Жұма, 10 Наурыз 2023 17:14

№ 27 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат БЕКОВ РИНАТ БАҚЫТЖАНҰЛЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен, Беков Ринат Бақытжанұлы 1987 жылы 2 қарашада Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында дүниеге келдім. 2 жоғары білімім бар: 2009 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Ақпараттық жүйе» мамандығы бойынша, 2017 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетін «Музыкалық білім» мамандығы бойынша тәмамдадым. 2009 жылы жастарға арналған «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы «Салық басқармасында» бағдарламашы болып жұмыс атқардым. 2010-2014 жылдар аралығында Шелек «Казпошта» торабында оператор қызметін атқардым. 2015-2016 жылдар аралығында Шелек ауылдық мәдениет үйінің директоры, 2016-2017 жыл аралығында аудандық мәдениет үйінің директоры қызметін атқарып, 2017 жылдан бері Шелек ауылдық мәдениет үйінің директоры болып жұмыс жасап келемін.

«Құрмет» орденімен марапатталғанмын.

Үйленгенмін, төрт балам бар.

 

Құрметті жерлестер!

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып, өз алдына өркендеп өсіп келе жатқанына 30 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт арасында талай жетістіктер мен жаңашылдықтарға, жасампаздыққа куә болып келеміз. Оған дәлел Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан – 2023» үндеуі дәлел деп білемін. Дәл осы жаңа Қазақстанға қадам басу үшін ауылдық, аудандық мәселелерді көтеріп, оң нәтижесіне жету менің аудандық мәслихат депутаттығына қойған негізгі мақсатым.

«Жас келсе іске» демекші менің ойымша кез келген бастамада, кез келген жобада жастардың атсалысып, белсене қатысуы шарт. Ал аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде алға қойған міндетім – өзіме сенім білдіріп отырған ауыл, аудан, округ тұрғындарының мәселелерінің шешімін тауып, қаржылық, әлеуметтік жағдайын көртеру болып отыр.     

Құрметті сайлаушылар!

Біздің басты мақсатымыз – әділ Қазақстан құру! Мен өзіме бірқатар міндеттер қойдым, оларды аудандық мәслихат депутаты ретінде орындауға дайынмын.

Біздің аудандағы елді мекендер еліміздегі ең ірі мегаполис Алматы қаласына жақын орналасқан, сондықтан ауданымыз бен округ халқының әл-ауқатын арттыру нәтижелі жұмыс болатыны анық. Қазіргі кезде елімізде іске асырылып жатқан жаңа реформалармен даму бағдарламасының бірқатар жобаларына ауданымызды енгізе отырып, бөлініп жатқан қаржының бір бөлігін алуға қолымыз жетсе, аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай едәуір жақсара түсер еді. Айта кетсек ауданымыздағы тұрғын саны жағынан ең үлкен Шелек ауыдық округі, Шелек ауылына аса мән берсем деген ойым бар. Осы мәселенің шешілуін негізгі бағдар етіп ала отырып, төмендегі бағыттарда жұмыс істейтін боламын:

– Білім беру ұйымдарына жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаржыны қадағалап, ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу;

– Елді мекендерге жаңа емханалар салу, және керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге жағдай жасау;

– Ауыл-аймақтарды таза сумен қамтамасыз ету, сонымен қатар кәріз су жүйелерін салу жұмыстарына атсалысу;

– Көпқабатты тұрғын үйлердің салынуы мен жөндеу жұмыстарын жасалынуын қадағалау;

– Жастарға арналған спорт кешендері, спорт комплекстерінің ашылуына атсалысу, балаларға арналған ойын алаңдарын жабдықтауды қадағалау;

– Елді мекендердегі көшелері мен жолдарды күрделі жөндеуден өткізу мәселесін шешуге атсалысу, жол ережесі белгілерін орнатуды қамтамасыз етуге ықпал жасау;

– Елді мекендердегі мәдениет саласына аса көңіл бөлу, мәдениет үйлеріне керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ықпал жасау;

– Жеке, шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған отырыстар өткізіп, жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын дайындай отырып, жаңа кәсіпорындардың ашылуына ықпал етіп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етілуіне үлес қосу;

– Елді мекендерді тазалық жұмыстары мен көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын қолға алу;

– Құқық бұзушылықпен күрес жұмыстарын жүргізу;

– Елді мекендердегі негізгі мәселелердің бірі – газ тартқызу жұмыстарын қадағалау;

– Халыққа мүлтіксіз қызмет етіп және реформалар нәтижесінде берілетін мүмкіндіктерді толыққанды пайдалана отырып ауылдың инфрақұрылымдарын дамытуға үлес қосамын;

– Дамытуға бағытталған экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын бақылау;

– Жастарды қолдауға арналған іс-шараларға ұйытқы болу, олардың мәселелерін шешуге ықпал ету.

 

Құрметті сайлаушылар!

Өзімде ауыл тұрғыны болғандықтан, халық арасындағы мәселелер маған етене таныс және оларды шешу үшін қандай әрекеттер жасау керек екендігі маған мәлім. Құр сөз бен көп уәде бермесем де, қолымнан келгенінше қазақ халқы мен Қазақстанның дамуына үлес қосатыныма сенімдімін. Аудандық мәслихат депутатының қолында қаржылық ресурстар болмайтындығы бәрімізге мәлім. Десек те, аудандық мәселелер және оны шешу үшін нақты жобаларды ұсынып, оны аудандық мәслихат отырыстарында көтеріп, оң шешімін табуына тиісті қаржының бөлінуіне ықпал ететін боламын. Депутаттың халық пен билік ортасындағы жаршысы екендігін ескере отырып, ұсынылған жұмыс бағыттарының іске асуына аянбай атсалысамын.

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 679 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…
Маус 26, 2025

Ақпарат айдынында

28 маусым күні елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні аталып өтеді.…
Маус 26, 2025

Көз көрген

1992 жылы Тәуелсіздігімізге жыл толды. Өзіміздің Ата заңымыз, Ел басымыз, Мемлекеттік…
Маус 26, 2025

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі…

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен…
Маус 26, 2025

МВД: Пранки не повод нарушать закон

Министерство внутренних дел обратилось к "пранкерам", передает Polisia.kz. - Уважаемые…
Маус 26, 2025

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады, -…
Маус 25, 2025

Жазғы шомылу маусымы: жағажайлардың…

Алматы облысында жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарының…
Маус 24, 2025

Алматы облысы әкімінің өкімімен…

Бақытнұр Бақытұлы 1986 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Нархоз университетін…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет