Жұма, 10 Наурыз 2023 15:16

№ 12 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ДУНГЕШОВ МУХИТ ДИКАНАЛИЕВИЧТІҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен, Дунгешов Мухит Диканалиевич, 1984 жылы 21 ақпанда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келдім. Еңбек жолымды 2005 «Алтын жаңбыр» ЖШС-де администратор, 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Альтаир» өндірістік кооперативінде қойма меңгерушісі болып қызмет атқарамын.

Отбасылымын, бес қыз, бір ұлым бар.

 

Құрметті жерлестер!

Ауданның белсенді азаматы ретінде алға қойған нақты мақсаттарға қол жеткіздім. «АMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде әріптестеріммен бірлесіп бірқатар жұмыстар жүргіздім.

Еңбекшіқазақ ауданының білім беру саласындағы әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға, халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдауға, осы салалардағы мәселелерді шешуге белсенді қатыстым.

 

Құрметті сайлаушылар!

Бүгінде аудан аумағында әлеуметтік бағытта атқарылып жатқан істер аз емес. Десе де, сол саланың өркен жайып дамуына, жетім және әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, мүгедектер мен соғыс, еңбек ардагерлеріне, жұмыссыздар мен көпбалалы аналарға мемлекеттік бағдарламалар аясында өз көмегімді беремін.

Елдің болашағы – балалар. Ал сол сәбилерді дүниеге әкелетін аналардың құқығын қорғау, бала мен ана өлімін азайту – біздің басты міндетіміз. Осы мақсатта округтегі аумағындағы көпбалалы аналардың, сондай-ақ, мүгедек бүлдіршіндерін тәрбиелеп отырған аналарға барлық жағдай жасауға өз септігімді тигіземін.

Жұмыссыздық мәселесін шешуге күш салу – сайлауалды бағдарламамның басты бағыты. Жұмыссыз екі қолына бір күрек табуға, мемлекеттік бағдарламалар арқылы өздерінің мамандығына сай кәсіп ашуға немесе жұмысқа орналасуға, мамандығы жоқ азаматтарды қайта даярлықтан өткізуге, жұмыссыз жүрген жастарды мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыспен қамтуға көмек көрсетемін.

Сонымен қатар, жұмыссыздықты жоюдың тағы бір жолы – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Осы салада да кедергі болатын кейбір мәселелерді шешіп, өзінің бизнес субъектілерін ашқысы келетіндерге қолымнан келгенше жәрдемдесемін. 

Техникалық білім алған жас мамандардың сапалы жұмысқа орналасып, өмірде өз орнын табуына барынша ықпал етемін.

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында көрсетілген жастар тақырыбындағы ой-толғамдарына терең үңіле отырып, жастар мәселесін бүгінгі таңда өзекті деп білдім. Олардың қылмыс жасауы, түрлі жат пиғылды діни ағымдарға еруі, ішімдікке құмартуы сынды жағымсыз көріністер жастардың бастапқы бағытта адасуы себептерінен деп білемін. Жұмыстың жоқтығы, бос уақыттың көптігі – осындай себептерге соқтыруда. Бүгінгі таңда жастарға тәрбие мен дұрыс бағыт беру басты назарда болуы тиіс. Бұл бағытта саламатты өмір салтын насихаттау аса маңызды бағыттардың бірі. Өйткені, санасы сергек жастар адасудан аулақ, өмірде өзін-өзі табуына да көмегі көп. «Тәні таза жастың жаны да таза». Сондай-ақ, дәстүрлі имани құндылықтарды дәріптеу де, олардың адасуына жол бермейтін фактор. Мен жастар мәселесіне кеңінен назар аударуға шақырар едім.

Мен өзіме бірқатар міндеттер қойдым, оларды аудандық мәслихат депутаты ретінде орындауға дайынмын.

– Ащыбұлақ, Қазақстан ауылдарын ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін шешу, Қазақстан ауылындағы кәріз жүйесін қайта жөндеу жұмыстарын қарастыру.

– Жастарды қолдауға арналған іс-шараларға ұйытқы болып, Қазақстан ауылдына спорттық-сауықтыру кешенін және Қазақстан ауылына шағын футбол алаңын салғызу;

– Ащыбұлақ, Қазақстан, Ж.Қайыпов ауылдарына воркаут және балаларға арналған ойын алаңдарын жасату;

– Ж.Қайыпов ауылындағы дәрігерлік-амбулаторияға жаңа ғимаратының салуына ықпал етуге тырысамын;

– Ащыбұлақ ауылындағы А.Бубенцов атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу  жұмыстарын қарастыру;

– Елді мекендердегі ауыл көшелерін жөндеу жұмыстары, абаттандыру, жарықтандыру мәселесін қарастыру.

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен Еңбекшіқазақ өңірі тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.

Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 685 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет