Жұма, 10 Наурыз 2023 15:56

№ 13 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат НУРМАХАНОВА АККЫЗ ИЛЬГЕРИБАСОВНАНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен Нурмаханова Аккыз Ильгерибасовна, 1971 жылы 15 тамызда Алматы облысы Шелек ауданында дүниеге келдім. Жоғары білімім бар. 1990-1995 жыл аралығында Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдадым.

Еңбек жолымды 1988-1989 жылдары Қаражота ауылындағы мәдениет үйінде жетекші маман, 1989-1990 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінде паспортистка болып, 1993-2023 жылға дейін Қаражота ауылындағы «Б.Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ-де қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2004 жылдан бастап қосымша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін. 

«Аудандық білім бөлімінің» Мақтау қағаздары және Алғыс хаттарымен марапатталғанмын.

Тұрмыстамын, төрт баланың (бір ұл, үш қыз) анасымын.

 

Құрметті сайлаушылар!

Біздің басты мақсатымыз – әділ Қазақстан ҚҰРУ! Мен өзіме бірқатар міндеттер қойдым, оларды аудандық мәслихат депутаты ретінде орындалуына ықпал етемін.

Менің сайлауалды бағдарламам ауылдық округтегі өзекті мәселелерді шешу үшін келесі тармақтардан тұрады:                                                                                                                                      

  1. «Дипломмен ауылға» жобасының ауылдық округте іске асуына қолдау көрсету, ауылдық округімізге жас мамандар тартып, оларға әлеуметтік тұрғыдан қолдау жасап, жан-жақты көмек көрсетуге атсалысамын;
  2. Ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын қадағалау. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың, қарттар мен мүгедектердің тұрмыс жағдайларын тұрақты түрде назарда ұстау. Мұқтаж жандарға көмек ұйымдастыру.
  3. Балалар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Ауыл жастарын елді мекендердің гүлденіп-көркеюіне үлес қосуға жұмылдыру.
  4. 2025 жылға дейін ауылдық округтегі денсаулық саласы бойынша Қаражота, Сарыбұлақ, Ақтоған. Малыбай ауылдарында жаңа ауылдық дәрігерлік амбулаторияларының салынуына ықпал ету;
  5. 2025 жылға дейін ауылдық округтегі білім саласы бойынша ауылдардағы қаражота, Малыбай ауылындағы мектептерге күрделі жөндеу мен Ақтоған, Сарыбұлақ ауылдарына жаңа мектептер салуға шешімін табу.
  6. Ауылдық округте ауылдардағы көшелерді жарықтандыру, тұрғындарды интернетпен қам-тамасыз ету, ұялы байланысты қоныстандыру және ауылда жастарға арналған шағын футбол алаңын салу, абаттандыру мәселелерін шешу, көше тазалығын сақтау шараларын ұйымдастыру;
  7. Пайдаланылмай жатқан және заңсыз алынған жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға ықпал ету.
  8. Ауылдық округіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани тұрғыдан дамуына мейлінше қолайлы жағдай қалыптастыру;
  9. Ауыл ішінде орналасқан шағын және орта кәсіпкерлерді қолдау, шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға және жаңа жұмыс орындарының ашылуына жәрдемдесу;
  10. Ауылдың инфрақұрылымын жаңғыртуға күш саламын. Шелек – Қаражота, Сарыбұлақ – Ақтоған тас жолыдарына асфальт төсеуге, сондай-ақ,  Қаражота мен Ақтоған ауылдарындағы жаңа дәрігерлік амбулатория салуға атсалысамын.

Өлкеміздің қай жерінде де тұрғындар өздерін толғандырып жүрген ірілі-ұсақты барлық мәселелерін алдымен өздері сайлаған депутаттарға айтып жатады.  Өйткені, депутат – халық сенімін иемденген тұлға, аманат жүгін арқалаған азамат. Бүгінгідей күрделі  кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің мүддесінен табылу кім-кімге де сын болатынын жақсы сеземін.

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен жоғарыда аталған өңір тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.

Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Жаңа Қазақстан құру жолында реформаларды жүзеге асыру және мемлекет басшысысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тың бастамалары арқылы біз ұлттық сананы өзгертеміз, отаншылдықты арттырамыз, ел бірлігін нығайтамыз, Тәуелсіздігіміздің тұғырын нықтай отырып, Қазақстанды өркениетті елдер санатына қоса аламыз.

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 513 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет