Жұма, 10 Наурыз 2023 14:55

№ 9 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат БЕРДАЛИЕВ НҰРЛАН ТҰРМАХАНҰЛЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен Бердалиев Нұрлан Тұрмаханұлы, 1975 жылы 6 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.

1992 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтына (Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті) оқуға түсіп, 1996 жылы мемлекеттік мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және референт аудармашы мамандығы бойынша бітірдім. 1996 жылы Қарасай ауылының Абай атындағы орта мектебінде орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек жолымды бастадым. 2002 жылы осы мектепте педагог-ұйымдастырушы, 2003 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс істедім. 2005 жылы Қарасай ауылының Абай атындағы орта мектебінің директоры болып тағайындалдым. Ал 2017 жылы Аймен орта мектебінің директоры болып тағайындалып, 2017 жылдың сәуір айында Қарасай ауылының Абай атындағы орта мектебінің директоры лауазымына қайта ауыстырылдым.

1999 жылдан бастап «Аманат» партиясының мүшесімін. 2016 жылы «Отан патриоты» медалімен марапатталдым.

 

КАНДИДАТТЫҢ ҮНДЕУІ

Мен Бердалиев Нұрлан Тұрмаханұлы, Қарасай ауылындағы Абай атындағы мектептің директорымын. Еңбек жолымды бастағаннан бері еліміздің жан-жақты дамыған, жоғары интеллектуалды ұрпағын тәрбиелеуді алдыма мақсат етіп қойдым. Бүгінгі таңға дейін балалардың бойында жоғары патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудемін. Білім ордасындағы 27 жылдық жұмысымның барысында адал және ынталы оқушылардың бірнеше ұрпағын тәрбиелеп өсірдім.

Мектептің көптеген түлектері біздің еліміздің дамуына өздерінің үлесін қосып, түрлі салада еңбекқорлықтың үлгісін көрсетіп жүрген азаматтар. Мен өз жұмысымда әділеттілік, патриоттылық, ар-намыс пен қадір-қасиеттің қатаң принциптерін ұстанамын. Осы жылдар ішінде округ әкімімен және ауыл тұрғындарымен тығыз байланыста туындаған көптеген өзекті мәселелерді шешуге атсалысып келемін.

Мен, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған жағдайда, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын басшылыққа ала отырып өзіме жүктелген міндеттер мен өкілеттіктердің аясында осы сайлауалды бағдарламамда көзделген бағыттарды іске асыру үшін бар жинақтаған тәжірибемді, күш жігерімді жұмсайтын боламын.

Менің басты мақсатым №9 сайлау округінің аумағында тұратын азаматтарға олардың әлеуметтік және өмірлік маңызды мәселелерін шешуге жәрдемдесу. Осыған байланысты, сіздердің алдарыңызға Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат ретінде, өзімнің сайлауалды бағдарламамды танысу үшін назарларыңызға ұсынамын.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Бірінші. Халық пен ауылдық округ әкімі аппараты арасындағы сенім қағидатын күшейту мақсатында жинақталған өзекті мәселелер мен қоғамдық құндылықтарға ерекше назар аударып, оларды шешуге мүмкіндік жасауға тырысамын, сондай-ақ жергілікті қоғамдастық жиыны мен жиналысының рөлі мен жұмысын жетілдіруге қатысамын.

Екінші. Негізгі бағдар тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болуы тиіс. Сондықтан мен шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін шешуге белсенді қатысамын, сондай-ақ әркімнің өзі мен отбасы үшін лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алуы үшін тұрақты жұмыс орындарының санын ұлғайтуға қол жеткізуге бағытталған шаралардың қабылдануына назар аударамын.

Үшінші. Шағын және орта бизнесті дамыту ауданымызыдың экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылды. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға бағытталған шаралар мен бағдарламалардың сапалы орындалуы маңызды.

Төртінші. Жол – әр өңірдің тіршілігінің негізгі күретамыры. Біздің округтің барлық ауылдарында сапалы жолдар мен азаматтар үшін жақсы инфрақұрылым болуы керек. Бұл бағытта көшелерді абаттандыру және жарықтандыру, округ ауылдарындағы жолдардың сапасын жақсарту мәселелерін шешуге жәрдемдесетін боламын.

Бесінші. Сумен жабдықтау мәселелерін шешу үшін сумен жабдықтау жүйелерін салу мен реконструкциялауға, сондай-ақ суармалы су проблемаларын шешуге атсалысатын боламын.

Алтыншы. Тұрғындардыңжайлы тұруы үшін коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемаларды шешуге, оның ішінде халықты су бұрумен, жылумен жабдықтаумен және көшелерді абаттандырумен және газдандырумен қамтамасыз етуге белсенді қатысатын боламын. Сондай-ақ, Бөлек, Аймен, Қарасай ауылдарында байланыс сапасын жақсарту маңыз-дылығын назарда ұстаймын.

Жетінші. Экологиялық салауаттылық – жайлы және қауіпсіз өмір сүрудің маңызды факторы. Бұл бағытта ҚТҚ полигонын экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкестендіру мәселесін көтеретін боламын.

Сегізінші. Отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау бойынша шаралар кешенін қолдану қажет деп санаймын. Әлеуметтік жағдайды жақсартуды және қарт адамдарға, зейнеткерлер мен мүгедектерге қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге көңіл бөлемін.

Тоғызыншы. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – бұл тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші. Мен барлық күш-жігерімді тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізу арқылы тұрғындардың өмір сүру жағдайларын арттыруға күш саламын.

Оныншы. Білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласындағы мәселелерді шешуге қол жеткізетін боламын, соның ішінде М.Горький атындағы орта мектепті, Бөлек ауылының ДА күрделі жөндеуден өткізу, Аймен және Қарасай ауылдарында ФАП салу, спорт алаңдарын жайластыру және білім беру, денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелерін шешуге белсенді қатысатын боламын.

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен округ тұрғындарының сенімін ақтау, халықтың барлық топтарының мүдделерін қорғау және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын боламын.

Бұл менің жаңа жоспарларым мен міндеттерімнің бір бөлігі ғана. Мен Сіздердің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынмын және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенемін. Мен әрқайсыңыздың маған білдірген сеніміңізді бағалаймын және Біз бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдімін!

Біздің ауылдық округіміздің алдағы кезеңде қандай болатыны өзімізге байланысты. Сондықтан мен Сіздерді сайлау учаскелеріне келіп, маған дауыс беруге шақырамын.

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 592 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 21, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 18, 2025

Интернет алаяқтықпен күрес күшейтілді

Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар интернет алаяқтық түрлері де қарқын алуда. Осы…
Сәу 18, 2025

Табиғатқа инвестиция: Есік көлін…

Алматы облысы аумағындағы «Есік көлін» жаңарту мақсатында, 2024 жылдың 20 желтоқсанында…
Сәу 18, 2025

Тұрақты даму мақсаттары

2025 жылдың 9 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Экономика және…
Сәу 17, 2025

Сарсаңға салған «синтетика»

 Әр заманның, қоғамның өзінің кемшін тұстары болады. Кешегі Кеңес үкіметі тұсында қазақ…
Сәу 17, 2025

Балық шаруашылығының бағбаны еді

1940 жылдың 24 сәуірі Олжаевтар әулеті үшін ерекше күн болды. Өйткені, нақ аталған күні…
Сәу 17, 2025

Сарқылмас білім бұлағы

Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа…
Сәу 17, 2025

Их имена не должны быть забыты

Бакыт Исмагулова, ветеран Каракемерской в/ч 6654 Национальной гвардии РК, до выхода на…
Сәу 17, 2025

Батыр патриот

Биылғы жылы Қазақ Республикасы құрамында болған Кеңес Одағының фашистік Германияны…

Күнтiзбе

« Сәуір 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет