Жұма, 10 Наурыз 2023 11:55

№17 сайлау округі бойынша Алматы облыстық мәслихат депутаттығына кандидат АҚБЕРГЕН ҚИЯС ЖАПАРБЕКҰЛЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен, Ақберген Қияс Жапарбекұлы, 1965 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылында дүниеге келдім. 1982 жылы Есік қаласындағы А.Мәлкеев атындағы мектеп-интернатын бітірдім. Сол жылдан бастап еңбекке араласып, Алматы қаласында құрылыс мекемелерінде жұмыс істедім. 1984 жылы әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышымды өтедім. 1987 жылы Қазақ Политехникалық институтына түсіп, инженер-гидрогеолог мамандығын алдым. 1992 жылдан 2006 жылға дейін Шамалған станциясындағы астық комбинатында еңбек еттім. 2006 жылдан бастап «Киікбай» ЖШС-ін құрып, бүгінде осы мекеменің бас директоры, құрылтайшысымын. «ҚР құрметті құрылысшысы» атағының иегерімін.

Үйленгенмін, 4 балам бар.

 

Құрметті сайлаушылар!

Тәуелсіз Қазақстан бүгінде егемендіктің отыз екінші ақ таңын атырды. Экономикамыз қарыштап дамып, өзіміз армандаған биіктерді бағындырдық. Енді осы егемендігіміз бен ұлан-ғайыр жерімізді болашақ ұрпаққа қаз-қалпында жеткізу – біздің азаматтық борышымыз. Біз тек аманатты сақтап қана қоймай, одан әрі дамып, бәсекеге қабілетті болу үшін еңбектенуіміз керек. Бұл мақсатта RESPUBLICA партиясының жоспары ауқымды. Жасыратыны жоқ, аудан аумағында шешімін таппай тұрған түйінді мәселелер жоқ емес. Ақши, Қазақстан, Қаражота, Қаратұрық, Қорам, Масақ, Сөгеті, Бартоғай, Малыбай, Тескенсу, Шелек ауылдық округтерінде алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар легі менің сайлауалды бағдарламамның негізін құрайды.

Бәсекелестік дамыған күрделі кезеңде жұртшылықтың сенімін ақтап, мойынға артылған жүкке жауапкершілікпен қарау – мен үшін аса маңызды. Сондықтан, сайлаушылардың маған артқан сеніміне селкеу түсірмеймін.

 

Сайлауалды бағдарламамның негізігі бағыттары

Бірінші. Өзектілігі артқан 7 бағыт назарымда болады. 

1) Ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосамын. Шаруалар қауымының мәселесін шешуге, суармалы су тапшылығымен күреске бар күш-жігерімді жұмсаймын. Осы салада еңбек ететін азаматтардың мемлекеттен берілетін көмектерге, субсидияларға қол жеткізуіне ықпал етемін.

2) Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға күш саламын.

3) Көптеген ауылдарда мектеп, амбулатория мен фельдшерлік пунктердің сапасы сын көтермейді. Апатты жағдайдағы ғимараттар да жоқ емес. Осындай нысандарды жаңартып, ауылдарда жаңа білім ошақтары мен денсаулық сақтау мекемесінің бой көтеруіне атсалысамын. Сонымен қатар, оларды жаңа, заман талабына сай құралдармен жабдықтау менің сайлауалды бағдарламамның негізі.

4) Халықтың әлеуетін арттыру да мен үшін үлкен міндет болмақ. Жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздықпен күресу жолында барымды саламын. Көпбалалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының жағдайын жақсартуға атсалысамын.

5) Цифрландыру мәселесі де бүгінгі күннің күн тәртібінде тұр. Ауыл тұрғындарының сапалы әрі жылдам интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету бағытында аянбай тер төгемін.

6) Конфессияаралық татулық – еліміздегі тұрақтылық пен дамудың кепілі. Сондықтан да, 50-ден астам этнос өкілдері тұратын ауданымызда олардың салт-дәстүрін дәріптеуге, ана тілін дамытып, ұлтаралық татулықты сақтау жолында қызмет етемін.

7) Дамуға бағыт алған елімізді артқа тартатын, жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықпен күресуге бар күш-жігерімді саламын. Барлық салалардағы жемқорлық әрекеттеріне жол бермей, жемқорлықтың ел тәуелсіздігіне сызат түсіретіндігін тұрғындар санасына сіңіру жолында еңбек етемін.

Екінші, «Ауылын көріп, азаматын таны» демекші, туған жердің түтінін түзу ұшыру азаматтық парыз. Өзімнің кандидатурамды ұсынып отырған №17 сайлау округіне қарасты елді мекендердің жай-күйі маған аян. Сондықтан аталған округтерде нақты шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмын.

Ақши округіне қарасты Қайрат, Қазатком ауылдарындағы білім ошағы мен фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының тозығы жеткен. Әлеуметтік нысандарға жаңа ғимарат салу үшін бар күшімді жұмсаймын. Бұл түйіткілдің де түйінін тарқату үшін еңбек етемін.

Қазақстан округіндегі әлеуметтік нысандар мәселесі өз кезегімен оң шешімін тауып келеді. Десек те, тұрғындар саны артқан сайын жаңа қиындықтар туындауда. Айталық, Қазақстан, Ащыбұлақ ауылдарындағы ауызсу құбыры ескірген, кәріз жүйелеріде осындай жағдайда. Жалпы күрделі жөндеуді қажет етеді. Ащыбұлақ ауылындағы А.Бубенцов атындағы орта мектепке де жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Аталған ауылдың жолдарын жарықтандыру жұмыстарына ықпал ету де менің жоспарымда.

Қаражота округіндегі білім ошақтары, мәдениет ордалары мен денсаулық сақтау нысандарының барлығы дерлік өткен ғасырда салынып, әлі күнге дейін жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Алдымен Қаражота ауылындағы халық қаһарманы Б.Момышұлының есімімен аталатын орта мектепті қайта жаңғыртып, осындағы оқушылардың алаңсыз сапалы білім алуына күш саламын. Сонымен қатар, Қаражота, Ақтоған, Сарыбұлақ ауылындағы әлеуметтік нысандарды жөндеуден өткізуге ықпал етемін.

Қаратұрық округінде де жүзеге асырылатын жұмыстар көп. Дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі мен полиция пункін салу, тұрмыстық қалдықтар тастайтын қоқыс алаңының мәселесін шешу жұмыстары менің сайлауалды бағдарламамда қамтылған.

Қорам ауылында мәдениет үйінің, спорт кешенінің, полиция пунктінің бой көтеруіне жағдай жасап, округтің басқа да инфрақұрылым мәселелерінің шешілуі жолында жұмыс жасаймын.

Масақ округіне қарасты Қ.Ұлтарақов ауылындағы Масақ орта мектебінің, Нұрлы ауылындағы орта мектептің ғимараты ескірген. Олқылықтың орнын толтыру үшін еңбек етіп, білім ошақтарын қайта жаңғыртуға күш саламын.

Сөгеті округі ауданымыздың шығыс шекарасы екендігін баршамыз жақсы білеміз. Нұра ауылындағы мәдениет үйін жөндеуден өткізуге атсалысамын. Сонымен қатар, Көкпек ауылындағы әлеуметтік нысандарды қалпына келтіруге күш саламын. Сондай-ақ, өңірдегі баламалы энергия өндіруді одан әрі дамытуға ықпал етемін.

Бартоғай округіне қарасты екі орта мектепті қайта жаңғыртып, бартоғайлық балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау үшін күш-жігерімді аямай тер төгемін.

Малыбай ауылындағы әлеуметтік нысандардың мәселесін шешуге, округке қарасты Көктерек бөлімшесіне елді мекен статусын беруге күш саламын. Сол арқылы Көктерекке инфрақұрылым жүргізіп, азаматтарға қолайлы жағдай жасауға ықпал етемін.

Тескенсу округіндегі өткен ғасырда бой көтерген Жамбыл атындағы орта мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұдан бөлек бірқатар әлеуметтік нысандардың да жайы осындай. Аталған проблемаларды шешу үшін еңбек ететін боламын.

Шелек ауылы кезінде аудан орталығы болған елді мекен, мұнда атқарылған игі жұмыстар баршылық. Атқарылатын шаруалар да жеткілікті. Әсіресе, кәріз жүйесі мен жолдарды жөндеуден өткізуге күш салу – менің негізгі мақсатым. Бұдан бөлек, ауылды абаттандыру да назардан тыс қалмайды.

 Құрметті сайлаушылар!

Мен киелі Жетісу жерінде дүниеге келіп, осы жерде өсіп-өндім. Туған өлкемнің шешімін таппай тұрған мәселелері мен түйінді проблемалары маған таныс. Егер маған қолдау білдіріп, дауыс берсеңіздер олардың шешу жолдарын қарастырып, тұрғындардың әлеуетін арттыруға барымды саламын.

Тәуелсіздік тұғырын бекем етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту жолында талмай тер төгіп, Қазақстанды бірге көркейтейік!

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 318 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет