Жұма, 10 Наурыз 2023 14:44

№ 9 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ТУНКАЕВА ЛЕЙЛЯ АУЕЛХАНОВНАНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен, Тункаева Лейля Ауелхановна, 1974 жылдың 21 ақпанында Алматы қаласында дүниеге  келдім. Жоғары білімім бар: 2005 жылы  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына оқуға түсіп, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша оқуымды аяқтадым. Еңбек жолымды 1993-1994 жылдар аралығында Алматы қаласындағы №84 мектеп-гимназиясында мұғалім болып бастадым. 1995 жылдан бастап «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абылай хан атындағы №4 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 2008-2018 оқу жылдары аралығында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2018 жылы «Абылай хан атындағы №4 орта мектеп» КММ директорының міндетін атқарушы, 2019 жылдан бастап аталған мектептің директоры болып тағайындалып, бүгінгі күнге дейін қызметімді атқарып келемін.

2020-2022 жылдар аралығында «AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы мәслихатының VII шақырылым депутаты болдым. Білім саласына қосқан үлесім үшін ҚР Президентінің, ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хаттарымен марапатталдым.

Отбасылымын, үш балам бар.

 

Құрметті жерлестер!

Аудандық мәслихат депутаты ретінде алға қойған нақты мақсаттарға қол жеткіздім. Бөлек селолық округі әкімінің аппаратымен бірлесе отырып халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында маңызды мәселелерді шешуде өз үлесімді қостым.

Еңбекшіқазақ ауданының білім беру саласындағы әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларын әзірлеуге және оларды іске асыруға, әр түрлі әлеуметтік санаттағы халықты қолдауға, осы салалардағы түйіткілді мәселелерді шешуге белсене қатыстым. Өз атымнан демеушілік танытып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әрдайым көмек көрсеттім.

 

Құрметті сайлаушылар!

Ел сенімі мен үшін биік мәртебе және үлкен абырой деп білемін. Әрбір ел азаматы: «Мен мемлекетіме не бере аламын?» деген толғаныста жүрсе, әрі өз әрекетімен еліміздің отыз озық мемлекеттер қатарына енуіне ықпал ететін болса, еліміздің іргесі сөгіліп, шаңырағы шайқалмайтыны ақиқат.

Біздің басты мақсатымыз – әділ Қазақстан құру! Мен өзіме бірқатар міндеттер қойдым, оларды аудандық мәслихат депутаты ретінде орындауға дайынмын. «Ауыл – алтын бесік» деген дана халқымыз. Бүгінгі таңда осы ауыл тұрғындарының тұрмысы, тыныс-тіршілігі көбіне екінші орында қалып келеді. Осы орайда өз тарапымнан ауылдық округіміздің дамуына үлес қосуды азаматтық парызым деп санаймын. Шешімі табылмай жатқан шаруалар жетерлік. Осы мәселелердің түйінінің тарқатылуына өз септігімді тигізсем деген ниеттемін:

– елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуіне ықпал етемін;

– Бөлек, Әймен, Қарасай ауылдарындағы ауызсу құбырларын жөндеу және оны иелікке өткізу мәселесін жолға қоюға күш саламын;

– Бөлек ауылындағы мәдениет үйінің сапалы күрделі жөндеуден өтуіне ықпал етемін;     

– Бөлек, Әймен, Қарасай ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялардың  сапалы күрделі жөндеуден өтуіне ықпал етемін;         

– Бөлек, Әймен, Қарасай ауылдарын газдандыру жұмыстарының жүргізілуіне жағдай жасаймын;

– елді мекендердегі ауыл көшелерін жөндеу жұмыстары, абаттандыру, жарықтандыру мәселелерін қарастырамын;

– жастарды қолдауға арналған іс-шараларға ұйытқы болып, сонымен қатар Бөлек, Әймен, Қарасай ауылдарындағы спорт алаңдарын абаттандыру жұмыстарымен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ықпал етемін.

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен өз білімімді, күш-жігерімді ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындарымыздың бай-қуатты өмір сүруіне жұмсаймын. Сіздермен бірге мемлекетіміздің қуатты, еліміздің бақытты, өлкеміздің өркенді болуына күш саламын. 

Мен Бөлек селолық округі тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру мақсатында алға қойылған міндеттерді атқару үшін сайлауға барамын.

Маған сенім білдірсеңіздер, сіздердің зор сенімдеріңізді ақтап, Бөлек ауылдық округінің көркейіп, гүлденуі жолында аянбай қызмет ететін боламын!

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 756 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет