Жұма, 10 Наурыз 2023 15:30

№ 24 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ТАЛКАМБАЕВА АЙЖАН ЖАКЫПБЕКОВНАНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен Талкамбаева Айжан Жакыпбековна, 1976 жылы 25 ақпанда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Таутүрген ауылында дүниеге келдім. Есік қаласында тұрамын.

Есік педагогикалық колледжін «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын қызыл дипломмен аяқтадым. Жоғары білімім бар: 2004 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Ұлттық Университетінің тарих, құқық және экономика мамандықтары бойынша тәмамдадым.

Еңбек жолымды 1995-1996 жж. Есік қаласындағы Р.Тоқатаев орта мектебінде бастауыш сынып және тарих мұғалімі ретінде бастадым. 2007-2008 жылдары Көктөбе орта мектебінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2010 жылдан бері Көктөбе орта мектебінің директоры қызметін атқарудамын.

2020-2022 жылдары аудандық мәслихаттың VII шақырылым депутаты болдым.

2018 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен», 2018 жылы Еңбекшіқазақ ауданы әкімнің «Құрмет грамотасымен», 2019 жылы «Қазақстан  Республикасы  құқық қорғау әскеріне 25 жыл» медалімен, 2022 жылы «Қазақстан  Республикасы  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Алғыс хатымен» марапатталғанмын.

Отбасылымын, үш ұлым бар.

 

Құрметті жерлестер!

Аудандық мәслихат депутаты ретінде алға қойған нақты мақсаттарға қол жеткіздім. «АMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде әріптестеріммен бірлесіп бірқатар жұмыстар жүргіздім.

Еңбекшіқазақ ауданының білім беру саласындағы әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға, халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдауға, осы салалардағы мәселелерді шешуге белсенді қатыстым.

«Бақытты отбасы» жобасы аясында демеушілер тартылып, көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына мектепке қажетті мектеп формасы мен құрал-жабдықтар алынып берілді. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ұлы Отан соғысының ардагеріне, жалғыс басты қарттарға азық-түлік себеттерімен көмек көрсетілді. «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі 5 балаға көмек көрсетілді.

Көктөбе ауылының балаларының бос уақытын тиімді өткізуі үшін, балаларға арнап демеушілер көмегімен жаңа үлгідегі футбол алаңының ашылуын ұйымдастырдым.

 

Құрметті сайлаушылар!

Әділетті Қазақстан құру мақсатында мен өзіме бірқатар міндеттер қойдым, оларды аудандық мәслихат депутаты ретінде орындауға дайынмын. Бүгінде аудан аумағында әлеуметтік бағытта атқарылып жатқан істер аз емес. Десе де сол саланың өркен жайып дамуына, жетім және әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, мүгедектер мен соғыс, еңбек ардагерлеріне, жұмыссыздар мен көпбалалы аналарға мемлекеттік бағдарламалар аясында өз көмегімді беремін. Елдің болашағы – балалар. Ал сол сәбилерді дүниеге әкелетін аналардың құқығын қорғау, бала мен ана өлімін азайту – біздің басты міндетіміз. Осы мақсатта аудан аумағындағы көпбалалы аналардың, сондай-ақ, мүгедек бүлдіршіндерін тәрбиелеп отырған аналарға барлық жағдай жасауға өз септігімді тигіземін.

Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарын қосу туралы алға мақсат қойып отыр. Осы бағдарламаны қолдай отырып, өз сайлау округімнің тұрғындары маған сенім білдірсе, төмендегі бірқатар мәселелерді шешуге бар күш-жігерімді саламын: 

– Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ықпал ету, Түрген ауылы мен Таутүрген ауылындағы ауызсу құбырларын жөндеу және оны иелікке өткізу мәселесін алға тарту.

– Елді мекендердегі ауыл көшелерін жөндеу жұмыстары, аббаттандыру, жарықтандыру мәселесін қарастыру;

– Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету;

– Таутүрген орталау мектебіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізу;

– Таутүрген ауылына балаларға арналған ойын алаңы құрылысын жүргізуге ықпал ету;

– Жабайы қоқыс алаңын жою мәселесін алға тарту;

Мен жоғарыда аталған жоспарларымды іске асырып, Еңбекшіқазақ ауданын одан әрі дамытуды  жоспарлап отырмын.

Өз елінің нағыз патриоты ретінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құруға және оның Қазақстандағы деңгейін төмендетуге, халқымыздың бірлігін нығайтуға ұмтылатын боламын.

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен Еңбекшіқазақ өңірі, Түрген ауылдық округінің көркейіп, гүлденуіне, тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін аянбай қызмет етуге дайынмын.

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 444 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 06, 2025

Шетелге шығатын саяхатшыларға…

Әлемдік туризмнің дамуы азаматтардың шетелге шығу мүмкіндігін арттыруда. Дегенмен, әрбір…
Қаз 06, 2025

Фортификация дегеніміз не?  

Фортификация – белгілі бір азық-түлік өнімдеріне дәрімендер мен минералдар сияқты…
Қаз 06, 2025

Балық өнімдерінің қауіпсіздігі

Балық және балық өнімдері халық денсаулығы үшін аса құнды тағам болып табылады. Оның…
Қырқ 30, 2025

Бруцеллез-аса қауіпті ауру!

Бруцеллез (сарып) - жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллезбен…
Қырқ 23, 2025

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің…

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі – халықтың денсаулығын қорғау, сапалы…
Қырқ 23, 2025

Педикулездің алдын алу туралы

Педикулез (лат. *pediculosis*) — адамның терісі мен түктерінде паразиттік тіршілік ететін…
Қырқ 23, 2025

Биологиялық белсенді заттарды…

Халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан…
Қырқ 23, 2025

«Тұрғын үй мен ғимараттарды…

Қоғамдық денсаулықты сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет