Жұма, 10 Наурыз 2023 15:22

№ 1 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ҚАСЫМБАЕВА ШОЛПАН БӨЛЕТАЙҚЫЗЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен, Қасымбаева Шолпан Бөлетайқызы 1961 жылы 4 шілдеде Есік қаласында дүниеге келдім. Білімім жоғары, 1984 жылы Алматы мемлекеттік медициналық университетін фармацевтика факультетін тамамдадым.

Еңбек жолымды 1984 жылы Қарағанды облыстық дәріхана басқармасының ұйымдастыру-фармацевтикалық бөлімінің инспектор-провизоры болып бастадым. Осы салада 1998 жылға дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы Орталық дәріхананың аға провизоры болып еңбек еттім.

1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жеке кәсіпкер ретінде аудан экономикасына өз үлесімді қосудамын, ЖК «Ш.Б.Қасымбаева» директоры. Сондай-ақ, 1998 жылдан бері «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесімін және 2019 жылдан бастап Алматы облысы бойынша филиалының директорымын.

Жеке азаматтық ұстаным ретінде ауданымыздың рухани, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық өміріне, мәдени-қайырымдылық іс шараларына белсенді қатысуды өмірлік мақсатыма айналдырдым.

Бүгінгі таңда Есік қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының жұмысына тұрақты қатысамын және Еңбекшіқазақ аудандық қоғамдық кеңесінің, Алматы облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшесімін.

«Шапағат», «Фармацевт мамандығына адалдығы үшін» медальдерімен және 20-ға жуық түрлі деңгейдегі алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталдым.

Тұрмыс құрғанмын, екі балам және немерелерім бар.

 

КАНДИДАТТЫҢ ҮНДЕУІ

Қоғамымыздың орнықты дамуы мен азаматтарымыздың тұрмысын жақсарту жолында өзімнің үлесімді қосу үшін тынымсыз жұмыс істеу менің негізгі азаматтық ұстанымымдарымның бірі. Соңғы жылда еліміз үшін елеулі сынақтарға толы болғаны анық. Дегенмен, біз өзіміздің бірлігіміздің арқасында қиындықтардан өте білдік, осылайша жаңа кезеңге қадам бастық. Мемлекет басшысының бастамасымен Конституциялық реформаны жүзеге асырдық, еліміздің ең басты салалары мен билік тармақтары түгелдей жан-жақты жаңғыртылуда. Осы бір дұрыс бағыттағы өзгерістерге, жаңа ұмтылысқа көрсетілген әрбір қолдау атқарылар бағдарлы жұмысқа зор серпін беретініне мен сенімдімін.

Қоғамдық бастамада жұмыс істейтін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер етіп ұсынылуым маған үлкен міндет, зор жауапкершілік жүктейтіндігін толық сезінемін.

Мен аудандық мәслихат депутаты болып сайланған жағдайда, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын басшылыққа ала отырып өзіме жүктелген міндеттер мен өкілеттіктердің аясында осы сайлауалды бағдарламамда көзделген бағыттарды іске асыру үшін білімім мен жинақтаған тәжірибемді, күш жігерімді жұмсайтын боламын.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

1-мақсат.  Мемлекеттік бағдардаламалардың сапалы орындалуын басты назарда ұстау.

2-мақсат.  Мемлекеттік құрылымдардың қызметі халықтың игілігіне, азаматтардың сұранысы мен талап-тілектеріне бағытталуы тиіс.

3-мақсат. Жергілікті бюджеттік қаржыны басқару мен бақылауға қатысу.

4-мақсат. Әлеуметтік қорғау және қолдау шараларына көңіл бөлемін.

5-мақсат. Кәсіпкерлікті қолдау.

6-мақсат. Жан-жақты дамыған, өмір сүруге қолайлы орта.

7-мақсат. Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

8-мақсат. «Жастар – біздің болашағымыз» деген қағиданы басшылыққа аламыз.

9-мақсат. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізу басты мақсат болуы керек.

 

Құрметті сайлаушылар, қала тұрғындары!

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі мақсаты өзімнің ғана емес, жерлестерімнің, жалпы әрбір азаматтың ойында жүрген: лайықты жұмыс және тұрақты табыс, сапалы медицина мен білім, таза ауа мен ауызсу, үйлердегі жылу мен жайлылық, қауіпсіздік пен тұрақтылық сияқты түсінікті және қарапайым мәселелерге арналады және осы мәселелердің оң шешімін табуға өз үлесімді қосуды азаматтық ұстаным деп білемін.

Мен халық үшін адал еңбек етуге дайынмын!

 

Сіздерді  2023 жылдың 19 наурызында өтетін сайлауда белсенділік тантып, қолдау көрсетуге шақырамын.

Көзделген мақсат-міндеттерге бірге жетейік!

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 485 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет