Жұма, 10 Наурыз 2023 16:06

№ 17 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат УЗАКОВ БЕКТУРСУН ОМИШОВИЧТІҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен Узаков Бектурсун Омишович, Алматы облысында дүниеге келдім. 1988-1990 жылдар аралығында Совет әскері қатарында болдым. 1990 жылдан бастап шаруа қожалығында төраға болдым. 1996-2008 жылға дейін Алматы қаласында жолаушы тасымалдау жол серігі болып жұмыс істедім. 2009-2012 жалға дейін Алматы әуежай қауіпсіздік инспекторы болып қызмет атқардым. Қазіргі уақытта ЖШҚ «Альтайыр» төрағасы  және «AMANAT» партиясының мүшесімін.

Отбасылымын, екі ұл, бір қызым бар.

 

Құрметті жерлестер!

Тәуелсіз еліміз қазіргі кезде өз мемлекеттігін түбегейлі орнатып, жарқын болашаққа нық қадамдармен жылжуда. Еліміздің алдында тұрған келесі міндет бұл – экономиканы дамытып, халқымыздың әл-ауқатын арттырып, дамыған елдер қатарына қосылу. Аудандық мәслихат депутатының негізгі міндеті – бұл өзіне сенім артқан округті елімізде қабылданып жатқан түрлі әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардан тыс қалдырмай, енгізуге және тиісті қаржының бөлінуіне барынша атсалысу. Осы өңірдің тумасы ретінде округтегі елді мекендердің мәселелері маған етене таныс және оларды шешу үшін қандай шаралар қолдану керек екендігі мәлім. Мен сайлаушыларыма құрғақ уәде беріп, жүзеге аспайтын жобаларды ұсынбаймы. Себебі, аудандық мәслихат депутатының қолында ешқандай әкімшілік-қаржылық ресурстар жоқ. Депутаттың негізгі мақсаты – өз округінің мәселелерін жетік білу, оны аудандық мәслихат отырыстарында көтеріп, оң шешімін табуына тиісті қаржының бөлінуіне ықпал ету. Бұл мақсатты іске асыруға даярмын. Депутаттың халық пен билік ортасындағы жаршысы екендігін ескере отырып, төмендегідей ұсынылған жұмыс бағыттарының іске асуына аянбай атсалысамын.

 

Құрметті сайлаушылар!

Қазіргі кезде елімізде іске асырылып жатқан реформалар мен даму бағдарламасының бірқатар жобаларды ауданымызға енгізіп, бөлініп жатқан орасан қаржының бір бөлігін алуға қолымыз жетсе, аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай едәуір жақсара түсер еді. Осы мәселенің шешілуін негізге ала  отырып, төмендегі бағыттарда жұмыс істеймін:

– тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал ету, бұл үшін осы бағыттағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу арқылы ауданымызда шағын және орта бизнесті дамытуға атсалысу, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту арқылы округ аумағында жаңа ауылшаруашылық және өнеркәсіп орындарын ашуға ықпал ету, сондай-ақ, жұмыспен қамту бағдарламалары аясында жаңа жұмыс орындарын ашу мен жұмыссыздарды қайта даярлауды ұйымдастыруға күш салу;

– елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешілуіне ықпал ету;

– елді мекендердегі көшелері мен жолдарды күрделі жөндеуден өткізу мәселесін шешуге атсалысу;

– халыққа мүлтіксіз қызмет етіп, реформалар нәтижесінде берілетін мүмкіндіктерді толыққанды пайдалана отырып ауылдың инфрақұрылымдарын дамытуға үлес қосамын;

– еліміздің ауылды дамытуға бағытталған экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын бақылау;

– ауданымыздағы әлеуметтік объектілердің: емханалар, ауруханалар, мектептер мен балабақшалардың материалдық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ жаңа әлеуметтік объектілердің ашылуына ықпал ету;

– жастарды қолдауға арналған іс-шараларға ұйытқы болу, олардың мәселелерін шешуге ықпал ету. Атап айтсақ, Қорам ауылдық округінде жастарға спорт сарайының салынуына ықпал ету;

– этносаралық татулық пен келісімді қорғауда; Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға атсалысу;

– аудан  көлемінде, әсіресе, Қорам  ауылында мемлекеттік тілдің аясын барынша кеңейту мақсатындағы жұмыстарға бастамашы болу.

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен Еңбекшіқазақ өңірі тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын. Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.

Бүгінгідей күрделі кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім-кімге де сын болатынын жақсы сеземін.

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 614 рет

Соңғы жаңалықтар

Шіл 14, 2025

Конаев этим летом: более 860 тысяч…

Конаев этим летом уверенно закрепил за собой статус одного из самых популярных…
Шіл 12, 2025

Балалардың қауіпсіздігі үшін: Қонаев…

Қауіпсіздік пен жайлылық – басты басымдық. Балалар 4 млрд теңге көлеміндегі жеке…
Шіл 11, 2025

Разъяснение по вопросу переселения…

Согласно информации управления образования Алматинской области сообщаем: в связи с…
Шіл 11, 2025

Алдымен адам папилома вирусы…

 Адам папилома вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын…
Шіл 10, 2025

«Е-өтініш –мемлекеттік органдарға…

Е-Өтініш – бұл Қазақстан Республикасының азаматтарына, ұйымдарына және заңды тұлғаларына…
Шіл 10, 2025

28 шілде — Дүниежүзілік вирустық…

28 шілде — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) белгілеген Дүниежүзілік вирустық…
Шіл 10, 2025

Чествование преданных делу…

В городе Қонаев состоялось торжественное собрание, посвящённое профессиональному…
Шіл 10, 2025

Қоғамдық денсаулық сақтау ісіне адал…

Қонаев қаласында кәсіби мереке — Ветеринария күніне арналған салтанатты жиын өтті.…
Шіл 10, 2025

Адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздік…

30 маусым күні Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жасар Максим Головачевке ит шабуыл…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет