Жұма, 10 Наурыз 2023 16:49

№ 16 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ТАЙЧИБАЕВ НУРЖАН ЭЛЬМУРАТҰЛЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен Тайчибаев Нуржан Элмуратұлы, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қызылжар ауылында 1976 жылы 14 сәуір күні дүниеге келдім.  1983 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын тәмамдап, еңбек жолымды 1997 жылы Төле би ауылы Төле би орта мектебінде мұғалім болып бастадым. 2009-2011 жылдар аралығында «Петро Казахстан» компаниясында супервайзер болып жұмыс істеп, қазіргі таңда жеке кәсіпкермін.

Отбасым, үш ұл, бір қызым бар.

 

Құрметті жерлестер!

Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, басқараусыз, иесіз қалған жерлерді игеру, салық саясатын ретке келтіру, жастарды туған жерде жұмыс істеп, оның мәдениетін көтеруге жұмылдыру, ұлтаралық қатынастарды одан әрі жақсарту, әдет-ғұрыпты сақтау – бұл біздің басты парыз, абыройлы міндетіміз. Үлкенді сыйлау, ұстазға құрмет көрсету, жалғызбасты аналарға, көпбалалы жанұяларға, соғыс, еңбек ардагерлеріне қолұшын беріп, шамамыз келгенше көмектесу, халқытың мұң-мұқтажын тиісті органдарға дер кезінде жеткізу – азаматтық парызымыз. 

Құрметті сайлаушылар!

Ауылдық округімізді өркендету жолында атқарар жұмыс шаш-етектен. Осындай маңызды жүкті арқалап, елді мекендерді дамыту жолында бар күш-жігерім мен білімімді жұмсауға дайынмын.

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

– Көшелерді толығымен жарықтандырып, көшелер мен жолдарды күрделі жөндеуден өткізу мәселесін шешуге атсалысу;

– Сумен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуіне ықпал ету;

– Дамуға бағытталған экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын бақылау;

– Ауданымыздағы әлеуметтік объектілердің емханалар, ауруханалар, мектептер мен балабақшалардың материалдық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ жаңа әлеуметтік объектілердің ашылуына ықпал ету;

– Жастарды қолдауға арналған іс-шараларға ұйытқы болу, олардың мәселелерін шешуге ықпал ету;

– Білім беру жүйесі, оның ішінде жасөспірімдерді дене тәрбиесі мен спортқа баулу;

– Ауызсу мәселесі, көгалдандыру мәселесі және де округ инфрақұрылымын жетілдіру;

– Қылмыспен күрестің тиімділігін арттыруға;

– Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жұмыссыздарды кәсіптік-техникалық мамандығына даярлауды ұйымдастыруға,

– Округте спортты дамытуда, стандиондарды жаңарту, жаңа спорт кешенін салу жұмыстары – басты мақсаттарымның бірі.

Мен жоғарыда аталған жоспарларымды іске асырып, округімізді, Еңбекшіқазақ ауданын одан әрі дамытуды  жоспарлап отырмын. Әділетті Қазақстанда әділетсіздікке жол бермеу керек деп есептеймін. Сол себепті билік халыққа жақын болуы қажет және оған нақты қадамдар жасалуда.

Өз елінің нағыз патриоты ретінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құруға және оның Қазақстандағы деңгейін төмендетуге, халқымыздың бірлігін нығайтуға ұмтылатын боламын.

 

Құрметті сайлаушылар!

Шын мәнінде әлемде экономикалық және геосаяси ахуал тұрақ таппай, сан құбылып тұрған шақта Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халқымызды қауіп-қатерден аман шығару үшін барын салуда. Ел игілігіне арналған Жаңа Қазақстанды құру үшін, біріншіден, бірлік, екіншіден, адал тірлік қажет. Алдымызда келе жатқан сайлау науқанын абыроймен, әділ өткере білсек, мемлекетіміз тың серпінмен алдағы уақытта бәрін жақсартуға күш саларына зор сеніммен қараймын.

Мен Еңбекшіқазақ өңірі тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін додаға түстім. Осы орайда туған елімнің қолдауына жүгінгелі отырмын. Маған сенім артсаңыздар, сіздердің зор сенімдеріңізді ақтаймын. Өзіме берілген құзыретімнің аясында Көктөбе ауылдық округінің көркейіп, гүлденуіне аянбай қызмет ететін боламын!

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 755 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет