Құрметті қала тұрғындары, жерлестер!
Еңбекшіқазақ ауданының тауында туып, тасында түлеген азамат ретінде алдыма ауқымды міндет пен жүйелі жоспар қойып, Есік қаласының дамуына табанды еңбегімді арнауға бел буып отырмын. Менің сайлауалды бағдарламам қаламыздың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жан-жақты дамуымен қатар, қордаланған мәселелерін шешуге үлес қосады деп сенемін.
Сіздердің назарларыңызға ұсынылған бұл сайлауалды құжатымда баяндалған бағыт-бағдарлар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» атты бағдарламасына, «AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасы мен 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында көзделген негізгі мақсат-міндеттерді басшылыққа ала отырып дайындалды.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
І. Шағын және орта бизнес Есік қаласының экономикалық даму қарқыны мен нәтижелі жұмыспен қамту деңгейін анықтайтын жетекші сектор болып табылады. Кәсіпкерлікті жүйелі қолдау шараларын қабылдауына назар аударамыз.
ІІ. Мен әрқашан азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруды қолдаймын. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын, жолдар мен инфрақұрылымды сапалы дамыту – халықтың әл-ауқатын жақсартатын факторлардың бірі. Бұл бағытта:
1) Тұрғын үй мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Бұл мәселені шешу мақсатында 2023-2027 жылдар аралығында жалпы 430 пәтер болатын 10 тұрғын үйдің құрылысының жүргізілуіне қол жеткіземіз.
2) Халықты сапалы ауызсумен толықтай қамтамасыз ету мәселесі басты назарда. Мәселені жоспарлы түрде күн тәртібінде қарап, 2024 жылы бағытты жұмыстардың басталуына қол жеткіземіз.
3) Қаланы көгілдір отынмен толықтай қамтамасыз ету күн тәртібінде.
4) Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бергенін жақсы білесіздер. Сондықтан қаладағы 162 көшенің толықтай жөнделуіне, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасы-на баса мән береміз және 2 көпірдің құрылысына бастамашылық жасаймыз.
ІІІ. Білім саласында балаларымызға барынша жайлы оқу жағдайын жасауымыз қажет.
Жыл сайынғы демографиялық өсімнің оң көрсеткіші байқалуда, дегенмен ол өз кезегінде үш ауысымды мектептер мәселесін туындатуда. Осы мәселені шешу үшін 1500 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдар аралығында Есік қаласының аумағында 2000 орындық мектептің және жеке инвесторлардың (Фонд Өтемұратов) есебінен 900 орындық мектептің құрылысы жоспарлануда.
- Денсаулық сақтау – қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды саласы. Бұл бағытта азаматтардың сапалы медициналық қызметке қолжетімдігін артыру маңызды.
- «Тәні саудың – жаны сау» демекші, бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі. Бүгінгі таңда қаламызда 1 орталық стадион мен 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені бар. Бұл өз кезегінде сұранысты толықтай қанағаттандырмайтыны сөзсіз. Сондықтан 2027 жылға дейін қала аумағында 2 шағын стадионды абаттандыруға және 1 спорт кешенін салуға күш саламыз.
- Мәдени саясат – ол қоғамның негізгі құндылықтарын қалыптастырудың идеологиялық тұғырнамасы. Сондықтан мәдениет және демалыс объектілерінің желісін кеңейтуге, тұрғындардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне бағытталған инфрақұрылымды дамытуға көңіл бөлеміз.
VII. Жастар – ел болашағы. Бұл бағытта өздеріңіз байқап отырғандай бүгінгі күні менің артымнан ерген азаматтардың басым көпшілігі – жастар. Сондықтан мен бұл бағытта жас мамандарды қызметке тартуды алдағы уақытта да кең ауқымда қолдайтын боламын. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді.
VIII. Есік қаласындағы өзге де өзекті мәселелер:
- Қаладағы жасалған жолдардың сапасы көп жағдайда сын көтермей жатады. Осы бағытта қоғамдық кеңестер мен жергілікті қауымдастық жиналысының өкілдерімен бірлесе отырып, жұмыстардың сапасына бақылауды күшейтеміз.
- Қала аумағында инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жұмыстардың жүргізілуіне, архитектуралық келбетіне әсер ететін маңызды шешімдердің қабылдануына жағдай туғызу, бірінші кезекте халық сұранысы мен ұсынысына сай жүзеге асыру маңызды.
- Есік қаласының тұрақты дамуына әсер ететін шешімдер мен реформаларға ықпал ету арқылы қаланың экономикалық-әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамытуды қолға алу маңызды.
- Соңғы жылдары ономастика саласында жұмыс тым бәсеңдеп кетті. Ономастикалық ахуал тұрақсыз, ал идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту мәселелері мүлдем қаралмады.
- Қала аумағында туризм саласындағы тиісті сервистік қызмет көрсету деңгейі, көлік және инфрақұрылымның сапасы мен деңгейі төмен.
- Идеологиялық құндылықтарды нығайтуға назар аударатын боламын. Есік қаласында ғана емес, аудан аумағы бойынша гуманизм, патриотизм, төзімділік, адамгершілік, ұлтаралық сыйластық пен ашықтық ұстанымдарын алға қою бойынша жұмыстардың атқарылуына назар аударамыз.
Құрметті ағайын!
Халқымызда «Көз – қорқақ, қол – батыр» деген дана сөз бар. Қазіргі жағдайда біздің көзіміз де, қолымыз да, жүрегіміз де батыр және батыл болуы керек. Егер біз жақсы ниетпен батыл және қажырлы еңбек етсек, онда міндетті түрде алға қойылған мақсаттарға жетеміз.
Егер, Мен осы аудандық мәслихат депутаты болып сайлансам, осы өңірдің тумасы, түлеп ұшқан ұланы ретінде бүгінгі таңда маған етене таныс негізгі проблемаларды шешуге Өзімнің өкілеттігімнің шегінде барынша күш-жігерімді салып, нақты міндеттер мен шараларды көтере отырып, оны шешуге ықпал ететін боламын.
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» демекші, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, айқын болашаққа жетелейтін өнегелі жолды құруға бірге атсалысайық!
Мен алдыма Сіздердің сенімдеріңізді ақтау міндетін қоямын. Сіздердің әрқайсыңыздың берген дауыстарыңыз жаңа мүмкіншілікке, еркіндікке жол ашарына сенемін.
Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.