Жұма, 10 Наурыз 2023 16:20

№ 6 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат НҮСІПҚОЖАЕВ ЕРЛАН ЖҮНІСБАЙҰЛЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен Нүсіпқожаев Ерлан Жүнісбайұлы, 1967 жылы 18 желтоқсанда Алматы облысы Нарынқол ауданы (бүгінгі таңда Райымбек ауданы) Сарыбастау ауылында дүниеге келдім. 1985 жылы сол ауылдың орта мектебін бітірдім. Қазіргі таңда Еңбекшіқазақ ауданының Ақши ауылында тұрамын. 1986-1988 жылдары әскери борышымды кеңес әскері қатарында Германия жерінде өтедім, кейін Алматы құрылыс және менеджмент колледжінде білім алып, «Теплотехник» мамандығы бойынша аяқтадым. Ал 2006 жылы «Дарын» әлеуметтік гуманитарлық институтынан педагог-психолог, психолог-заңгер мамандығын алып шықтым.

Еңбек жолымды 1985 жылы қарапайым жұмысшыдан бастап, кейін 1988-1992 жылдары ішкі  істер  саласында, ал 1997 жылдан бері тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында әртүрлі мамандықтарда еңбек еттім. Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ аудандық «Есік су» құбыры мекемесінде «мастер» қызметін атқарудамын.

Ақши ауылдық округі аумағында қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысамын, қауымдастық жиналысының өкілімін және қамқоршылар комитетінің заңгері және төрағаның орынбасарымын.

Қазақстан халық партиясының мүшесімін және VII шақырылған аудандық маслихаттың депутаты болдым.

 

КАНДИДАТТЫҢ ҮНДЕУІ

«Ұлым» деп тұрған елге «елім» деп емірену қажет. Сондықтан менің мақсатым – туған елдің, туған жердің өзекті өткір мәселелерін шешуге барынша атсалыса отырып, елге лайықты қызмет ету арқылы өзімнің азаматтық парызымды орындау.

Мен Еңбекшіақазақ аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған жағдайда, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын басшылыққа ала отырып өзіме жүктелген міндеттер мен өкілеттіктердің аясында осы сайлауалды бағдарламамда көзделген бағыттарды іске асыру үшін бар жинақтаған тәжірибемді, күш жігерімді жұмсайтын боламын.

Осыған байланысты, сіздердің алдарыңызға Қазақстан Халық партиясынан Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты депутаттығына №6 сайлау округі бойынша кандидат ретінде Өзімнің сайлауалды бағдарламамды назарларыңызға ұсынамын.

 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

1-мақсат: Тұрғындар мен жергілікті әкім аппараты арасындағы сенім қағидатын күшейту мақсатында, қордаланып қалған өзекті мәселелер мен қоғамдық құндылықтарға жіті назар аударып, оларды шешуге мүмкіндік жасау;

2-мақсат: Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының рөлі мен жұмысын жетілдіруге қатысу;

3-мақсат: Ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аудару;

4-мақсат: Елді мекендерді әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге,  жол және көлік  инфрақұрылымын, тұрғын-үй коммуналдық саланы жаңғыртуға бағытталған жұмыстарға бастамашылық жасау;

5-мақсат: Округ тұрғындарының қолайлы тұрмысы үшін халықты сумен, жылу мен жабдықтау және көшелер мен аулаларды абаттандыру мәселелеріне,  жарықтандыру жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асыру мәселелерін шешу бастамашылық жасау;

6-мақсат: «Біз – таза ауыл үшін!» ұстанымын басты бағыт етіп, тұрғындар денсаулығы мен ауыл тазалығын қамтамасыз ету мақсатында қалдықтар төгілетін аумақтың мәселесін шешуге назар аудару.

7-мақсат: Ауыл шаруашылығы саласы мен ауылдық аймақтарды кешенді дамыту – өзекті мәселелерді (жер, маман, технология, суармалы егіншілік, қаржыландыру, кооперация) шешуге ат саласу;

8-мақсат: Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізу және өзекті мәселелерді шешу арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайларын арттыру;

9-мақсат: Жастарға қолдау көрсетуге бағытталған шаралардың ауқымын арттыруға, олардың табысты әлеуметтенуі, жастардың әлеуетін дамыту үшін нақты жағдайдың жасалынуына назар аудару.

10-мақсат. Округ тұрғындарының, әсіресе, жас буынның бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауылға спорт инфрақұрылымдарын жаңғыртуға күш салу.

 

Құрметті ауылдастар, ардақты ағайын!

Сіздерді сайлауда Менің кандидатурамды қолдауға шақырамын. Мен алдыма Сіздердің сенімдеріңізді ақтау міндетін қоямын. Халықтың дауысы мен еркі бар екенін дәлелдейік! Жеңіске бірге жетейік!

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 551 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет