Жұма, 10 Наурыз 2023 16:14

№ 4 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат КУСКЕЕВ НУРБЕК СЕРІКҰЛЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен, Кускеев Нурбек Серікұлы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 1984 жылы 10 қазанда дүниеге келдім. Білімім жоғары, Алматы құрылыс және басқару менеджментін бітіргенмін. Еңбек жолымды «Сәкен Нарыновтың шеберханасы» мекемесінде сәулетші болып бастадым. Қазіргі уақытта ТОО «Есік сәулетте» басшылық қызметін атқарып келемін.

Отбасылымын, 5 балам бар.

 

Құрметті жерлестер!

Еліміздің болашағына тікелей әсер ететін үлкен саяси науқаннан бәріңіз хабардарсыздар. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың әлеуметтік-экономикалық бағыттарда ұсынған тың бастамаларын іске асыру үшін елге берген уәдесін орындай білетін, халқына адал азаматтарды таңдау қажет. Жаңа Қазақстан құру үшін аталған белестен өту де оңай еместігі анық. Осы шақта ауызбіршілігімізді танытып, 19 наурызда өтетін сайлауға белсене қатысуларыңызды өтінемін. «Жері бай мемлекетіміздің елі де бай болса екен» деген менің де ізгі арманым бар. Ол үшін игі бастамаларды іске асыру жолында әрбір отандасымыздың міндет-борышы бар деп білемін.

Халық қалаулысы болу – зор жауапкершілік жүктейді. Елдің сеніміне ие болу және сол сенімді ақтау – орасан зор еңбектенуді, әрбір сайлаушының пікіріне құлақ асып, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысу деп білемін. Депутаттың негізгі мақсаты – өз округі мен қаласының мәселелерін жетік білу, оны аудандық мәслихат отырыстарында көтере білу және оның шешілуіне тиісті қаржының бөлінуіне ықпал ету. Бұл бағытта белсене жұмыс істеп, сайлаушыларымның сенімінен шығуға тырысамын. «Елге қызмет – ерге міндет» дегендей халықтың сенімінен шыға білсем, алдағы депутаттық мерзімге төмендегідей бағдарламамды ұсынамын.

 

Құрметті сайлаушылар!

–  Елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ықпал ету;

– Елді мекендердегі ауызсу құбырларын жөндеу және оны иелікке өткізу мәселесін алға тарту;

– Ауылдарды абаттандыру, жарықтандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына тиісті деңгейде қаржы бөлінуін назарда ұстауға, зейнеткерлер мен ардагерлердің, аналар мен балалардың, мүгедектердің, тұрмысы төмен отбасылардың мұң-мұқтаждықтарын тиісті органдарға жеткізіп, оң шешімін табуын жүзеге асыруға;

– Елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға үлес қосу;

– Экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын бақылау;

– Ауданымыздағы әлеуметік объектілердің емханалар, ауруханалар, мектептер мен балабақша, спорт алаңдарының материалдық жағдайын жақсартуға ықпал ету;

– Жаңа әлеуметтік объектілердің ашылуына ықпал ету;

– Жас мамандардың ауылға келуіне жағдай жасау, түрлі мемлекеттік бағдарламалардың кедергісіз іске асуына ықпал ету;

– Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындайтын ұстаздардың және өзге де жас мамандардың біліктілігін арттыруға кеңінен жол ашу;

– Демеушілік жолымен тұрмысы төмен, көпбалалы отбасы, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға оқу жылы барысында материалдық көмек көрсетуді қамтамасыз ету. Сонымен қатар ауылдағы дарынды балалардың республика көлеміндегі іс-шараларға қатысуына ықпал ету;

– Мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуына оңтайлы жағдай туғызуға;

– Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу шараларын жасауға ықпал етемін;

– Округке қарасты тұрғындардың әлеуметтік мәселелерінің шешімін табуына ықпал етемін. Сайлаушылармен үнемі байланыста болып, олардың ұсыныстарын мәслихаттың сессияларында және тиісті мекемелерге жеткізіп, олардың орындалуына тікелей араласамын;

– Біз бүгін жоғары технологияның дамыған заманында өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтамыз, бірақ ауыл мектептерінде компьютерленген бағдарламалар әлі де енгізілмеген. Демеушілік көмекке жүгіну арқылы кәсіпкерлердің ерікті түрде ауыл мектептерін қамқорлыққа алуын ұйымдастыру. Сондай-ақ, білім саласында туындаған түрлі мәселелердің шешілуіне барынша күш-жігерімді жұмсаймын.

 

Құрметті аудан  тұрғындары!

Маған сенім білдірсеңіздер, сенімге селкеу салмай өзіме тапсырылған құзыреттілігімнің аясында елімізге тиімді болатын барлық істі атқаруға дайынмын. Сіздердің дауыстарыңыз мен үшін маңызды.

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 641 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…
Қар 24, 2025

Терінің жұқпалы саңырауқұлақ аурулары

Терінің саңырауқұлақ аурулары – теріні, тырнақты және шашты зақымдайтын саңырауқұлақтан…
Қар 24, 2025

Мемлекеттік бақылау және қадағалау…

Мемлекеттік бақылау және қадағалау — қоғамдағы қауіпсіздік, сапа, құқықтық тәртіп және…
Қар 20, 2025

Тұрақтылықтың стратегиялық бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының…
Қар 19, 2025

Ғажайып дәрілерге сенеміз бе?

Соңғы жылдары Қазақстанда халық денсаулығын тез жақсартуды уәде ететін, түрлі атаумен…
Қар 19, 2025

Ғасырлар үні: Қазақ тілінің даму…

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани өзегі. Ол ұлттың дүниетанымын, мәдениетін, тарихын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет