Жұма, 10 Наурыз 2023 15:07

№ 26 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат БАЗИЛБЕКОВА САЙРА СЫДЫКОВНАНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен, Базилбекова Сайра Сыдыковна, 1971 жылы 27 желтоқсанда Талдықорған облысы, Көксу ауданында дүниеге келдім. 2 жоғары білімім бар: 1992 жылы  Талдықорған заң техникумын, 2016 жылы Алматы Гуманитарлық техникалық университетін тәмамдадым.

Еңбек жолымды  1989 жылы мектеп-интернатта түнгі бала күтушісі қызметінен бастадым, содан кейін 1994 жылы Шелек мектепаралық оқу өндірістік комбинатына мұғалім ретінде жұмысқа қабылдандым. 2013 жылдың қыркүйек айынан Шелек мектепаралық оқу өндірістік комбинаты директоры лауазымына тағайындалдым, бүгінгі күнге дейін осы лауазымды атқарудамын. 2015 жылдан Шелек мектепаралық оқу өндірістік комбинатының топтық партия төрайымымын.  Қоғамдық жұмыста 2017 жылдан Шелек ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымымын. Тұрмыстамын, үш баланың анасымын.

 

Құрметті жерлестер!

Аудандық мәслихат депутаты – бұл ауылдық жердегі мемлекеттік билік пен халықтың арасындағы алтын көпір.  Мәслихат депутаты – халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға, еліміздегі халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру барысында белсенділік танытушы тұлға.

Аудандық маслихат депутаты болып сайланған жағдайда өз басым бір-біріне тығыз байланысты екі негізгі мақсатта жұмыс жасаймын:

Біріншіден, Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы Жолдауында: «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қол-өнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді» деді. Осыған орай Шелек ауылдық округінің және ауданымыздың  гүлденуіне, 2023-2027 жылдар аралығында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және спорттық әлеуетін арттыруға және қызығушылықтары мен бейімділігін дамытуға ықпал етемін. 

Екіншіден, халыққа адал қызмет етіп және реформалар нәтижесінде берілетін мүмкіндіктерді толыққанды пайдалана отырып, халық пен билік арасындағы қарым-қатынасты жандандырып, аудандық мәслихат депутатының беделін халық алдында көтеруге үлесімді қосамын. Халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсартуға, болашақ ұрпағымыздың алаңсыз бақытты және кемелденген келешегі үшін  жұмыссыз жастардың жұмысқа орналасуына ықпал етемін. Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуге атсалысамын. Бұл үшін маған Сіздердің қолдауларыңыз керек!

 

Құрметті сайлаушылар!

Мені аудандық мәслихат депутаты етіп сайласаңыздар, алдағы 5 жылдағы менің жұмыс бағыттарым:

– Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер мен спорт сексияларының ашулына күш-жігерімді саламын;

– Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Соған орай өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуіне жағдай жасаймын;

– Балалар үйірмесін және арнайы дарынды жасөспірімдер клубтарының құрылуына, оның саналы да сапалы жұмыс жүргізуіне атсалысамын;

– Ауылдағы су құрбырлары мен кәріз құдықтарын жаңартуға ықпал жасаймын;

– Балалар ойнайтын ойын алаңдары мен орындарын жаңартуға, жаңаларын салуды қолдаймын;

– Көпқабатты тұрғын үйлерді жаңарту, жөндеу, сонымен қоса абаттандыру мен көгалдандыруды жүзеге асыруға күш саламын;

– Мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсетемін;

– Ауыл көшелерін толықтай жарықтандыру мәселесін шешуге тырысамын;

– Жол ережелері белгілерімен толықтай қамтамасыз етуге, оны қатаң сақтауды ескертемін;

– Ауылды абаттандыру мен көгалдандыруды қолға алып, демалыс орындары мен саябақтарды көркейтуге күш саламын;   

– Елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ықпал жасаймын;

– Жастарды қолдауға арналған іс-шараларға ұйытқы болып, спорт алаңдарын салуға ықпал етемін.

 

Құрметті сайлаушылар!

Шелек ауылдық  округінің тұрғындары! Туған жер, Отаным – Қазақ елі, оның өсіп-өркендеуі мен үшін маңызды!

Маған сенім білдірсеңіздер, Сіздердің зор сенімдеріңізді ақтап, Шелек ауылдық округінің көркейіп, гүлденуіне аянбай қызмет етемін.

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 492 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 06, 2025

Шетелге шығатын саяхатшыларға…

Әлемдік туризмнің дамуы азаматтардың шетелге шығу мүмкіндігін арттыруда. Дегенмен, әрбір…
Қаз 06, 2025

Фортификация дегеніміз не?  

Фортификация – белгілі бір азық-түлік өнімдеріне дәрімендер мен минералдар сияқты…
Қаз 06, 2025

Балық өнімдерінің қауіпсіздігі

Балық және балық өнімдері халық денсаулығы үшін аса құнды тағам болып табылады. Оның…
Қырқ 30, 2025

Бруцеллез-аса қауіпті ауру!

Бруцеллез (сарып) - жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллезбен…
Қырқ 23, 2025

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің…

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі – халықтың денсаулығын қорғау, сапалы…
Қырқ 23, 2025

Педикулездің алдын алу туралы

Педикулез (лат. *pediculosis*) — адамның терісі мен түктерінде паразиттік тіршілік ететін…
Қырқ 23, 2025

Биологиялық белсенді заттарды…

Халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан…
Қырқ 23, 2025

«Тұрғын үй мен ғимараттарды…

Қоғамдық денсаулықты сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет