Жұма, 10 Наурыз 2023 12:12

№ 23 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ДАИМБАЕВ САЯТ АКАНОВИЧТІҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен Даимбаев Саят Аканович, Алматы облысы Шелек ауданында 1971 жылы 27 қазанда дүниеге келдім. 1997 жылдан бастап осы күнге дейін Тескенсу ауылындағы «Сапи» шаруа қожалығының басшысы болып қызмет атқарудамын. 

Отбасылымын, үш ұлым, екі немерем бар.

 

Құрметті жерлестер!

Аудандық мәслихат депутатының негізгі міндеті – бұл өзіне сенім артқан округті елімізде қабылданып жатқан түрлі әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардан тыс қалдырмай, енгізуге және тиісті қаржының бөлінуіне барынша атсалысу.

Осы өңірдің тумасы ретінде округтегі елді мекендердің мәселелері маған етене таныс және оларды шешу үшін қандай шаралар қолдану керек екендігі маған мәлім. Мен сайлаушыларыма құрғақ уәде беріп, жүзеге аспайтын жобаларды ұсынбаймын, себебі, аудандық мәслихат депутатының қолында ешқандай әкімшілік-қаржылық ресурстар жоқ. Депутаттың негізгі мақсаты – өз округінің мәселелерін жетік білу, оны аудандық мәслихат отырыстарында көтеріп, оң шешімін табуына тиісті қаржының бөлінуіне ықпал ету. Бұл мақсатты іске асыруға даярмын. Депутаттың халық пен билік ортасындағы жаршысы екендігін ескере отырып, төмендегідей ұсынылған жұмыс бағыттарының іске асуына аянбай атсалысамын. 

Құрметті сайлаушылар!

Қазіргі кезде елімізде іске асырылып жатқан реформалар мен даму бағдарламасының бірқатар жобаларына ауданды енгізіп, бөлініп жатқан орасан қаржының бір бөлігін алуға қолымыз жетсе, аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай едәуір жақсара түсер еді. Осы мәселенің шешілуін негізгі бағдар етіп ала отырып, төмендегі бағыттарда жұмыс істеймін:

– Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал ету, бұл үшін осы бағыттағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу арқылы ауданымызда шағын және орта бизнесті дамытуға атсалысу;

– Отандық және шетелдік инвестицияларды тарту арқылы округ аумағында жаңа ауылшаруашылық және өнеркәсіп орындарын ашуға ықпал ету, сондай-ақ, жұмыспен қамту бағдарламалары аясында жаңа жұмыс орындарын ашу мен жұмыссыздарды қайта даярлауды ұйымдастыруға күш салу;

– елді мекендерді сумен және газбен қамтамасыз ету мәселелерінің шешілуіне ықпал ету.

– елді мекендердегі көшелері мен жолдарды күрделі жөндеуден өткізу мәселесін шешуге атсалысу, көшелерді жарықтандыруға ықпал ету;

– халыққа мүлтіксіз қызмет етіп және реформалар нәтижесінде берілетін мүмкіндіктерді толыққанды пайдалана отырып, ауылдың инфрақұрылымдарын дамытуға үлес қосамын.

– дамытуға бағытталған экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын бақылау;

– ауданымыздағы әлеуметтік объектілердің емханалар, ауруханалар, мектептер, мәдениет үйі, кітапханалар мен балабақшалардың материалдық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ жаңа әлеуметтік объектілердің ашылуына ықпал ету;

– жастарды қолдауға арналған іс-шараларға ұйытқы болу, олардың мәселелерін шешуге ықпал ету, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға атсалысу.

Құрметті сайлаушылар!

Әркім өз өңірінің өсіп, өркендеуін қалайтыны сөзсіз. Осы орайда әуелі әрекет қажет. «Ел үшін еңбек ету – ер міндеті» дей отырып, сіздердің баталарыңызды алып, сенімдеріңізді ақтау үшін атқа қондым. Осы орайда жерлес-терімді саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырамын. Сайлауда әр азаматымыздың дауысы зор маңызға ие екенін ескерейік.

Мен Еңбекшіқазақ өңірі тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.

Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 615 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет