Жұма, 10 Наурыз 2023 14:16

№ 20 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ТУКЕЕВ ЕРБОЛАТ АЛАМШАҰЛЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен Тукеев Ерболат Аламшаұлы, 1990 жылы 5 ақпанда қазіргі Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында дүниеге келдім. 1996 жылы аталған елді мекеннің Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебіне қабылдандым. 2001 жылы отбасымызбен Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қойшыбек ауылына көшіп келдім. 2007 жылы Қойшыбек орта мектебін тәмамдап, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеттің қаржы мамандығына түстім. 2013-2015 жылы аралығында аталған жоғары оқу орнының қаржы факультетінің магистратурасын оқып, білімімді шыңдадым. 2020-2022 жылдары академик Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетін математик-физик мамандығы бойынша тәмамдадым.

2012 жылы Қазақстан Халық Банкінде кассир лауазымында еңбек жолымды  бастадым. 2016-2017 жылы аталған банкте жетекші менеджер болдым. Қазіргі таңда жеке кәсіпкермін.

Отбасым бар, үш баланың әкесімін.

 

Құрметті сайлаушылар!

Біздің ауданымыз еліміздегі ең ірі мегаполис Алматы қаласына жақын орналасқандықтан, шағын және орта бизнесті дамытудың маңызы өте зор. Қазіргі уақытта елімізде көптеген реформалар мен даму бағдарламалары жүзеге асып жатыр. Осы жаңа жобаларға ауданды енгізіп, бөлініп жатқан орасан қаржының бір бөлігін алуға қолымыз жетсе, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарар еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Болашақ жастардың қолында, мемлекетті, жергілікті атқарушы органдарда тәжірибелі жастарды басқару ісіне тарту керек!» – деген еді. Осыған байланысты елімізде мемлекеттік қызмет бойынша жастар кадрлық резерві жүзеге асуда. Мемлекет басшысының бұл сөзі біз сияқты жастарға талмай жұмыс жасауға тың серпін берді.  «Асыл – тастан, ақыл – жастан» деп дана халқымыз тегін айтпаса керек. Халқымыздың түп тамыры ауыл болған соң, ең бірінші ауыл үшін қызмет жасау – менің азаматтық парызым. «Ауылым – алтын бесігім» деген қасиетті сөз әрдайым менің жүрегімде.

«Жас келсе, іске» демекші, көлге тамған тамшыдай болса да еліме мемлекетіме қызмет жасап, округ тұрғындарының қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында мен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде өз сайлауалды бағдарламамды ұсынып отырмын.

Осы мәселенің шешілуін негізге ала отырып, төмендегі бағыттарға сәйкес жұмыс істеймін:

– Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ықпал ету;

– Елді мекендердегі ауыл көшелерін жөндеу жұмыстары, абаттандыру, жарықтандыру мәселесін қарастыру;

– Елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға үлес қосамын;

– Экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын бақылау;

– Ауданымыздағы әлеуметік объектілердің: емханалар, ауруханалар, мектептер мен балабақша, спорт алаңдарының материалдық жағдайын жақсартуға ықпал ету;

– Жаңа әлеуметтік объектілердің ашылуына ықпал ету.

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен Еңбекшіқазақ өңірі тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын. Сіздердің алдарыңызда өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынып, аудандық мәслихат депутаттығында үміткер  ретінде алдағы сайлауға түсу мен үшін үлкен жауапкершілік деп түсінемін. Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу арқылы ауданымыздың келбеті толықтай өзгеретініне сенімдімін, сол себептен сіздерден үлкен қолдау күтемін. Осы жолда аянбай еңбек етуге әзірмін. Күнделікті өмірде жоғарыда аталған мәселелерден басқа да проблемалар туындайтыны сөзсіз. Сондықтан барлығымыз бірге жұмылып, бұл мәселелердің оңай шешімін таба аламыз! Сіз жақсы өмір сүруге лайықсыз!

Егер де сайлау барысында сіздердің қолдауларыңызға ие болып жатсам, халық қалаулысы ретінде жұмыс жасап, ауылымызды дамыту маған арқаланған үлкен жүк деп білемін!

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 616 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 06, 2025

Шетелге шығатын саяхатшыларға…

Әлемдік туризмнің дамуы азаматтардың шетелге шығу мүмкіндігін арттыруда. Дегенмен, әрбір…
Қаз 06, 2025

Фортификация дегеніміз не?  

Фортификация – белгілі бір азық-түлік өнімдеріне дәрімендер мен минералдар сияқты…
Қаз 06, 2025

Балық өнімдерінің қауіпсіздігі

Балық және балық өнімдері халық денсаулығы үшін аса құнды тағам болып табылады. Оның…
Қырқ 30, 2025

Бруцеллез-аса қауіпті ауру!

Бруцеллез (сарып) - жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллезбен…
Қырқ 23, 2025

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің…

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі – халықтың денсаулығын қорғау, сапалы…
Қырқ 23, 2025

Педикулездің алдын алу туралы

Педикулез (лат. *pediculosis*) — адамның терісі мен түктерінде паразиттік тіршілік ететін…
Қырқ 23, 2025

Биологиялық белсенді заттарды…

Халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан…
Қырқ 23, 2025

«Тұрғын үй мен ғимараттарды…

Қоғамдық денсаулықты сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет