Жұма, 10 Наурыз 2023 16:57

№ 21 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат АМАНГЕЛДЫ МАҢҒАЗҰЛЫ ТОЛҚЫНОВТЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен, Амангелды Маңғазұлы Толқынов 1965 жылы 15 сәуір айында Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылында дүниеге келдім. Білімім бар: 1984 жылы Алматы қаласындағы Қарғалы кооперативтік техникумын сатушы мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды 1985-1990 жылдар аралығында Есік қаласында Тұтыну корпорациясында сатушы қызметінде, 1990-1998 жылдар аралығында Агроферма «Бірлік» бригадир қызметін атқардым. 1998 жылдан жеке кәсіпкермін. «Қолдаушы» медалімен, аудан әкімінің құрмет грамотасымен және округ әкімінің құрмет грамотасы, алғыс хаттарымен марапатталғанмын.

Үйленгенмін, үш баланың (бір қыз, екі ұл) әкесімін.

 

Құрметті жерлестер!

«Толқынов» шаруа қожалығының басшысы және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік жобаларға қатыстым. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Ұлттық жобалар шеңберінде 5 адамды уақытша жұмысқа қабылдадым.

2022 жылғы ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыхалықтық Референдумы барысында қоғамдық округ штабы мүшесі ретінде 80 адамды құрайтын 4 кездесу өткіздім.

Жылда округте «Мектепке жол» акциясы бойынша аз қамтылған отбасындағы мектеп жасындағы балаларға көмегімді көрсетіп отырамын. Сол сияқты округ бойынша өтетін 8 наурыз, 22 наурыз, 1 маусым – Балалар күні, 1 қазан – Қарттар күні мерекелеріне демеушілік көмегін көрсетіп тұрамын. 

Құрметті сайлаушылар!

Біздің басты мақсатымыз – дамыған елдер қатарына қосылу. Мен өзіме бірқатар міндеттер қойдым, оларды аудандық мәслихат депутаты ретінде орындауға дайынмын.

  1. Азат орталау мектебі 1923 жылы салынған, 140 орындық. Оқып жатқан балалар саны – 425. Күрделі жөндеу ешқашан болмаған. Жылда ағымдағы жөндеу жүргізуге күш саламын;
  2. Азат ауылында халық санының өсуінен ауызсу жетіспеушілігіне байланысты, ауыз суы құбырларын тарту, резервуар каптажын жөндеуге ықпал етемін;
  3. Көшелерге асфальт төсеуге ықпал етемін;
  4. 40-30 жылдан бері қолданылып келе жатқандықтан шойыннан жасалған құбырлар тозып тесіліп жатыр, елді мекендер ішіндегі ауызсу құбырларын жаңартылуына ықпал етемін;
  5. Қайназар ауылында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жүргізу. Мектеп 1977 жылы салынған, 420 орындық. Бүгінгі күні 1000 оқушы 3 аусымда оқиды. Жаңа мектеп құрылысының жүргізілуіне үлес қосамын;
  6. Мал шаруашылығының дамуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекет тарапынан әлеуметтік осал топтар үшін көмек көрсетіліп, оларға қолдау көрсетілуін қамтамасыз етемін.

Мен жоғарыда аталған жоспарларымды іске асырып, Еңбекшіқазақ ауданын одан әрі дамытуды жоспарлап отырмын.        

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауында жаңа Қазақстанды қалай құру туралы және Парламент, Мәжіліс, облыстық және аудандық депутаттар сайлауын әділ жүргізу, сонымен қатар Президент пен сайлау комиссиясының мүшелері ешқандай партияда болмауы керек екенін баса айтқан болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің саяси жүйесін жаңарту туралы кешенді жобаны қабылдағанын айтқан еді. Бұл барлық қоғам асыға күткен жоба болды. Құр науқан үшін реформа жасамау, тек қағаз бетінде жүзеге асқан, шын өмірде ізі де жоқ жалған көпірме сөз емес. Нақтылы қолға ұстайтын жұмыстар арқылы елдің жағдайын жақсартуды көздеген ел басшысы жобаларды ортаға қойып халқын қуантты. Өз елінің нағыз патриоты ретінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құруға және оның Қазақстандағы деңгейін төмендетуге, халқымыздың бірлігін нығайтуға ұмтылатын боламын.

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына, округтің көркеюі ауылдық округ тұғындарын толғандыратын мәселелерді жүзеге асыру үшін сайлауға барамын.

Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Мемлекеттің мықты болуы үшін ұлттың ұйыса білуі айрықша маңызды екені сөзсіз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болсын! Біз жаңа Қазақстанды бірге құрамыз!

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 742 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…
Қаң 22, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты.…
Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет