Жұма, 10 Наурыз 2023 14:38

№ 8 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ЖАНТАСОВ БАУЫРЖАН РУСЛАНҰЛЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен, Жантасов Бауыржан Русланұлы, Алматы облысында дүниеге келдім. Еңбек жолымды 2003 жылы Екібастұз қаласында АО КЕГОК компанисында электрослесарьдан бастап, еліміздің біраз қалаларында мамандығым бойынша түрлі лауазымда қызмет атқардым. Қазіргі таңда «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамында өндірістік-техникалық басқармасының басшысы болып қызмет атқарудамын.

Отбасылымын: екі ұл, бір қызым бар.

 

Құрметті жерлестер!

Еліміздің алдында тұрған келесі міндет бұл – экономиканы дамытып, халқымыздың әл-ауқатын арттырып, дамыған елдер қатарына қосылу.

Аудандық мәслихат депутатының негізгі міндеті – бұл өзіне сенім артқан округті елімізде қабылданып жатқан түрлі әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардан тыс қалдырмай, енгізуге және тиісті қаржының бөлінуіне барынша атсалысу.

Депутаттың негізгі мақсаты – өз округінің мәселелерін жетік білу, оны аудандық мәслихат отырыстарында көтеріп, оң шешімін табуына тиісті қаржының бөлінуіне ықпал ету. Бұл мақсатты іске асыруға даярмын. Депутаттың халық пен билік ортасындағы жаршысы екендігін ескере отырып, төмендегідей ұсынылған жұмыс бағыттарының іске асуына аянбай атсалысамын.

«АMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы ретінде әріптестеріммен бірлесіп, бірқатар жұмыстар жүргізетін боламын.

Бүгінгі күні өзекті болып отырған басты мәселелер: экологиялық мәселелер, шағын және орта бизнесті, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту, тұрғындардың аз қамтылған әлеуметтік топтарының әл-ауқатын арттыру және оларға қолдау көрсету, жол жағдайы, ішкі туризмді дамыту және басқа да кезек күттірмейтін мәселелерді шешу.

Аймақта ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Алайда, менің ойымша, келесі мәселелерге де назар аударған жөн. Атап айтқанда:

– көшелерді толығымен жарықтандырып, жолдарды күрделі жөндеуден өткізу мәселесін шешуге атсалысамын;

– сумен қамтамасыз ету мәселесін шешілуіне ықпал етемін;

– халыққа мүлтіксіз қызмет етіп және реформалар нәтижесінде берілетін мүмкіндіктерді толыққанды пайдалана отырып, ауылдың инфрақұрылымдарын дамытуға үлес қосамын;

– дамуға бағытталған экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын бақылауда ұстаймын;

– ауданымыздағы әлеуметтік объектілер: емханалар, ауруханалар, мектептер мен балабақшалардың материалдық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ жаңа әлеуметтік объектілердің ашылуына ықпал етемін;

– жастарды қолдауға арналған іс-шараларға ұйытқы болу, олардың мәселелерін шешуге күш саламын;

– ауыл шаруашылығын өркен-детуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың округте  кедергісіз орындалуын іске асыру;

– елді мекендерді көгалдандыру, көркейту, абаттандыру жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін;

– ауыл тұрғындарының тұрмысын, әлеуметтік-мәдени жағдайын көтеруге, жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттауға, патриоттық сезімді арттыру бағытында жұмыс жасаймын;

– қоғамымыздағы ұлтаралық татулықты сақтау, ынтымақтастықты арттыру жолында еңбек етемін;

– шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлердің мемлекет тарапынан берілетін көмектерге қол жеткізуіне күш саламын;

–  демеушілік жолымен тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға оқу жылы барысында материалдық көмек көрсетуді қамтамасыз етемін. Сонымен қатар, ауылдағы дарынды балалардың  республика көлеміндегі іс-шараларға қатысуына ықпал етемін;

– округке қарасты тұрғындардың әлеуметтік мәселелерінің шешімін табуға қолыұшын беремін. Сайлаушылармен үнемі байланыста болып, олардың ұсыныстарын мәслихат сессияларында және тиісті мекемелерге жеткізіп, олардың орындалуына тікелей араласамын.

 

Құрметті округ тұрғындары!

Менің сайлауалды бағдарламамда белгіленген болашақ жұмысымның негізгі бағыттары аудан тұрғындарының өмірін, денсаулығын және әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Осы бағдарламамды жүзеге асыруға бар білімімді, тәжірибем мен күш-жігерімді жұмсауға әзірмін.

Менің басты мақсатым – аудан игілігі!

Маған сенім білдірсеңіздер, сіздердің зор сенімдеріңізді ақтап, Балтабай ауылдық округінің көркейіп, гүлденуіне аянбай қызмет етемін!

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 685 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет