Жұма, 10 Наурыз 2023 16:41

№ 15 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат СЫДЫКОВА НАЗГУЛЬ ҚАЙРАТҚЫЗЫНЫҢ

Мен, Сыдыкова Назгуль Қайратқызы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 1986 жылы 13  қаңтарда дүниеге келдім. Білімім жоғары, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заңгер мамандығын бітіргенмін. Еңбек жолымды Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылдық әкімдігінің жетекші маманы болып бастадым. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкер болып қызмет атқарып келемін.

 

Құрметті жерлестер!

Менің ойымша аудандық маслихат депутатының негізгі міндеті – бұл өзіне сенім артқан округті елімізде қабылданып жатқан түрлі әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардан тыс қалдырмай, енгізуге және тиісті қаржының бөлінуіне барынша атсалысу.

Осы өңірдің тумасы ретінде округтегі елді мекендердің мәселелері маған етене таныс және оларды шешу үшін қандай шаралар қолдану керек екендігін де жақсы білемін. Бұл мақсатты іске асыруға даярмын. Депутаттың халықпен билік ортасындағы жаршысы екендігін ескере отырып, төмендегідей ұсынылған жұмыс бағыттарына аянбай атсалысамын. 

Қымбатты қауым!

Мен сіздерге құрғақ, іске аспайтын уәделер бермеймін. Себебі, аудандық мәслихат депутатының қолында ешқандай әкімшілік-қаржылық ресурстар жоқ. Депутаттың негізгі мақсаты – өз округінің мәселелерін жетік білу, оны аудандық мәслихат отырыстарында көтеру және оның шешілуіне тиісті қаржының бөлінуіне ықпал ету. Бұл тұрғыда мен аянбай еңбек ете отырып, халық пен биліктің арасындағы жаршысы болуға дайынмын.

Қазіргі кезде елімізде іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бірқатар жобаларына ауданды енгізіп, бөлініп жатқан орасан қаржының бір бөлігін алуға қолымыз жетсе, аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай едәуір жақсара түсер еді. Осы мәселенің шешілуін негізгі бағдар етіп ала отырып, төмендегі бағыттарда жұмыс істейтін боламын:

– Мемлекеттік бағдарламаларды тұрғындарға жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, тиісінше халықты жұмыспен қамту,ауданды дамытуға бағытталған экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын бақылау;

– Округ аумағында жаңа ауылшаруашылық және өнеркәсіп орындарын ашуға атсалысу;

– Сондай-ақ, жұмыспен қамту бағдарламалары аясында жаңа жұмыс орындарын ашу мен жұмыссыздарды қайта даярлауды ұйымдастыруға ықпал ету;

– Елді мекендердегі жолдарды күрделі жөндеуден өткізу мәселесін шешуге ықпал ету;

– Ауданымыздағы әлеуметтік объектілердің: емханалар, ауруханалар, мектептер мен балабақшалардың материалдық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ жаңа әлеуметтік объектілердің ашылуына ықпал ету;

– Жастарды қолдауға арналған іс-шараларға ұйытқы болу, олардың мәселелерін шешуге ықпал ету;

– Ауыл жастарының тұрақты түрде спортпен шұғылдануы үшін талапқа сай жабдықтармен қамтамасыз етілген спорт ғимараттарының бой көтеруіне атсалысу;

– Ауылдарды көгалдандыру, көркейту, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету;

– Көптеген ұлттың өкілдері өмір сүріп жатқан қоғамымыздағы ұлтаралық татулықты сақтау;

– Жергілікті өзін-өзі басқаруды, жергілікті қауымдастық өкілдерінің қоғамдағы рөлін арттыру;

– Ауылды жерлерде спортпен айналысуға, мәдени ошақтарының жұмысын жандандыруға атсалысамын;

– Шағын және орта бизнесті дамыту секілді мәселелердің шешімін табуына ықпал етемін.

 

Құрметті сайлаушылар!

Кез келген игі бастаманы іске асырмастан бұрын бізге ең әуелі ауызбіршілік керек екені анық. Наурыз айының 19 жұлдызында өткелі тұрған мемлекетіміздің тағдырына тікелей әсер ететін саяси науқанда, әрбір отандасымыз қоғамның ажырамас бөлшегі ретінде өз белсенділігін танытса екен. Әр адамның дауысы қашан да зор маңызы ие.

Жоғарыда назарларыңызға ұсынған сайлауалды бағдарламамның іске асуын қаласаңыздар, маған сенім білдірулеріңізді сұраймын. Сіздердің үміттеріңізді ақтау үшін барымды саламын. Сол себепті бұл мәселеге бей-жай қарамай, баршаңызды дауыс беруге шақырамын.

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 685 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет