Жұма, 10 Наурыз 2023 12:06

№ 16 сайлау округі бойынша Алматы облыстық мәслихат депутаттығына кандидат КУРАМЕТОВА ГУЛЬНАРА СЪЕЗДБЕКҚЫЗЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен Кураметова Гульнара Съездбекқызы, 1964 жылдың 21 тамызында Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылында дүниеге келдім. 1987 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі бойынша тәмамдадым. Іскерлік әкімшілендіру магистрімін, 2021 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің Іскерлік әкімшілендіру докторантурасының тыңдаушысымын.

Еңбек жолымды 1987 жылы  Жамбыл облысының облыстық ауруханасында дәрігер-интерн болып бастадым. 1988-1991 жылдары Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық ауруханасында учаскелік терапевт дәрігер, 1991-1994 жылдары Алматы облысы Шелек орталық аудандық ауруханасында учаскелік терапевт дәрігер болып істедім. 1994-2018 жылдар аралығында Еңбекшіқазақ орталық ауданындық ауруханасында учаскелік терапевт дәрігер, Жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, директор қызметтерін атқардым. 2018 жылдан Шелек ауылының №1 Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының директорымын.

«АМАNАТ» партиясының белсенді мүшесімін. 2015, 2019 жылдары Президенттік сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатыстым. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік сайлауын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысып, облыстық штаб мүшесі болып көптеген жұмыстар атқардым.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының аудандық маслихатының V, VI шақырылымының депутаты, 2021 жылы VII шақырылған Алматы облыстық маслихат депутаты болып сайландым.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Халық Алғысы» медальдерімен, «Алтын дәрігер» төсбелгілерімен марапатталғанмын.

Отбасылы, үш баланың анасымын.

 

Құрметті жерлестер!

«АMANAT» партиясының Алматы  облыстық филиалы жанындағы «Ұлт денсаулығы» мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде әріптестеріммен бірлесіп келесі жұмыстарды жүргіздік.

Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылдық округі, Қорам ауылында дәрігерлік амбулатория салынды. Май, Лавар, Көлді, Толқын, Торғайбазы, Көкпек ауылдарында медициналық пункт салынып жатыр. Шелек ауылдық ауруханасы күрделі жөндеуден өтті. Шелек ауылдық округіне қарасты Қызылшарық ауылында дәрігерлік амбулаториясының сметалық құжаттамалары дайындалып, осы жылы құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Тескенсу ауылында дәрігерлік амбулаториясы және Сарыбұлақ ауылындағы орта мектептің сметалық құжаттамалары дайындалып жатыр.

ҚР Президентінің биылғы 19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісіне және жергілікті мәслихаттарға депутаттар сайлауын тағайындау туралы Жарлығы шыққаннан кейін облыстық мәслихаттың кандидаты ретінде тіркелуге бел будым. Өлкемізді жан-жақты дамытудың барлық мәселелері облыстық мәслихат депутаттары арқылы шешіліп келеді. Алматы облысында да шешімін күткен мәселелер жетіп-артылады. Өлкеміздің қай жерінде де тұрғындар өздерін толғандырып жүрген ірілі-ұсақты барлық мәселелерін алдымен өздері сайлаған депутаттарға айтып жатады. Өйткені, депутат – халық сенімін иемденген тұлға, аманат жүгін арқалаған азамат.

Бүгінгідей күрделі кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім-кімге де сын болатынын жақсы сеземін.

Құрметті сайлаушылар!

Біздің басты мақсатымыз – әділ Қазақстан құру.  Сондықтан, мен өзіме бірқатар міндеттер қойдым. Облыстық мәслихат депутаты ретінде менің мақсатым оларды шешуге бағытталатын болады.

Газ мәселесі бойынша

  1. Каракемер, Сатай, Талдыбұлақ, Кырбалтабай ауылдарын газбен қамтамасыз етуге;

Денсаулық сақтау мәселесі бойынша

  1. Рахат, Өрікті, Тескенсу ауылдарына ауылдық дәрігерлік амбулатория салуға;
  2. Ақтоған, Сатай ауылдарына фельдшерлік-акушерлік пункт салуға;
  3. Құлжа, Ақжал ауылдарына медициналық пунктер салуға атсалысатын боламын.

Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша

  1. Жолдардың барлық түрлерін және олардағы қауіпсіздікті жақсарту, көшелерді жарықтандыру, ауызсу құбырын жүргізуге ықпал етемін.

Жаңа әлеуметтік саясат аясында

  1. Жергілікті жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамтуға;
  2. Баспанамен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша жас жанұялар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуге;
  3. Жастар бастамаларын барынша қолдай отырып, олардың тегін оқып, мамандық алуына жағдай жасауға күш саламын.

Сапалы білім үшін жағдай жасау:

  1. Сатай, Сарыбұлақ, Қаракемер ауылдарында мектеп құрылыстарына ықпал етемін.

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен Алматы облысы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын!

Біз бірге алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 701 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет