Сәрсенбі, 08 Маусым 2022 16:51

Алмақтың абыройы қайтарылуымен

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі басшылығының назарына!

                    

Алматы облысындағы оңтүстік астана аты бар ғылым мен білім орталығы Алматы  мегаполисінің іргесіндегі Есік қаласының төңірегінде ежелгі сақ дәуірінен бері келе жатқан обалардың бірінен табылған алтын киімді ханзаданың қаңқа сүйегі Алтын адам деген атпен елімізді әлемге әйгілегені белгілі. Өте күрделі «өтпелі» деген кезеңнің өзінде мемлекетіміз қаржылық-материалдық мүмкіндік тауып, сонау өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары облыстық маңызы бар тарихи археологиялық мұражай ашып, одан бертінде Есік мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ерекше үлгідегі ғимараты салынып, екі жарым мың жыл бұрынғы обалардың қорғау аумағы белгіленген болатын. Бүгінгі күндері қорық-мұражай – бүкіл әлемнен ағылып келіп жатқан туристерді ғана емес тарихшы-археолог ғалымдарды да қызықтырып отырған ғылыми орталық. Қазіргі кезеңдегі күрделі геосаяси жағдайда тарих ғылымының маңызы өте жоғары. Сондықтан қорық-мұражай қызметкерлері археолог ғалымдардың ізденістерінің арқасында сақ обалары тығыз орналасқан Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарының көмегімен музейге жинақталған жәдігерлерді зерттеп-зерделеп және осы құндылықтардың сақталуына мұқият зер салып отыр.

Өкінішке қарай ауданымыздың Түрген ауылдық округі аумағынан табылып, едәуір ұйымдастыру – қаржылық шығындармен қорық-мұражай қорына қабылданып, есепке қойылған ерте дәуірлерде қолданылған құрбандық рәсімін жасау астаушасын (алтарь-жертвенник) Ұлттық музей басшылығы белгілі бір себептерге байланысты сұратып алдырып, көп ұзатпай қайтаруға уағда берсе де жәдігерді қайтармай отырған көрінеді, қорық-мұражай қызметкерлерінің айтуынша.

Еліміздің астанасында орналасқан Ұлттық музейдің дәрежесі биік болғанмен, сақ обаларының ортасындағы туристік жолдар қиылысындағы, ғылыми нысандардың маңызды бағытындағы Есік мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының да пәсі төмен емес-ау. Сондықтан жәдігердің орнына қайтарылуы қажет деп есептейміз.

Сөз соңында осы құлаққағыс мақала Ұлттық музей басшылығының назарына жылдамырақ жету үшін «Еңбекшіқазақ» газетінің жанындағы mezet.kz желілік басылымына да жариялап отырмыз.

Хайролла АХМЕТЖАНОВ,

«Еңбекшіқазақ» газетінің, mezet.kz желілік басылымының бас редакторы; Алтын адам тақырыбын жарнамалап, жариялаудағы еңбегі үшін ҚР Журналистер одағы сыйлығының иегері болған Қазақстанның Құрметті журналисі.

Тілеулес ҰЗАҚОВ,

Еңбекшіқазақ аудандық соғыс және еңбек ардагерлері ұйымының төрағасы; Түрген округі әкімі лауазымын атқару барысында құрбан рәсімін жасау астаушасының мұражайға өткізілуіне тікелей ықпал еткен ауданымыздың Құрметті азаматы.

Оқылды 3237 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың…

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар…
Қаң 30, 2026

Әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет