Жұма, 10 Наурыз 2023 15:50

№ 7 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ДІНІСТАНОВ ЖАСУЛАН ТАНАБАЙҰЛЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен Діністанов Жасұлан Танабайұлы, 1982 жылы 28 маусымда Алматы облысы Райымбек ауданы Қайнар ауылында дүниеге келдім. Білімім – жоғары. Қазіргі таңда «Grandfix development» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарудамын.

Отбасылымын, төрт балам бар.

 

Құрметті жерлестер!

Халық қалаулысы болу – бірінші кезекте, округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына, округтің көркеюі жолында адал қызмет ету деп түсінемін. Яғни, билік пен халық арасына алтын көпір орнатып, округтегі түйінді мәселелердің шешілуін қамтамсыз ету.

Сан ғасырлық тарихы бар мемлекетіміз тағдырдың талай бұралаңынан өтіп, талай қиындықтарды бастан өткерді. Ендігі дамудың сара жолына түскен Қазақстанды одан әрі көркейтіп, гүлдендіру сіз бен біздің қолымызда. Ол үшін елді дамытуды ауылдан бастауымыз қажет. Себебі ауыл – елдің жүрегі. Бұл бағытта атқаратын жұмыстарымыз да жеткілікті. Ал сол жүйелі жоспарларды жүзеге асыру үшін сіздердің дауыстарыңыз қажет.

Жұмыс жасалып жатқан жерде кемшіліктің де болатыны анық. Сондықтан округімізде атқарылатын жұмыстар бар. Ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік, өнеркәсіп салаларына қолдау қажет. Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала мен жастар мәселесі де менің сайлауалды бағдарламамның негізін құрайды.

Бүгінде ел экономикасының негізгі бағыттарының бірі – ауылшаруашылығы саласы. Саланы дамытуға барлық жағдай жасалуда, десек те, қағазбастылық аяқтан тартып, шаруалардың көптеген мәселесі осыған кеп тіреледі. Алдымен осы қағазбастылықты түбегейлі жоюға атсалысамын. Кейіннен, түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында шаруаларға жеңілдетілген несие мен субсидия алуға, мал тұқымын асылдандыруға, дәнді-дақылдар мен көкөністердің жаңа сұрыптарын алуға, игерілмей бос жатқан жерлерді тұрғындар игілігіне пайдалануға берілуіне ықпал етемін. Шаруа қожалықтарының санын көбейтіп, онда еңбек ететін жұмысшылардың санын арттыруға, олардың жалақыларын өсіру мен отбасына жағдай жасаймын.

Бүгінде ауылдық жердегі тұрғындардың күнкөріс көзі – мал мен егін шаруашылығы екені мәлім. Сондықтан, шалғай мекендерде жұмыс орындарын ашып, жұмыссыз азаматтарды қайта даярлықтан өткізіп, оларға мамандық беруге атсалысамын. Ауылдың гүлденгені – Қазақстанның гүлденгені емес пе? Ауылда бос жүрген жастарды мемлекеттік бағдарламалармен оқытып және жұмысқа орналастыру, отау құрған жас отбасыларына көмек көрсету, жас мамандарды көптеп жұмысқа тарту жолында аянбай еңбек етемін.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

– Ең бірінші, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік әл-ахуалын жақсартуға, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен балаларға мемлекеттік бағдарламалар арқылы көмек көрсетуге ықпал етемін.

– Округтегі шағын және орта бизнес өкілдерінің кәсібін ұлғайтуға, мемлекет тарапынан берілетін субсидия мен көмектерге қол жеткізуіне бар күшімді саламын.

– Жастар тәрбиесі, ауылдағы бұқаралық спорттың дамуына, жекелеген спорт секцияларының ашылуына, балаларға арналған ойын алаңдары мен өнер үйірмелерін ашуға атсалысамын.

– Білім беру саласында қордаланып қалған мәселелердің оң шешімін табуына, балалардың сапалы білім алуына сондай-ақ, білім ордаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға үлес қосамын.

– Денсаулық сақтау саласының дамуына, ауылдық амбулаториялардың материалдық базасын күшейтуге, ғимараттардың қайта жаңғыруына және жаңа ғимараттардың салынуына ықпал етемін. Экономиканың белгілі бір саласын көтеру үшін нысаналы инвестициялар тарту қажет екендігі бәріне белгілі. Сондықтан, әсіресе денсаулық сақтау мен білім беру саласына инвестицияларды тартуға барлық мүмкіндіктерді пайдаланамын.

– Ауыл шаруашылығы саласы округ экономикасының негізгі бағыттарының бірі болғандықтан, бұл саланың дамуына, шаруалардың қордаланған мәселесін шешуге күш саламын.

– Округтегі инфрақұрылымды жақсартуға, жол, ауызсу, көшені жарықтандыру мәселелерін шешуге атсалысамын.

– Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға, жұмыссыз жүрген жастарды мемлекеттік бағдарламалар арқылы қайта оқытуға көмектесемін.

– Ұлтаралық татулықты насихаттауға, салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге, жастарымызды отансүйгіштікке, партиоттыққа баулуға барымды саламын.

– Сайлау округіндегі мекемелермен, қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдармен, ардагерлер кеңесімен, жергілікті қауымдастықпен өзара ынтымақтастықта бола отырып, халық үшін бірге қызмет жасауға әрқашан дайынмын.

 

Құрметті сайлаушылар!

Мықты мемлекет құру жолында біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Ел  ертеңі үшін  барлығымыз бірлесе отырып жұмыс  атқарсақ,  ауылдарымыз  көркейіп,  жарқын  өмір  сүруге  барлық жағдайдың  жасалатынына  сенімдімін.  Ол үшін сіздің даусыңыз аса маңызды!

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 653 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет