Жұма, 10 Наурыз 2023 14:08

№ 19 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ТАИРОВ ИЛАХУН МАРУПОВИЧТІҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен, Таиров Илахун Марупович, Еңбекшіқазақ ауданында 1971 жылы 26 қыркүйекте дүниеге келдім. 1989 жылы №7 кәсіптік лицейін аяқтадым. Еңбек жолымды 1989 жылы қарапайым жұмысшы ретінде бастадым. Қазіргі таңда жеке кәсіпкермін.

 

Құрметті жерлестер!

Белсенді, еліне жаны ашитын азамат ретінде ауданымызды дамыту, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсарту жолында еңбек ктуге дайынмын. 

Еңбекшіқазақ ауданының білім беру саласындағы әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға, халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдауға, осы салалардағы мәселелерді шешуге барымды саламын.

Құрметті сайлаушылар!

Менің сайлауалды бағдарламам елді мекендерді дамытуға, азаматтардың жағдайын жақсартуға бағытталған:

– Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ықпал ету;

– Елді мекендердегі ауыз су құбырларын жөндеу және оны иелікке өткізу мәселесін алға тарту;

– Елді мекендердегі ауыл көшелерін жөндеу жұмыстары, абатандыру, жарықтандыру мәселесін қарастыру;

– Елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға үлес қосамын;

– Округіміздегі тозған жолдарды қазіргі заманғы жоғары сапалы технология бойынша қайта жөндеу, жарық шамдары жоқ көшелерді жарықпен қамтамасыз ету, саябақтар салу, балалардың ойын алаңдарын көбейту. Көшелерді, аулаларды қоқыстан, қыс мезгілінде қардан уақтылы тазарту. Көшелерде арнайы белгілер мен бағдаршамдар орнату, автотұрақ орындарын көбейту;

– Экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын бақылау;

– Емханаларда халыққа қызмет көрсетудің қол жетімсіздігін шешуге күш салу. Ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық саламттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды күшейту арқылы сырқат­та­ну­шы­лықты төмендету және халықтың денсаулығын одан әрі нығайтуды, емханалардың халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту, емхана салу, білікті дәрігер мамандарын тарту, олардың біліктіліктерін арттыру курстарын ұйымдастыру. Соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға үйде медициналық көмек көрсету, сондай-ақ, осы мақсатта мамандандырылған санитарлық автокөлік қызметін жүзеге асыруға күш салу;  

– Мектептер жетіспеушілігін шешу. Мектептерде оқушылардың саны шамадан тыс болғандықтан, үш ауысымды кезекпен оқуға мәжбүр. Сондықтан жаңа мектеп салу мәселесін шешу – кезек күттірмейтін мәселе. Мектептердегі мұғалімдердің біліктілігін көтеру. мектептерде оқушыларды сапалы тамақпен қамтамасыз етуге ықпал ету;

– Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, жетім бала­лар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдаудың аздығы. Азық-түлік бағасы мен тұрмыстық-коммуналдық қызметтерге тарифтердің қымбаттауының себебінен осы санаттағы азамат­тарға төленетін өтемақылар мардымсыз. Сондықтан бұл санаттағы азаматтарға осы бағытта әлеуметтік жеңілдіктер қарастыру, мекенжайлық әлеуметтік (азық-түлік) көмек көрсетуді қол жетімді етуге атсалысу;         

– Округтегі қоғамдық тәртіп мәселесі. Қоғам­дық тәртіпті күшейту, учаскелік инспектордың тұрғын­дар­мен жұмыс істеу сапасын жақсарту, патрульдік полиция қызметтерін толық қамтамасыз етуге күш салу;

– Жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаратын ұстаздар  мен медициналық қызметкерлерге санаторий және демалыс үйлеріне жылына бір рет тегін демалу мәселесін қарастыру;

– Жаңа әлеуметтік объектілердің ашылуына ықпал ету;

 

Құрметті округ тұрғындары!

Бүгінде ел Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа қажетті реформаларды жасау өзінің басты міндеті екенін айтып, әрі қарай мемлекетті дамыту, ауқымды-экономикалық өзгерістер жасау үшін саяси жаңғыруды іске асыруда. Қасым-Жомарт Тоқаев әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы ерекше маңызы бар нақты бастамаларды қолға алуда. Әрине, Президенттің бұл бастамалары іске асуы үшін, ең бастысы, әр адам өзін өзгертуі керек. Әр Қазақстан азаматының белсенділігі, ұлттық мүдде жолында ауызбіршілік танытуы, Президент айтып отырған жаңа саяси мәдениетті көрсетеді. Барлығымыз жаңа Қазақстанды құруға белсенділік көрсету болашақ алдындағы парызымыз деп білейік. Маған сенім білдірсеңіздер, сіздердің зор сенімдеріңізді ақтап, ауданымыздың көркейіп, гүлденуіне аянбай қызмет етемін.

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 432 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет