Жұма, 10 Наурыз 2023 11:42

№ 17 сайлау округі бойынша Алматы облыстық мәслихат депутаттығына кандидат АЛИБЕК ЖАПЕКОВТЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен Алибек Жапекұлы, 1951 жылы 8 мамырда Кеген ауданы Қарақара (Құмтекей) ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келдім. 1968 жылы Шелек ауылы Абай атындағы орта мектепті аяқтап, тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында тоқыма станогі шебері жұмысын атқардым. 1971-73 жылдары Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышты өтеп, Алматы гидромелиоративтік техникумын, Жамбыл гидромелиорация және құрылыс институтын бітірдім. Кеңшарда құрылыс бөлімін 4 жыл басқардым. 1980 жылы партия жолдамасымен қызметім ауысып, қатардағы инспектордан Шелек аудандық ішкі істер бөлімі бастығы орынбасарына дейін көтерілдім. 1994 жылы Қарағанды жоғарғы милиция мектебін тамамдадым.

1995-98 жылдары Шелек аудандық салық полициясының бастығы, Алматы облыстық салық басқармасы ауданаралық салық тергеу бөлімінің бастығы, 1998-2000 жылдары ІІБ әкімшілік қызмет полиция патрулі басқармасының бастығы, 2002 жылы Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ штаб бастығы, аудандық паспорт столы бастығы,  2004-2009 жылдары Шелек өңірінде дербес әділет басқармасы мен ХҚКО орталығын ашуға күш жұмсап, мекемені ашып, зейнетке шыққанша басшылық жасадым. 

ҚазақССР ІІМ Үздігі белгісі, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы төсбелгісі, он медаль  иегерімін. Зейнеткермін.

 

Құрметті сайлаушылар!

Мәслихат депутаты болудағы мақсатым – өңірдің жан-жақты дамуына, халыққа қызмет ету және депутаттық мандат мерзімінде ауылдастарымның үмітін ақтауға барлық күш-жігерді жұмсау.

Ауыл тұрғындарымен жиі кездесу арқылы олардың тұрмыс жағдайымен танысып, талап-тілегін тыңдап, айтарлықтай мазалайтын мәселелерді дер кезінде атқарушы органдарға жеткізіп, депутаттық сауал беріп, орындалуын қадағалап, түйіткілдердің оң шешілуіне үлкен жауапкершілікпен қарауға депутат міндетті болуы керек. Қоғамдық қабылдауды уақтылы жүргізіп, азаматтар көтерген  мәселелер  бойынша жұмыс істеуге көп көңіл бөлемін.

Ауыл тұрғынының күнбе-күн тіршілігінде кездесетін проблемаларды, елді мекендер жанындағы жайылымға арналған жерлердің  қайтарылуын шешуге атсалысамын. Шаруашылықтарға жаңа технологияны енгізуге, өнімдерді сақтау, өңдеу мәселесіне мән беремін. Шаруа өнімдерін Алматы және Қонаев қалаларында делдалсыз сатуды, әлеуметтік базар мен дүкендерді, өңірде мал базары ашылуын қолға аламын.

Үлкен Алматы каналы мен шаруашылықтарға дейін келетін су жолына иелікті нақты анықтап, су жүгіретін лотоктарды орнатып, іске қостыруға, суды тиімді пайдалануға жауапкершілігін арттыру мәселесі шешімін табуына жұмыс жасаймын.

Алатау бөктеріндегі Қаратұрық, Қорам, Тескенсу елдімекен төңірегінде интенсивті алма бағы отырғызылған жерлерде, сонымен қатар, Қаражота, Масақ округтерінде жеміс сақтайтын қоймалардың салыну жоспарларын инвесторлармен тікелей байланыс жасап, нақты іске асуына көңіл бөлемін.

Жастармен мәдени іс-шараларын жүйелі түрде мағыналы өткізуіне, Асысаға, Қаражота, Сарыбұлақ, Тескенсу ауылдары жанында спорттық алаңдарды ретке келтіру, ат жарысын өткізуге ипподром, ұлттық спорт түрлерін дамыту, жас отбасыларына  баспана, жұмысқа орналасу мәселелерін жергілікті  басқару органдары, кәсіпкерлермен бірігіп, жұмысты жандандыру жоспарымда бар.

Көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі бала асырайтындар, асыраушысынан айырылған әлеуметтік осал топқа жататын  отбасыларға азық-түлік себеттері мен қаржылай көмек көрсетуге қолы ашық адамдармен жұмыс істеймін.

Жолаушылар таситын Қонаев қаласы – Шелек – Нұра  бағытын іске қосу және авто ЦОН ашылуы мәселесімен айналысамын.

Шелек – Қаражота – Ақтоған  бойынша ауыларалық жолдар, Асы, Қазақстан, Қаражота, Қаратұрық, Малыбай, Сөгеті  ауылдық округ елді мекендерінде ауызсумен толық қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғырту және құрылысына жобалау-сметалық құжаттарын дайындауды қадағалап, кезеңімен жүзеге асыруға мұрындық боламын.

Өңірдегі Бижанов, Қазақстан, Қайыпов, Қайрат, Қаражота, Қызылшарық, Қорам, Май, Масақ, Тескенсу ауылдарында мәдениет ошақтарын, Ақтоған, Достық, Қаражота, Сарыбұлақ ауылдарында білім ошақтарын, Қаражота, Қызылшарық ауылдарында дәрігерлік амбулатория ғимараттарын салуға жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге қаражат бөлінуіне тиісті мекемелермен қоян-қолтық араласып жұмыс істеуді жоспарладым.

Денсаулық сақтау мекемелерін бүгінгі күннің талабына сай жаңа медициналық құрал-жабдықтармен (жылжымалы флюорограф, экспертті класты УЗИ, цифрлық маммограф, видеоэндоскопиялық кешен, видеофиброскоп, жылжымалы рентген аппаратымен) қамтамасыз етілуіне мән беруге дайынмын.

Ақтоған, Қаражота, Көлді, Сарыбұлақ, Тескенсу ауылдарын электрмен жабдықтау үшін жобалау-сметалық құжаттама даярлатып, бұл жұмыстарды іске асыру үшін тиісті мекемелермен байланысып, ол жобалардың жүзеге асуына күш саламын.

Мемлекеттік қызметті онлайн түрде алуға мүмкіншілігі жоқ, білмейтін азаматтарға дүңгіршектерде отырып, цифрландыру ісін қаржы көзіне айналдырғандардың орнына  ХҚКО толық  атқаруына және  күш саламын.

Шелек ауданын қайта құруға, округтағы барлық мәселелерді халық  қалаулысы ретінде қараймын, орындалуын тексеремін, түсіндірме  жұмыстарын жүргізіп, оң бағытта  шешілуіне  атсалысамын.

Осы өңірде туып, нанын жеп, асын ішіп, ауасын жұтып өскен әр азаматтың туған жерге еңбек сіңіруі – азаматтық парыз деп санаймын.

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 639 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет