Жұма, 10 Наурыз 2023 14:31

№ 6 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат НҰРДАУЛЕТ САБИРА АБДЫВАЛИЕВНАНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен, Нұрдаулет Сабира Абдывалиевна, 1989 жылы 19 қаңтарда Алматы облысы Қонаев (Қапшағай) қаласында дүниеге келдім. Жоғары білімім бар: 2000 жылы  Қайнар Академиясына оқуға түсіп, «Шетел тілі» мамандығы бойынша кәсіптік жоғары білім алдым. Еңбек жолымды 2017 жылы Көктөбе орта мектебінде мұғалім болып бастадым. 2021-2022 жылдары Әймен орта мектебінде директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Қазіргі таңда облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығында әдіскермін.

Тұрмыс құрмағанмын.

 

Құрметті жерлестер!

Аудандық мәслихат депутаты ретінде алға қойған нақты мақсаттарға қол жеткізу үшін нақты бағдарламалық жоспарлар әзірлеп, сол бағдарламалардың жүзеге асуы үшін барымды салуға дайынмын.

«АMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде әріптестеріммен бірлесіп бірқатар жұмыстар жүргіздім.

Еңбекшіқазақ ауданының білім беру саласындағы әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға, халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдауға, осы салалардағы мәселелерді шешуге белсене қатыстым.

Алдымызда келе жатқан ауқымды саяси науқан еліміздің, ауылдарымыздың жарқын келешегін айқындайды. Ауыл – елдің жүрегі. Сондықтан, елді мекендерді дамытып, онда тұратын азаматтарымызға жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Жастарды жұмыспен қамту, балалардың білім алуына жағдай жасау, әлеуметтік осал топтарға қолұшын созу, жас мамандарды жұмысқа тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлер мен шаруаларға қолдау көрсету арқылы елімізді жаңа белестерге шығарамыз. Осы жолда барымды салып еңбек етуге, сайлаушылардың үмітін арқалап, халық қалаулысы атануға бел будым. 

Ел Тәуелсіздігін нығайту үшін алдымен құқықбұзушылық пен қылмысты түбегейлі жоюымыз қажет. Бүгінде осы мақсатта аз істер атқарылып жатқан жоқ. Жергілікті полиция қызметі құрылды. Ендігі кезекте, жергілікті полициямен біріге отырып, құқықбұзушылыққа қарсы тұруымыз керек. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік пен заң бұзушылықтардың алдын алып, оларға дұрыс тәрбие беру. Менің сайлаушыларым маған үміт артса, осы мәселені қолға аламын.

Ел болашағы – жастар. Енді ғана тамыр жайып келе жатқан талшыбықтарды түзу өсіріп, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру керек. Болашақта жастардың тәрбиесін қолға алып, мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына, ауылдағы әлеуметтік мекемелерге жастарды жұмысқа тартуға, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға мемлекеттік бағдарламалар аясында көмек көрсетуге атсалысамын.

Елді мекеннің тазалығы да басты назарда болуы тиіс. Ауылды абаттандыру арқылы сол мекенге көрік беріп қана қоймай, жергілікті адамдарды жұмыспен қамтамасыз ететін боламыз. Сонымен қатар, көшелерді жарықтандыру, ауызсу, жол мәселелерінің оң шешім табуына да бар күшімді саламын.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Біздің басты мақсатымыз – әділ Қазақстан құру! Осы мақсатқа жету жолында мен өзіме бірқатар міндеттер қойдым, оларды аудандық мәслихат депутаты ретінде орындауға дайынмын. Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары төмендегідей:

– елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ықпал ету;

– елді мекендердегі ауызсу құбырларын жөндеу және оны иелікке өткізу мәселесін алға тарту;

– елді мекендердегі ауыл көшелерін жөндеу жұмыстары, абаттандыру, жарықтандыру мәселесін қарастыру;

– елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға үлес қосу;

– экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын бақылау;

– ауданымыздағы әлеуметік объектілер: емханалар, ауруханалар, мектептер мен балабақша, спорт алаңдарының материалдық жағдайын жақсартуға ықпал ету;

– жаңа әлеуметтік объектілердің ашылуына ықпал ету;

– ауылшаруашылығы саласын дамыту, шаруалардың мәселесін шешуге, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекке қол жеткізуіне ықпал ету;

– шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;

– маргинал жастарға қолдау көрсету, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу;

– әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету және осындай отбасында тәрбиеленетін балалардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына жағдай жасау;

– ауылды көркейту және сол үшін елді мекендерге инвесторлар тартуға жағдай жасау;

– мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық орындарда кедергісіз жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау;

– балалардың ойын алаңдарын жасауға, жаттығу алаңдары мен спорт секцияларын ашуға ықпал ету.

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен Еңбекшіқазақ өңірі тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын. Саяси науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауыңызды жасаңыз!

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 388 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…
Маус 26, 2025

Ақпарат айдынында

28 маусым күні елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні аталып өтеді.…
Маус 26, 2025

Көз көрген

1992 жылы Тәуелсіздігімізге жыл толды. Өзіміздің Ата заңымыз, Ел басымыз, Мемлекеттік…
Маус 26, 2025

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі…

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен…
Маус 26, 2025

МВД: Пранки не повод нарушать закон

Министерство внутренних дел обратилось к "пранкерам", передает Polisia.kz. - Уважаемые…
Маус 26, 2025

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады, -…
Маус 25, 2025

Жазғы шомылу маусымы: жағажайлардың…

Алматы облысында жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарының…
Маус 24, 2025

Алматы облысы әкімінің өкімімен…

Бақытнұр Бақытұлы 1986 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Нархоз университетін…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет