Бейсенбі, 14 Желтоқсан 2023 14:36

Тіл тағдыры – ел тағдыры

«Түркі тілдес басқа халықтардың тілімен салыстырғанда қазақ тілі – шоқтығы ең биік тіл».

Аслы Осман.

Менің тілім – қазақ тілі. Менің тілім – Абай тілі. Менің тілім – тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқан дуалы ауыз Майқы би тілі. Құдіреті тас жарған, қара қылды қақ жарған тілім. Төле, Қазыбек, Әйтеке билер тілі. Иә, менің тілім – Шыңғыс ұрпағының шабысын тежеген, жойқындығымен жойғысы келген жоңғардың жолын кескен, жауының дауын бір-ақ ауыз сөзімен шешкен қасиетті тіл.

Сайын даланың ұлылығының, тауларының, өрлігінің, туған жерімнің кеудесін жарып шыққан қайнар бұлақ тазалығының, халқымның жомарт көңіліндей кең-дігінің құйып қойған қалыбы дәл осы тілім емес пе?

Осы мемлекеттік тіліміздің  мәртебесін көтеруде Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының әр аудан, ауылдағы филиалдары тіліміздің қасиетін  арттырып, қолданыс аясын кеңейту мақсатында біршама жұ-мыстар жүргізуде. Осы орайда орталықтарда өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне барлық жағдай жасалып отыр.

Солардың бірі үстіміздегі жылы ашылып, жұмысын бастаған Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Шелек ауылдық округ филиалы 2023 жылдың I жартыжылдығында 16 атаулы  іс-шара өткізді.  Атап айтсақ, ақиық ақын, халқымыздың біртуар перзенті Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты В1 орта деңгей тыңдаушылары арасында  әдеби кеш өткізді. Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, тыңдаушылар ақынның өлеңіне жазылған әндер орындап, «Жетімдер үні», «Жоқ, дәрігер» көріністерін  қойды.  Содан кейін Шелек модельді ауылдық кітап-ханасымен бірлесе отырып  биыл «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірінің жарық көргеніне 110 жыл толуына орай В 1 орта деңгей тыңдаушыларымен «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» атты тарихи сабақ өтті.  Келер ұрпағына мол рухани құндылықтар қалдырған, халықтың сауатын ашуда маңызды рөл атқарған «Қазақ» газетінің бүгінгі күндегі рөлі мен Алаш арыстарының  публицистикалық шығармаларымен тыңдаушылар танысып қайтты.

Сондай-ақ Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы-ның ұйымдастыруымен қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерін насихаттау, дәстүрлеріміз жайлы этнос өкіл-деріне мағлұмат беру мақсатында ұйымдастырған «Салт-дәстүр – асыл қазынам» атты эстафетасы-на қатысып, «Ұрын бару» салты жайлы орталық қызметкерлері мен тыңдаушыларының қатысуы-мен видео түсіріліп жолданды. Эстафетаның қорытындысы бойынша Шелек ауылдық округ филиалы бас жүлде, «Ең үздік қойы-лым» номинациясын жеңіп алды.

Жылдық жоспарға сәйкес, Шелек ауылдық округ филиалының оқытушысы А.Айдарбекова В1 орта деңгей тыңдаушылары арасында «Табысқа жеткізер жол» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Филиал тыңдаушылары барлық кезең барысында түсіндірілген жаңа технология бойынша әдіс-тәсілдерді меңгере отырып белсене қатысты. Ашық сабаққа Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Б.Азимбаев қатысты.

Орталық тыңдаушылары 2023 жылдың II жарты жылдығында Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдас-тыруымен «Ұлттың рухани көсемі» атты Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысынан Шелек ауылдық округ филиалының В2 ортадан жоғары деңгей тыңдаушысы А.Турсунов қатысып, жүлделі I орынды ие-ленді. Сондай-ақ Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы-ның ұйымдастыруымен «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты облыстық эссе жазу бай-қауынан В2 ортадан жоғары деңгей тыңдаушысы Д.Нурбеков қатысып, II орынды иеленді.

Тіл тағдыры – ел тағдыры, өйткені халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Тоқсан рет толғауға түсіп, түйген ойлардың биік белестен көріне білуі тек әр қазақ-тың өз болмыс бітімін сақтай білуіне байланысты болмақ. Әр халықтың тіліне деген адалдығы, тіл тазалығы –  туған тіліміздің тағдырын айқындамақ. Тіл – мәдениет бесігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақ-стан» газетіне берген сұхбатында «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиетіде, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыс-тыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасын-да ана тілінде сөйлеп өскен бүл-діршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады» – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан халқын топтастыру-дың аса маңызды факторы мемлекеттік тілді меңгеру  –  Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Ақын Мұх-тар Шахановтың: «Әр ұлттың ұлт болып қалыптасуы үшін оның қасиетті төрт тамыры болуы тиіс. Ол – туған жері, тарихы, мәдениеті және туған тілі» деген ұлағатты сөзі көкірегі ояу азаматқа ой салары анық. Сол себепті тілді тек қатынас құралы емес, тәуелсіз еліміздің шаңырағына тіреу болар алтын діңгегіне айналдыру – кеудесінде намысы бар әрбір азаматтың міндеті деп білеміз.

Айжан АЙДАРБЕКОВА,

Шелек ауылдық округ филиалының оқытушысы.

Оқылды 11328 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Абуханов Серік Егізбайұлы, 1985 жылы 28 маусымда Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ …

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Умербеков Талғат Алтынбекұлы, 1965 жылы Шелек ауылында дүниеге келдім. 2007 жылы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ САЙЛАУШЫЛАРЫ! Мен, Алдибеков Саят Болатбекұлы Алматы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Сарғожанов Ринат Серікқанұлы, 1984 жылы 29 қазанда Есік қаласында туылдым. 2011 жылы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Елубай Еламан Рауанұлы, 1996 жылы 7 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылында…
Мам 28, 2025

Жіті енжар паралич (полиомиелит)

Жіті енжар паралич – адамның жүйке жүйесін зақымдайтын және сал ауруына әкелетін…
Мам 28, 2025

2025 жылы Қазақстанда ауыл…

2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы…
Мам 26, 2025

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Еңбекшіқазақ» газетінің (бұдан әрі газет) және mezet.kz желілік басылымының (интернет…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет