Жұма, 10 Наурыз 2023 16:32

№ 14 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат БАЙШЕКОВ ЭРЛАН ИЛЬДАРҰЛЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

 

Мен, Байшеков Эрлан Ильдарұлы 1987 жылы 27 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында дүниеге келдім. Жоғары білімім бар: 2009 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде жер кадастры мамандығы бойынша тәлім алдым. Еңбек жолымды 2008 жылдан АГДП НПЦ зем мекемесінде техник маманы ретінде бастадым. 2019 жылдан бері Тіркеу және жер кадастры бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарудамын. 2020-2022 жж. аудандық мәслихаттағы VII шақырылым депутаты болдым.

Отбасылымын.

        

Құрметті жерлестер!

Қазақстан – біздің ортақ Отанымыз. Оның игілігі де баршамызға – ортақ. Әрқайсымыздың атқарған ізгі істеріміз, яғни саяси көзқарасқа, тілге және діни танымдарға қарамастан мемлекетіміз бен ондағы халықтардың мүддесіне бағытталуы тиіс. Жасөспірімдер тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, жастар тәрбиесіне, ұлттық, мәдени орталықтардың, спорт ұйымдарының жан-жақты жұмыс істеуіне, зейнеткерлерді қамқорлыққа алып, олардың тұрмыстық деңгейін көтеруге және аудан жұртшылығының әл-ауқатын арттыру жөніндегі өзекті мәселелерді ортаға салып, шешіп отыруды борышым деп білемін. «АMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде әріптестеріммен бірлесіп бірқатар жұмыстар жүргізгенмін. Үміт артсаңыздар, болашақта да ел сенімін ақтайтын нақты жоспарларым бар.

Әрбір адам, мейлі ол қалада немесе ауылда тұрсын, өзінің тұрған жерінің көркеюіне үлесін қосуы керек. Менің бағдарламам Қаракемер ауылдық округін  аудан, облыс көлемінде алдыңғы қатардан көрінуіне күш-жігерімді жұмсау. Ол үшін халықтың өкілі болу арқылы ықпал ету қажет екенін түсінемін.

 Құрметті сайлаушылар!

Әрине халыққа уәде беру мен үшін оңай нәрсе емес. Ол уәдені орындау одан да қиын болса да, үлкен жауапкершілікті мойыныма артпақпын. Біздің басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстан ҚҰРУ! Ел мүддесі үшін білек түрер сәтте мен бағдарламама бірқатар міндеттер қойдым. Оларды аудандық мәслихат депутаты ретінде орындауға дайынмын.

– Қаракемер ауылына учаскелік полиция пунктін салуға;  

– Қаракемер ауылдық округінің аумағындағы стихиялық полигондарды жоюға арналған полигонды салуға;    

– Қаракемер, Сатай ауылдарындағы электр желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

– Сатай, Талдыбұлақ ауылдарының көшелеріне жарықтандыру бағаналарын орнатуға;

– Сатай ауылына жаңа мектеп салынуына ықпал етуге;

– Сумен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуіне ықпал етуге;

–  Ұлтаралық, дінаралық татулықты сақтау жолында жұмыстар жүргізуге:

– Ауыл жастарының денсаулығы үшін спортпен шұғылданатын ғимарат салғызуға;

– Ауылдағы талантты жастар мен жасөспірімдердің тасада қалмай өнерін жан-жақты дамыту жолдарын қарастыруға;

– Тұрғындар арасында ауыл тазалығын сақтау мәдениетін қалыптастыруға;

– Жастарды қолдауға арналған іс-шараларға ұйытқы болу, олардың мәселелерін  шешуге ықпал етуге бар күш-жігерімді саламын.    

Менің сайлауалды бағдарламамда жоғарыда аталған жұмыс жоспарымның негізгі бағыттары аудан тұрғындарының өмірін, денсаулығын және әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Осы бағдарламамды жүзеге асыруға бар білімімді, тәжірибемді және күш-жігерімді жұмсауға әзірмін. Менің басты мақсатым – ауданымыздың игілігі!

 

Құрметті сайлаушылар!

Әлем көз алдымызда аса жылдам қарқынмен дамып бара жатқанын көріп отырмыз. Соған сәйкес Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүргізіп отырған саяси, экономикалық бағыттарын қолдасақ өкінбейміз деп сеніммен айта аламын. Сол себепті әрбір отандасымыз еліміздің дамып, тәуелсіздігіміздің тұғыры нық болуы үшін, өз әлінше үлесін қосуды ұмытпауы шарт.

Мен Еңбекшіқазақ өңірі тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға қатысамын.

Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Мықты мемлекет құру жолында Маған сенім білдірсеңіздер, сіздердің зор сенімдеріңізді ақтап, Қаракемер ауылдық округінің көркейіп, гүлденуіне аянбай қызмет етемін!

19 наурыз күні саяси науқанға барша тұрғындарды қатысуға шақырамын. Әрқайсыңыздың дауыстарыңыз ел үшін де, мен үшін де өте маңызды.

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 706 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет