Жұма, 10 Наурыз 2023 15:37

№ 28 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат КАРАГУЛОВА КАМШАТ ҚҰРМАНХАНҚЫЗЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен Карагулова Камшат Құрманханқызы, 1984 жылы 18 наурызда Алматы облысы Райымбек ауданында дүниеге келдім. Білімім жоғары: 2012 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша аяқтадым.

Еңбек жолымды 2008 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қызылшарық ауылындағы «Балдәурен» балабақшасында тәрбиеші болып бастадым. 2011 жылы «Балдаурен» балабақшасының әдіскері, 2012-2013 жылдары Шелек ауылындағы «Гүлдер» балабақшасында меңгеруші, 2013-2016 жылдары Масақ ауылындағы «Қызғалдақ» балабақшасының меңгерушісі, 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін Шелек ауылындағы «Бәйтерек» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі лауазымын атқарудамын.

«Құрмет грамотасы», «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» марапаттарымен марапатталғанмын.

Тұрмыстамын, үш баланың анасымын.

 

Құрметті жерлестер!

Аудандық мәслихат депутаты ретінде осы күнге дейін алға қойған нақты мақсаттарға қол жеткіздім. Шелек ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды барынша қолдауға, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналасуына аудандық мәслихат депутаты ретінде әріптестеріммен бірігіп бірқатар жұмыстар жүргіздім.

Еңбекшіқазақ ауданының білім беру саласындағы әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға, халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдауға, осы салалардағы мәселелерді шешуге белсене қатыстым.

 Құрметті сайлаушылар!

Біздің басты мақсатымыз – әділ Қазақстан құру. Мен өзіме бірқатар міндеттер қойдым, оларды аудандық мәслихат депутаты ретінде орындауға дайынмын.

– Окург аймағында жаңа ауылшаруашылық және өнеркәсіп орындарының ашылуына ықпал етемін.

– Мал шаруашылығын жандандыру мақсатында жайылымдық жерлерді көбейтуге ықпал жасаймын.

– Мемлекет басшысының білім беру жүйесіндегі реформаларына қолдау көрсетемін.

– Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуіне жағдай жасаймын.

– Балалар үйірмесін және арнайы дарынды жасөспірімдер клубтарының құрылуына, оның саналы жұмыс жүргізуіне жағдай жасаймын.

– Тұрмысы төмен отбасында өсіп жатқан балаларға орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты аясында қолдау көрсетемін.

– Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге жағдай жасау, бұл үшін осы бағыттағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу арқылы округтегі шағын және орта бизнесті дамытуға инвестицияларды тарту арқылы ықпал етемін.

– Елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ықпал жасаймын.

– «Дені сау ұлт» жобасы бойынша медициналық сараптама жасайтын зертханалардың ашылуына ықпал жасаймын.

– Ауылдық округтегі ауыл көшелерін жөндеу жұмыстары, жарықтандыру мәселесін қарастырамын.

– Шелек ауылдық округінің аз қамтылған отбасыларына барынша қолдау көрсетемін.

– Шелек ауылдық округінің абаттандыру мен көркейіп гүлденуіне, демалыс орындары мен саябақтардың болуына үлес қосамын.

– Жастарды қолдауға арналған іс-шараларға ұйытқы болып, спорт алаңдарын салуға ықпал етемін.

– Жұмыссыз жастардың жұмысқа орналасуына ықпал етемін.

– Жүрегімнің қалауы – ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлес қосу, тиімді оқытуды жүзеге асыруға ықпал етемін.

– Жастар, жасөспірімдер арасында саламатты өмір салтын насихаттауға, спорт және жаттығу алаңдарының ашылуына күш саламын.

– Инфрақұрылым мәселелерін шешу, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыу мәселелерін шешуге ықпал ету менің жоспарымда.

Мен жоғарыда аталған жоспарларымды іске асырып, Шелек ауылдық округін одан әрі дамытуды  жоспарлап отырмын. Өз елінің нағыз патриоты ретінде қазіргі таңда қоғамда орын алып жатқан түйіткілді мәселелерді тиісті деңгейде шешуге, халықтың үніне құлақ асуға, халқымыздың бірлігін нығайтуға ұмтылатын боламын.

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен Шелек ауылдық округі өңірі тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.

Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Мықты мемлекет құру жолында!

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 687 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет