Жұма, 10 Наурыз 2023 15:43

№ 11 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ҚОНЫСБАЕВА МЕЙРАМГУЛЬ АСЫЛБЕКОВНАНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен Қонысбаева Мейрамгуль Асылбековна, 1984 жылы 7 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келдім. Жоғары білімім бар: 2002 жылы  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2006 жылы аталған оқу орнын «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша кәсіптік жоғары білімді «Ағылшын және неміс тілдері мұғалімі» маманы ретінде үздік дипломмен аяқтадым.

Еңбек жолымды 2006-2007 жылдары Алматы қаласының №100 орта мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде бастадым. 2014-2019 жылдары Еңбек орта мектебінде әр жылдары педагог-ұйымдастырушы, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, оқу ісі жөніндегі орынбасары болдым. 2019 жылдан бері А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп директоры қызметін атқарудамын. 2020-2022 жылдары VII шақырылым аудандық мәслихат депутаты болдым.         

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» арналған құрмет грамотасымен, Білім және ғылым министрінің грамотасымен марапатталғанмын.

Тұрмыстамын, үш қызым бар.

 

Құрметті жерлестер!

VII шақырылым аудандық мәслихат депутаты ретінде алға қойған нақты мақсаттарға қол жеткіздім. «АMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанындағы Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрайымы ретінде әріптестерімен бірлесіп бірқатар жұмыстар жүргіздім.

Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарының әлеуметтік осал санаттарын қолдауға, осы салалардағы мәселелерді шешуге белсенді қатыстым.

«Бақытты отбасы» жобасы аясында демеушілер тартылып көпбалалы отбасы балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар алынып берілді. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында жалғыз басты қарттарға азық-түлік себеттерімен көмек көрсетілді. «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі 2 балаға көмек көрсетілді. 

Құрметті сайлаушылар!

Біздің басты мақсатымыз – әділ жаңа Қазақстан құру! Мен алдыма бірнеше міндеттер қойдым, оларды аудандық мәслихат депутаты ретінде орындауға дайынмын.

Бүгінде аудан аумағында әлеуметтік бағытта атқарылып жатқан істер аз емес. Десе де сол саланың өркен жайып дамуына, жетім және әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, мүгедектер мен соғыс, еңбек арда-герлеріне, жұмыссыздар мен көпбалалы аналарға мемлекеттік бағдарламалар аясында өз көмегімді беремін. Елдің болашағы – балалар. Ал сол сәбилерді дүниеге әкелетін аналардың құқығын қорғау, бала мен ана өлімін азайту – біздің басты міндетіміз. Осы мақсатта аудан аумағындағы көпбалалы аналардың, сондай-ақ, мүгедек бүлдіршіндерін тәрбиелеп отырған аналарға барлық жағдай жасауға өз септігімді тигіземін.

Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосу туралы алға мақсат қойып отыр. Осы бағдарламаны қолдай отырып, өз сайлау округімнің тұрғындары маған сенім білдірсе, төмендегі бірқатар мәселелерді шешуге бар күш-жігерімді саламын:

– Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ықпал ету, Жаңашар және Саймасай ауылдарындағы ауызсу құбырларын жөндеу және оны иелікке өткізу мәселесін алға тарту;

– Елді мекендердегі ауыл көшелерін жөндеу жұмыстары, абаттандыру, жарықтандыру мәселесін қарастыру;

– Жаңашар ауылындағы дәрігерлік-амбулаторияның жаңа ғимаратының салынуына ықпал ету;

– Саймасай ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізу;

– Космос, Базаркелді және Амангелді ауылдарындағы ауылдық фельдшерлік пунктердің жаңа ғимартын салуға ықпал жасау;

– Жаңашар ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы, Космос ауылындағы І.Жансүгіров атындағы және Амангелді ауылындағы Садыр орта мектептерінің күрделі жөндеуден өткізу  жұмыстарын қарастыру;

– Жаңашар, Космос, Базаркелді, Саймасай ауылдарындағы спорт алаңдарын  абаттандыру, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;

– Есік – Саймасай – Амангелді және Космос – Жаңашар – Ават автобустық маршрутты жандандыруға ықпал жасаймын.      

Мен жоғарыда аталған жоспарларымды іске асырып, Еңбекшіқазақ ауданының  көркеюіне үлес қосуды  жоспарлап отырмын.

Өз елінің нағыз патриоты ретінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құруға және оның Қазақстандағы деңгейін төмендетуге, халқымыздың бірлігін нығайтуға ұмтылатын боламын.

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен Еңбекшіқазақ өңірінің көркейіп, гүлденуіне, тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін аянбай қызмет етуге дайынмын!

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ. 

Оқылды 586 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет