ата-аналардың, балалардың мәселелерін талқылап, шешімдер қабылдаған болатын.

Бұл да бір үлкен тақырып, өткір мәселе. Бала есейіп, сол «өтпелі» деген жасқа келгенде, оң-солын тани бастаған сәттекейбір үлкендердің өзі әділетсіз деп тапқан мінез-құлықтарына сай әрекет етіп оқудан, үйден қашып жататын жағдайлар да кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау комиссиясының назарында. Мысалы, сол М. атты оқушының «жоғалып» кету себебі – анасы мен өгей әкесінің арақатынасынан туған түсінбеушіліктер. Осындай ересек ер баласы «қашқындыққа» бой ұрған жұмысбасты болған бір әке ұлын мектеп-интернатқа алуды өтінгенінің де куәсі болды комиссия мүшелері.

Ал отбасындағы келеңсіздік салдарынан анасы қайтыс болған, әкесі сотты болып, бостандығынан айырылу алдында тұрған кәмелетке толмаған бес бала жетімдік күйге түскен жағдай қаралған болатын комиссия отырысында. Бір сәтте ата-анасыз қалған балаларды бағып-қағуды кімге тапсырамыз деген сұрақ туындағанда балалардың көрші аудандарда тұратын нағашылары, яғни қайтыс болған ананың әпкесі мен ағасы, біздің аудан тұрғыны сотты болған азаматтың шешесі, яғни балалардың әжесі шақырылып, комиссия отырысына қатысты. Нағашылар жағы өз бала-шағасы бар толыққанды отбасылар бола тұрса да өз үйлерін тастап, басқа аумақтардағы марқұм анасының туысқандарының үйлерін паналаған балалар.

Комиссия отырысында үлкендер мен балалардың үш ересектеуінен сұралды: кіммен тұрғысы келетіндерін. Бірауыздан қалағаны анасының туысқандары болды.

Комиссия балалардың қалауын құптап, шешім шығарды. Әже жағынан наразылық болғаны да рас. Аздап шу шығарып, балаларды өзіне бұрып алғысы келген әжеге «Баланы ақырып үйретпе, баланы ақырын үйрет» деген халық мақалын алға тартып уәж айтсақ та жеткіліті болар.

Х. Ахметжанов,

комиссия мүшесі

Оқылды 1052 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет