Жұма, 10 Наурыз 2023 11:27

№ 18 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат НАДЫРБАЕВ СЕРІК ДҮЙСЕБАЙҰЛЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен, Надырбаев Серік Дүйсебайұлы, 1968 жылы 5 қарашада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Алға ауылында дүниеге келдім. Білімім – жоғары. Еңбек жолымды 1984 жылдан бастадым. Қазіргі таңда «Алматы облысы білім беру мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы»  қоғамдық бірлестігінің  Еңбекшіқазақ аудандық комитеті филиалының төрағасы болып қызмет атқарудамын.

Отбасылымын: екі балам бар.

 Құрметті сайлаушылар!

Халық қалаулысы болу зор жауапкершілік жүктейді. Елдің сеніміне ие болу және сол сенімді ақтау орасан зор еңбектенуді, әрбір сайлаушының пікіріне құлақ асып, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысу деп білемін. Халықтың сенімінен шыға білсем, алдағы депутаттық мерзімге төмендегідей бағдарламамды ұсынамын.

Депутаттың негізгі мақсаты – өз округінің мәселелерін жетік білу, оны аудандық мәслихат отырыстарында көтере білу және оның шешілуіне тиісті қаржының бөлінуіне ықпал ету. Бұл бағытта белсене жұмыс істеп, сайлаушыларымның сенімінен шығуға тырысамын.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Еңбекшіқазақ ауданы – республика көлемінде ең ірі аудан. Тұрғындар саны бойынша да көш бастап тұр, 300 мыңнан асып-жығылады. Сондықтан, аудан аумағында, оның ішінде Бәйтерек ауылдық округінде де атқарылатын жұмыстар шаш-етектен. Ауданымыз – ауылшаруашылығына қолайлы мекен. Осыған орай, шаруа қожалықтарының санын арттырып, оларды қағазбастылықтан арылту – бүгінгі күннің мәселесі. Оларға субсидия мен мемлекеттен жеңілдетілген несие алып беруге де қол ұшымды созамын.

Сонымен қатар, округіміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің оң шешімін табуға атсалысамын. Елді мекендердің әлеуметтік-тұрмыстық түйткілдерінің түйінін тарқатуға септігімді тигіземін. Басқа да, білім беру, құрылыс, тұрғындарды әлеуметтік қамту, мүгедектерге қоғамда қолайлы жағдай жасау, балалар мен жасөспірімдердің құқығын қорғауда аянып қалмаймын.

Сол күрмеуі қиын күрделі мәселелердің шешімін тауып, ауылдық округімізді көркейтуге күш салу – менің басты міндетім деп білемін. Осы мақсатта алдағы 4 жылда атқарылатын жұмыстар:

– тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, әсіресе, жоғары оқу орнын жаңа бітірген білікті жастарды ауылға тарту, жұмысқа орналастыруға, мемлекеттік бағдарламалар аясында баспанамен қаматамасыз етуге күш салу;

– экономиканың негізгі тірегі – шағын және орта кәсіпкерлік. Бұл бағытта ауыл кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға, кәсіпкерлердің бастамаларына  қолдау көрсетуге, мемлекеттен берілетін көмектерге қол жеткізуге ықпал етемін;

– ауылдардағы инфрақұрылымды дамыту, тозығы жеткен жолдарды күрделі жөндеуден өткізу, ауызсу мәселесін шешуге, көшелерді жарықтандыру мақсатында еңбек етемін;

– мектептер мен емдеу мекемелеріндегі материалдық-техникалық ахуалды  нығайту, білім беру және медициналық қызмет көрсету сапасын  арттыруға  үлес  қосамын; 

– тұрғындардың өмір сүру жағдайын  көтеру; 

– жаппай спорт түрлерін дамыту, жастардың бастамалары мен жаңа жобаларына қолдау көрсету, жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттауға үлес қосамын;

– халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруы көбінесе экономиканың  дамуына байланысты болады. Сондықтан бірінші  кезекте  экономиканы  дамыту, ауыл  шаруашылығының тиімділігін қазіргі заман талабына сәйкес алдыңғы қатарлы елдердің деңгейіне жеткізу, ауылды жаңарту  мен көріктендіру мәселелерін шешуге ықпал етемін;

– біздің көпұлтты ауданымызда әртүрлі этнос өкілдері арасында достық қарым-қатынастың берік болуына, мемлекеттің ұлттық саясатының  аясында олардың рухани мәдениетін  дамытып, өркендетіп,  азаматтардың  саяси  мәдениетін қалыптастыруды басты назарда ұстаймын;

– тұрғындар арасындағы ұлтаралық қатынастар мен достықты нығайтуға үлесімді қосамын. Халықтар арасындағы мәдениетті, ұлттық салт- дәстүрді дамытуға белсенді жұмыс  жасаймын. Сонымен қатар қоғамдық кеңес мүшелерімен тығыз байланыс жасау арқылы түйткілді  мәселелердің оң шешімін табуға күш саламын.

Бүгін біздің елімізде билік пен халықтың арасын жақындатуға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Сіздер мен біздер куә болатын осы сайлау – соның айғағы деп білемін. Ел ертеңі үшін барлығымыз бірлесе отырып жұмыс атқарсақ, округіміз көркейіп, жарқын өмір сүруге  барлық жағдайдың жасалатынына сенімдімін. Бұл біздің қолымыздан келеді. 

Құрметті округ тұрғындары!

Маған сенім білдірсеңіздер, сіздердің зор сенімдеріңізді ақтап, Бәйтерек ауылдық округінің көркейіп, гүлденуіне аянбай қызмет етемін. Ауылымыздың ертеңі қандай болатыны сіз бен бізге байланысты. Сондықтан сіздерді сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс беруге шақырамын.

Сіздің дауысыңыз – өз жақын-жұрағаттарыңыз бен ауылдастарыңыздың бақытты жəне бақуатты өміріне қосқан үлесіңіз! Берекелі ауыл – табысты мемлекет!

Сайлауға келіңіз! Мен үшін дауыс беріңіз!

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 651 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет