Жексенбі, 04 Маусым 2023 21:56

Жемісті еңбектің жеңісі

Кез келген мемлекеттің  дамуына мәдениеттің қосар үлесі зор. Мәдениеті мықты дамыған елдің еңсесі биік, рухы жоғары болады. Бүгінде өңіріміздің әлеуеті мен руханияты қатар өркендеп келеді.  Бұған ауданымыздың мәдениеті мен өнерін өрге сүйреген жандардың елеулі еңбегі дәлел бола алады.

Аудан әкімі Алтай Досумбев «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған Қаракемер мәдениет үйінің директоры Арайлым Мамырбекова мен «Үздік театр ұжымы» – «Қаракемер» балалар театрының көркемдік жетекшісі Жарқын Барақбаевқа алғыс хат табыстады.

– Қазыналы Қаракемер – ежелден өнер қонған киелі қоныс. Қасиетті топырақта талай айтулы өнер тұлғалары өсіп-өнді. Олар өңірдің өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосты. Әсіресе, ондағы жас ұрпақтың өнерге баса ден қоюы көңіл қуантады. Мұның барлығы сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз бен ізденістеріңіздің нәтижесі, – деді Алтай Машикұлы.

Марапат иесі Қаракемер мәдениет үйінің директоры Арайлым Мамырбекова бұл жетістіктің кездейсоқ еместігін, осы белесті бағындыру үшін талай жылдар тер төккендігін айтты. «Қаракемер» балалар театрының көркемдік жетекшісі және қоюшы режиссері Жарқын Барақбаевтың «Қара шекпен», «Бала мерген» қойылымдары облыстық және республикалық байқауларда көрермен ықыласына бөленген еді. Ол бұл жетістігін жемісті еңбегінің жеңісі деп білетіндігін жеткізді. Үздіктер топ жарған өнер ордасы ауданымыз руханиятына әлі талай олжа салары анық.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 17588 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет