Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2017 14:24

Ел тізгінін білікті маман ұстауы тиіс

Кәсіби мемлекеттік аппарат құру – «100 нақты қадамның» бастауы. Демек, елді басқаруға тек білімі мен білігі, тәлімі мен тәрбиесі толысқан азаматтар ғана кіруі тиіс. Осы және өзге де бағыттар бойынша жақында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев кеңінен сөз етті. Аудан активімен болған кездесуді әкімнің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов жүргізіп отырды. Қазір мемлекетіміз мәнсаптық қызметке бет алған. Бұл дегеніміз, маман ә дегенде аспаннан түскендей басшылыққа емес, қызметтің сатылы сынынан…
Сейсенбі, 19 Қыркүйек 2017 10:47

Тұрақтылық – табан тірер тұғырымыз

«Бірлік бар жерде тірлік бар». Иә, бабалар сөзінен асып айту әсте артық болар. Осы ойдың астарын саралау мақсатында Бәйтерек орта мектебінде «Толеранттылық пен татулық – қоғамдық келісімнің кепілі» тақырыбында форум өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жалауы желбіреген шараға қор төрағасы Ж.Мухамедов қатысып құттықтау сөз айтты. Ауданымыздағы ұлтаралық татулықты нығайтудағы аталмыш қордың атқарып жатқан ауқымды ісіне ризашылығын білдірді мектеп директоры Шымберген Пірімбаев. Кейіннен Жаңаберген Мухамедов: – Мемлекет басшысы Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында өткен Ассамблеяның…
Сейсенбі, 19 Қыркүйек 2017 10:30

Маңызды құжаттарды талқылады

Жақында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Іле мұрагер» қоғамдық бір-лестігінің ұйымдастыруымен Ақши ауы-лындағы Бөлек батыр және Есіктегі Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басты басымдықтар мен «5 институционалдық реформа: 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында кездесу өтті. Шара барысында қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Қымбат Құрманжанова Жолдаудағы басымдықтарға тоқталып өтті: – Елбасы осы Жолдауда еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіру керектігін тағы бір еске салып өтті. Сондай-ақ, сын-қатерлерді күтіп…
Парламентте қаралған латын қаріптеріне көшу жайындағы мәселе бойынша филолог Ербол Тлешовтіңұсынысымен қолданысқа 25 графикалық белгі ұсынылған екен. Бір ұнамдысы, бір кездегідей «ұ» әрпін ү-ден ажыратуүшін үстін сызып немесе «аяғына» белдік қойып, дауысты дыбыстан кейін келетін «и» әрпінің үстіне сызықша қойып«ё» дегенге екі нүкте қою сияқты әурешіліктер болмайды екен.Оның орнына қос қаріп, яғни диаграф ұсынылады. Ә-ні «ае» деп, ө-ні «ое» ш-ны «sh», ж-ны «zh»-деп көрсету қолайлы болсакерек. Бұның өзі әлемдегі ағылшын әліппесінен, латын қаріптерінен әрі аспай ғана, әріптерді бұрынғыдай 42 қылмай-ақ…
Жақында аудан әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел отырысы өтті. «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, оның ішінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында өткен жиында жоғарыда аталған басқарма басшысы Мұрат Тоғызбаев, Еңбекшіқазақ ауданының жолаушылар және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бейбіт Искаковтар сөз сөйледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған бесінші басымдық бойынша атқарылып жатқан…
Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 10:22

Патриоттық байқау басталды

«Нұр Отан» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы-ның ұйымдастыруымен «Бақыт-ты отбасы – Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында мектеп оқушылары арасында «Туған жерім» атты шығармалар байқауы басталды. Осы аптада аталған байқау жайында партия филиалының өкілдері мектептерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Айтуларынша, үстіміздегі жылдың 5 қыркүйегінен 1 желтоқсан аралығында өтетін байқауға 5-11 сынып оқушылары қатыса алады. Аудан бойынша шығармаларды қабылдау қазан айының 25-не дейін жүргізілетін болады. Үздік шығармаларды қабылдап, іріктеу аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаевтың бекіткен комиссия мүшелеріне тапсырылады. Өз тілшіміз.

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет