Жұма, 10 Наурыз 2023 11:19

№ 10 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат РАХИМОВ БАҒДАТ БОЛАТҰЛЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен, Рахимов Бағдат Болатұлы, Алматы облысында дүниеге келдім. Еңбек жолымды 1992-2009 жылдар аралығында Қырбалтабай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте мұғалім болып бастап, мектеп директоры қызметін атқардым. 2009-2022 жылдары «AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының кеңесшісі болдым. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы болып қызмет атқарудамын.

Отбасылымын: екі ұл, бір қызым бар. 

Құрметті жерлестер!

Тәуелсіз ел болғанына 30 жылдан асқан Қазақстан қазіргі кезде өз мемлекеттігін түбегейлі орнатып, жарқын болашаққа нық қадамдармен жылжуда. Еліміздің алдында тұрған келесі міндет бұл – экономиканы дамытып, халқымыздың әл-ауқатын арттырып, дамыған елдер қатарына қосылу.

Аудандық мәслихат депутаты-ның негізгі міндеті – бұл өзіне сенім артқан округті  елімізде қабылданып жатқан түрлі әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардан тыс қалдырмай, енгізуге және тиісті қаржының бөлінуіне барынша атсалысу.

Осы өңірдің тумасы ретінде округтегі елді мекендердің мәселелері маған етене таныс және оларды шешу үшін қандай шаралар қолдану керек екендігі маған мәлім. Мен сайлаушыларыма құрғақ уәде беріп, жүзеге аспайтын жобаларды ұсынбаймын.

Депутаттың негізгі мақсаты – өз округінің мәселелерін жетік білу, оны аудандық мәслихат отырыстарында көтеріп, оң шешімін табуына тиісті қаржының бөлінуіне ықпал ету. Бұл мақсатты іске асыруға даярмын. Депутаттың халық пен билік ортасындағы жаршысы екендігін ескере отырып, төмендегідей ұсынылған жұмыс бағыттарының іске асуына аянбай атсалысамын.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Біздің аудандағы елді мекендер еліміздегі ең ірі мегаполис Алматы қаласына жақын орналасқан. Сондықтан шағын және орта бизнесті дамытудың әлеуеті өте зор. Қазіргі кезде елімізде іске асырылып жатқан реформалар мен даму бағдарламасының бірқатар жобаларына ауданды енгізіп, бөлініп жатқан орасан қаржының бір бөлігін алуға қолымыз жетсе, аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай едәуір жақсара түсер еді. Осы мәселенің шешілуін негізгі бағдар етіп ала отырып, төмендегі бағыттарда жұмыс істеймін:

– тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал ету, бұл үшін осы бағыттағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу арқылы ауданымызда шағын және орта бизнесті дамытуға атсалысу, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту арқылы округ аумағында жаңа ауылшаруашылық және өнеркәсіп орындарын ашуға ықпал ету. Сондай-ақ, жұмыспен қамту бағдарламалары аясында жаңа жұмыс орындарын ашу мен жұмыссыздарды қайта даярлауды ұйымдастыруға күш салу;

– елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуіне ықпал ету;

– елді мекендердегі көшелер мен жолдарды күрделі жөндеуден өткізу мәселесін шешуге атсалысу;

– халыққа мүлтіксіз қызмет етіп және реформалар нәтижесінде берілетін мүмкіндіктерді толыққанды пайдалана отырып ауылдың инфрақұрылымдарын дамытуға үлес қосамын;

– дамытуға бағытталған экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын бақылау;

– ауданымыздағы әлеуметтік объектілердің: емханалар, ауруханалар, мектептер мен балабақшалардың материалдық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ жаңа әлеуметтік объектілердің ашылуына ықпал ету;

– жастарды қолдауға арналған іс-шараларға ұйытқы болу, мәселелерін шешуге ықпал ету;

– білім беру саласында қордаланған мәселелерді шешуге, орта мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, балаларымыздың сапалы білім алуына жағдай жасауға күш салу менің сайлауалды бағдарламамның негізі бағыты. 

 Құрметті сайлаушылар!

Мен Еңбекшіқазақ өңірі тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.

Біз бірге мықты мемлекет құру жолында барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 667 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет