Бейсенбі, 24 Қараша 2022 10:39

Халық таңдауы – сенімді көшбасшы

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады. Сайлаушылардың 81,31 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап дауыс берген. Сәйкесінше, Орталық сайлау комиссиясы халық сайлаған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті ретінде тіркеді. Жаңадан сайланған Мемлекет басшысы Президент ретінде 26 қарашада ант береді.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы дауыс берген. «Бәріне қарсымын» бағанын 460 484 (5,8%) сайлаушы таңдаған. Жигули Дайрабаевқа – 271 641 (3,42 пайыз), Қарақат Әбденге – 206 мың 206 (2,6 пайыз), Мейрам Қажыкенге – 200 907 (2,53 пайыз), Нұрлан Әуесбаевқа – 176 116 (2,22 пайыз) және Салтанат Тұрсынбековаға 168 731 (2,12 пайыз) дауыс берілген.

«Сайлаудың алдын ала қорытындылары ресми келіп түскен хаттамалармен расталды. Қазақстан Республикасының сайлау туралы Конституциялық заңының 9-бабы 1-тармағына, 65-бабына сәйкес, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50 пайыздан астамының дауысын алған кандидат республика президенті болып саналады. Осылайша, 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды», деді Нұрлан Әбдіров.

Әу баста сайлаушылар саны 11 млн 953 мың 465 адамды құрағаны белгілі. Десе де 8 млн 300 мың 46 адам немесе 69,44 пайызы дауыс беруге арналған бюллетеньдерді толтырған. Дауыс беру күні президенттікке кандидаттардың 11 мыңнан аса сенім білдірген адамдары, шетелдік халықаралық ұйымдардың 641 байқаушысы, саяси партиялардың 15,5 мыңнан аса байқаушысы, қоғамдық бір-лестіктерден 30 мыңнан аса байқаушы сайлауды бақылаған. Сайлау учаскелерін-де 1 225 қазақстандық БАҚ өкілі, 23 елдің 41 шетелдік БАҚ-тың аккредиттелген жур-налисі ақпарат таратқан.

Нұрлан Әбдіров президент сайлауы ұлттық заңнама мен халықаралық міндеттемелерге сай жүзеге асырылғанын айтты.

«Сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне, ашықтық және айқындық қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылды. Учаскелерде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруі үшін ыңғайлы жағдай жасалды. Көру қабілеті нашар азаматтар үшін алғаш рет сайлау бюллетеньдеріне Брайль қарпімен трафареттер жасалып, онымен барлық сайлау учаскелері қамтамасыз етілді», деді Н.Әбдіров.

Дауыс беру күні сайлау рәсімдерін кандидаттардың 11 мыңнан астам сенім білдірген адамы, 45 мыңнан астам ұлттық және халықаралық байқаушы бақылады. «Олардың қызметі сайлаушылар мен сайлау процесіне қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз етуге оң ықпал етті. Байқаушылар мен сарапшылар сайлаушылардың өз азаматтық ұстанымы мен электораттық белсенділігін танытып қана қоймай елдің мүддесі мен болашағы жолында саяси жауапкершілік танытқанын, сондай-ақ саяси науқанның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын, технологиялық жаңалықтардың енгізілгенін және сайлау учаскелерінің тиісінше қамтылғанын ерекше атап көрсетті», деді Нұрлан Әбдіров.

egemen.kz

Оқылды 830 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 03, 2026

Конституционное закрепление статуса…

Закрепление статуса адвокатуры в Конституции придает этому институту особое…
Ақп 03, 2026

Концентрация власти в руках…

полномочия Главы государства, не учитывает реальное содержание реформы. Основной закон…
Ақп 03, 2026

Удаление слово «свобода» из…

Идея о том, что проект новой Конституции якобы лишает граждан свободы, является…
Ақп 03, 2026

Изменение Конституции – это попытка…

Говорить о том, что изменения в Конституции делаются ради «нового президентского срока»,…
Ақп 03, 2026

Формулировка «...не должна посягать…

Формулировка о недопустимости посягательства на честь и достоинство не является запретом…
Ақп 03, 2026

Исключение конституционного запрета…

Отсутствие прямого запрета на продажу земли иностранцам не означает утрату контроля над…
Ақп 03, 2026

Исключение формулировки о…

В проект новой Конституции, в статью о принципах внешней политики Казахстана, не…
Ақп 03, 2026

Сохранение статуса русского языка в…

Сохранение статуса русского языка в новой редакции Основного закона не дискриминирует…
Ақп 03, 2026

Публикация проекта новой Конституции…

Данные ресурсы были выбраны лишь как основные стартовые площадки для начала продвижения…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет