Жұма, 07 Маусым 2024 13:32

Айбыны асқақ мереке

Көк аспан Көк Тудың желегі,

Алтын күн шуағын төгеді.

Сол күнге қасқайып қарайтын,

Қыраным қалықтап келеді.

Байқасаң бұлттардың пішіні,

Қазақы оюдың бедері.

Шығыстан таң атып тұрғанда,

Біздің ту жайқала береді.

Бар-жоғы ол бағанға ілініп,

Алаңда тұрған жоқ себебі.

Адамзат аспанға қараса,

Қазақтың Байрағын көреді, –

деп ақын Мұхтар Ниязов жырлағандай, мәні асқақ, мағынасы терең мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет пен махаббат та биік болуға тиіс.

1992 жылы 4 маусымда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Гимн бекітілген болатын. Тәуелсіз елдің дәл осы рәміздері мемлекетіміздің бірегейлігі мен еркіндігін бейнелейді. Сол себепті мемлекеттік рәміздер мерекесі – зор мәнге, айырықша маңызға ие. Жуырда аталған мереке Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің алаңында жоғары деңгейде аталып өтті. Шараға аудан әкімі Талғат Байеділов, бөлім қызметкерлері, аудан тұрғындары мен жастары қатысты.

Ең әуелі мерекеге сай салтанатты түрде мемлекеттік ту көтеру рәсімі орындалып, гимніміз шырқалды. Көпшілікті құттықтау үшін аудан әкімі Талғат Ескендірұлы сөз алып, айтулы мерекеміздің мәніне кеңінен тоқталып, барша отандастарға құттықтау лебізін жеткізді:

– Тәуелсіздіктің арқасында еліміз орасан зор істерге құлаш ұрып, толағай табыстарға тұяқ іліктіріп қана қоймай, халқымыз баға жетпес игі бастамалардың қайнарына айналған қастерлі қазынаға ие болды. Қазақстан да ел тәуелсіздігінің ақиқаты айқындалған тұста оны ең алдымен егемен елдің саяси мәртебесін білдіретін Тәуелсіздік Декларациясын қабылдау арқылы бекітті. Содан кейінгі ерекше оқиғалардың бірі – ел көшінің уақыт кеңістігінде қалдыратын рухани құндылығы мемлекеттік рәміздерді қабылдауға байланысты болғаны анық. «Туған жерге туыңды тік» дегендей, халқымыз үшін, оның ішінде елдіктің тірегін сақтайтын өскелең ұрпақ пен оның патриоттық тәрбиесі үшін бүгінгі мереке ерекше қастерленуі шарт! – деген аудан әкімі ақжарма тілегімен сөзін аяқтады.

Дүбірлі мерекенің төрінде су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қомақты көмек көрсеткені үшін жомарт жүректі жерлестеріміз Абликим Сайдуллаев, Тұрлыға Назар, Арайлым Тилеубекова сынды азаматтар мен «Жетісу Вольфрам» ЖШС-не облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің алғыс хаттары табысталды.  Сонымен қатар барша игі бастамаға қолдау танытып, жастар арасындағы таным-тәрбиелік істерді атқаруда ықпал етіп, зор еңбек сіңіріп жүрген Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі, Жетісу гуманитарлық колледжі, Есік кәсіптік-техникалық колледжі, Есік медициналық колледж ұжымдары алғыс хаттармен марапатталды.

Кең көлемде өткен ауқымды шарада автошеру ұйымдастырылды. Көк байрағымызды желбіреткен көліктер Есік көліне бет алды. Мереке ауданымыздың өнер өлкесінде жүрген дүлділ жігіттер мен бұлбұл қыздардың патриоттық әндерімен, мың бұралған  билерімен жалғасты.

Р.НАРХАНОВ.

Оқылды 10301 рет

Кескіндер галлереясы

Осы категориядағы басқа материалдар: « Тіл тағдыры – ел тағдыры

Соңғы жаңалықтар

Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…
Ақп 06, 2026

Пять сборных команд подразделений…

Пять сборных командподразделений специального назначения государственных органов…
Ақп 06, 2026

5 құрама команда Дубайда өтетін…

Қазақстан мемлекеттік органдары арнайы жасақтарының бес құрама командасы 7-11 ақпанда…
Ақп 06, 2026

ЖИ – мұғалім тәжірибесін жетілдіру…

Жасанды интеллект бүгінде өмірдің барлық саласында қолданылып, қоғам дамуының ажырамас…
Ақп 06, 2026

Сайлау мәдениеті – қоғам…

Демократиялық мемлекет үшін сайлау – тек саяси рәсім емес, қоғамның жетілу деңгейін…
Ақп 06, 2026

Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың…

Жалпы алғанда, жаңа Конституциядағы реформалар Қазақстанда құқықтық мемлекетті…
Ақп 06, 2026

Ұзақ мерзімді тұрақтылықты…

Конституциялық реформалар елдің саяси және құқықтық тұрақтылығын сақтауға бағытталған…
Ақп 06, 2026

Азаматтық қоғам институттарының…

Жаңа Конституция азаматтық қоғам институттарының дамуына құқықтық негіз қалыптастырады.…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет