Сейсенбі, 30 Мамыр 2023 21:23

Бір мектепке берілсе хас шебердің есімі

Ақши ауылындағы Бөлек батыр атындағы орта мектепте суретші-этнодизайнер, Қазақстан суретшілер және дизайнерлер Одағының мүшесі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көптеген халықаралық байқаулардың дипломанты болған алаштың маңдайына біткен айтулы азамат Дәркембай Шоқпарұлына арналған «Дәркембай Шоқпарұлы: көрнекті қолөнер шебері, ұстаз, этнодизайнер» атты танымдық конференция өтті.

Аталған шараға атақты ұстамен араласқан, ол кісінің көзін көрген елімізге есімдері белгілі азаматтар, ғалымдар, суретшілер, өнерпаздар мен журналистер қатысты. Ең әуелі аудандық мәслихаттың хатшысы Бекет Ахметов дарынды өнер иесінің ұлт мәдениетіне қосқан үлесін тілге тиек етті. Ақши ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Динара Ибраимова Дәркембай  Шоқпарұлының өмірі мен өнері жайлы баяндама жасап, сан қырлы дарын иесінің ұлт руханиятына жасаған қызметіне кеңінен тоқталды. Талғампаз талант тарланы Дәркембай – қолөнер түрлерін меңгеруде, үйрену мен жирену үдерістерін тәжірибеден өткізген ұстаз. Оған дәлел – 1996 жылы туған жері Ақши ауылында ашылған «Асыл» атты мектебі. Ол мектепnе республиканың әр жерінен келген шәкірттері тегін оқыды. Дәркембай Шоқпарұлы – тылсым тіршіліктің иірімдеріне терең бойлаған, киелі қолөнер пернелерін дөп басқан азамат. Өнері өтімді, іс-әрекеті ғұмырлы Дәркембай – қазақтың қайталанбас қолөнер иесі, өткен ғасыр өресіндегі ұлттық өнердің жанашыры. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» демекші, Дәркембай шебер Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында «Сәндік өнер және дизайн» факультетінде «Металды көркемдеп өңдеу» мамандығында студенттер оқытып, доцент және 2005 жылы профессор атағын алады. Дәркембай Шоқпарұлының тағы бір қыры – суретші әрі мүсіншілік өнері. «Студент қыз», «Алтын адам», «Қарасай батыр»6 т.б. портреттері бар. Танымдық конференция суретші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қайырбай Зәкіров, ҚР мәдениет қайраткері Тоқабай Көшербаев, педагогика  ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұханбетов сынды зиялы қауым өкілдері хас таланыттың қайталанбас қолтаңбасы, ізденісі мен шығармашылығы, адами болмысы жайлы тереңінен сыр толғады. Конференция қонақтары алда ауданымызда қабырғасы қаланатын мектептердің біріне Дәркембай  Шоқпарұлының есімі берілуі керек екендіктерін айтып тарасты.                       

Е.АСЫЛ.

Оқылды 3752 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет