Дүйсенбі, 13 Наурыз 2023 15:10

№4 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ХАСЕНОВ ДӘУРЕН ҚАЙЫРЖАНҰЛЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен, Хасенов Дәурен Қайыржанұлы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Өрікті ауылында 08.08.1988 жылы дүниеге келдім. 2009 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін «Тарих» мамандығы бойынша аяқтадым. 2011 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдадым.

2010 жылы Талғар қаласының Д.Қонаев атындағы заң колледжінің директорының мадақтамасымен, 2011 жылы Талғар ауданы әкімі орынбасарының Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Алғыс хатымен марапатталдым.

2019 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысамын.

 

Құрметті Есік қаласы мен Өрікті ауылының тұрғындары!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауымен таныса келе Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде №4 сайлау округіне құжатымды тапсырдым.

Президенттің жолдауынан: «Билікті орталықсыздандыру үдерісін тереңдете түспесек, саяси жаңғыруды табысты жүргізу және азаматтық қоғамды дамыту мүмкін емес. Біз нақты өкілеттіктерді орталықтан өңірлерге беру ісін жалғастырамыз. Ең алдымен, мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару институттарының міндеттерін тиімді ажырату қажет.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың мықты жүйесі азаматтардың өзі тұратын жердегі тұрмыс сапасын жақсартуға тікелей қатысуына негіз болатынын түсінуіміз керек. Қазақстандықтардың өз қаласы, ауданы мен ауылына деген жауапкершілікті мойнына алуға қашан да дайын екені анық. Адамдарды жете бағаламауға болмайды. Оларға қолдарынан келетін өкілеттіктерді беруден қорықпаған жөн.

Саяси жаңғыру аясында мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі буынына айналуға тиіс. Бүгінде олар жергілікті мемлекеттік басқару әрі жергілікті өзін-өзі басқару институты ретінде гибридті сипатқа ие болып отыр. Сондықтан мәслихаттардың өкілеттігін нақты белгілеу қажет.

Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен еліміздің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды. Бұған тарихтан талай мысал келтіруге болады. Біз келешегіміз кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға сенеміз. Әрбір азаматтың конституциялық құқығы мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеміз. Мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырамыз. Маңызды шешімдер жұртшылықтың қатысуымен ашық қабылданады. Өйткені, мемлекет әр азаматтың үніне құлақ асады. Адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе әрдайым жоғары бағаланады. Мен жаңа Қазақстанның осындай ел болғанын қалаймын.

Мақсатқа жету үшін мемлекеттік аппаратты жаңарту немесе кадрлық ауыс-түйіс жасау жеткіліксіз. Өзгерісті әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Әрбір адам және бүкіл қоғам жаңғыруы қажет. Құндылықтарымыз түбегейлі жаңаруға тиіс. Мұның бәрі – оңай жұмыс емес, біртіндеп қалыптасып, жылдар бойы жалғасатын үдеріс. Бұл жұмыс бізден жоғары жауапкершілікті, елімізге және бір-бірімізге деген жанашырлықты талап етеді. Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі де өз қолымызда. Сондықтан баршаңызды жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін!» – деген көзқарасы маған болашақ Жаңа Қазақстанды құруда өз үлесімді қосуға септігін тигізді.

Сайлауалды бағдарламамды 3 бағытқа бөлдім:

  1. Демократиялық ашық қоғам.
  2. Қала мен ауылды өркендету.
  3. Дені саудың – жаны сау.

                                                         

Демократиялық ашық қоғам. Халық билігі, теңдік, әділеттілік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік жүйеде ғана ашық қоғам құруға болады. Мемлекетіміз де – биліктің түп иесі халық болып табылатын демократиялық республика. Әр адамның негізгі құқығы және бостандық нормалары белгіленген, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Әркім өзі қалаған саяси және діни көзқарастарды, мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы берілген, соның ішінде сын құқығы заң жүзінде қорғалады. Атам қазақ «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деп айтса, Абай атамыздың таяқтың екі ұшы болатынын ескерткендей «Сын түзелді, тыңдаушы сен де түзел!» дегені бар.

Тап осы кезең талай кемшіліктің бетін ашып, қоғамдық санаға серпіліс туғызған, мемлекет бағдарын жаңа арнаға бұрған бетбұрыс кезеңі ретінде халық көңіліне үміт ұялатып отыр. Болған жайдан сабақ алып, болашаққа байыпты қадам жасау үшін «Жаңа Қазақстан» идеясының мәні зор.

Қала мен ауылды өркендету. «Еңбек адамды қашан да бақытқа бөлейді» деген сөз бекер емес. Адал еңбектің арқасында әр адам өз бақытын табады. Өзіне ғана тиесілі, өзіне ғана лайық жолмен жүріп, тірлік жасайды. Халық еңбекке бейім болса, ел ырысқа кенеліп, өзгелермен терезесі теңеліп, бақуатты, бәсекеге қабілетті мемлекет болып нығаяды.

Қала мен ауылды қатар дамыту. Яғни, өндіріспен ғана шектелмеу керек. Дұрысы – ауыл шаруашылығы саласына көңіл бөлу. Себебі аталған сала арқылы ауылды да, қаланы да дамытуға мүмкіндік мол. Қалаларды олармен іргелес жатқан ауылдардан бөліп алып қараудың қажеті жоқ. Бәрі кешенді түрде қамтылуы керек. Ауылда өндірілген көкөніс, бақша өнімдері жақын қалада саудалануы қажет. Осындай тізбек керек. Сонда ауыл мен қала арасындағы байланыс жанданады.

Дені саудың – жаны сау. Кез келген елдің болашағы – халқының денсаулығына байланысты екенін дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы. Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» деп атам қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн.

 

Құрметті жерлестер!

Бұл бағыттардан да басқа өңірдің өзекті мәселелерін көтерерім анық. «Жаңа Қазақстан» идеясын бірге жүзеге асырайық!

Баршаңызды 19 наурыз күні сайлауға қатысып, Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының, №4 сайлау округі бойынша түсіп жатқан кандидаттар арасынан өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын.

_____________________________________________________________________________________________________

Предвыборная программа кандидата в депутаты

Енбекшиказахского районного маслихата

по избирательному участку №4

ХАСЕНОВА ДАУРЕНА КАИРЖАНОВИЧА

 

Я, Хасенов Даурен Каиржанович, родился 08.08.1988 году в селе Өрікті Енбекшиказакского района Алматинской области. В 2009 году окончил Казахский национальный педагогический университет имени Абая по специальности «История». В 2011 году окончил Казахский национальный педагогический университет имени Абая по специальности «Правоведение».

В 2010 году награжден благодарственным письмом директора юридического колледжа имени Д.Конаева города Талгар. В 2011 году награжден благодарственным письмом заместителя акима Талгарского района в честь 20-летия Независимости.

С 2019 года занимаюсь частным предпринимательством.

 

Уважаемые жители города Есик и села Өрікті!

После ознакомления с Посланием Главы государства Касым-Жомарта Токаева от 16 марта 2022 года «НОВЫЙ КАЗАХСТАН: ПУТЬ ОБНОВЛЕНИЯ И МОДЕРНИЗАЦИИ» народу Казахстана, я представил свои документы как кандидат в депутаты Енбекшиказахского районного маслихата по избирательному округу № 4.

Слова из послания Президента: «Успешная политическая модернизация и развитие гражданского общества невозможны без дальнейшего углубления процесса децентрализации власти. Мы продолжим передавать реальные полномочия из центра в регионы.

Прежде всего, необходимо эффективно разграничить функции государства и институтов местного самоуправления. Надо понимать, что сильная система местного самоуправления – это базовая основа для прямого участия граждан в улучшении качества жизни в своем родном населенном пункте.

Без сомнений, казахстанцы уже давно готовы брать ответственность за свои города, районы и села. Не следует недооценивать людей и бояться передавать им полномочия, которые они в состоянии взять на себя.

В рамках политической модернизации маслихаты должны стать ключевым звеном местного самоуправления.

Сегодня они имеют гибридную природу, являясь одновременно институтом местного государственного управления и местного самоуправления. Поэтому необходимо четко обозначить полномочия маслихатов.

Новый Казахстан – это образ будущего нашей суверенной страны.

Народ, который не верит в будущее, не сможет построить сильное государство. Этому есть достаточно примеров из истории.

Мы тверды в своих намерениях и уверены в светлом будущем Казахстана.

Мы обеспечим соблюдение конституционных прав каждого гражданина.

Мы сформируем новую политическую культуру, основанную на взаимном уважении и доверии между государством и обществом.

Важные решения будут приниматься открыто, с участием граждан, потому что государство будет прислушиваться к голосу каждого.

У нас будут всегда высоко цениться добросовестный труд, прогрессивные знания и передовой опыт.

Такой страной я хочу видеть Новый Казахстан.

Для достижения наших целей обновление государственного аппарата или кадровые изменения недостаточны. Перемены каждый должен начинать с себя. Нам нужно перезагрузить систему индивидуальных и общественных ценностей.

Это непростой процесс, который занимает годы. В этом деле нам помогут осознание высокой ответственности, доверие и внимание друг к другу, любовь к своей стране.

Нужно понять, что никто со стороны ничего не сделает за нас. Все в наших руках.

Давайте вместе строить Новый Казахстан.

Уверен, опираясь на поддержку народа, в единстве и согласии мы добьемся поставленных целей!» – что и подтолкнуло меня внести свой вклад в создании будущего Нового Казахстана.

Я разделил свою предвыборную программу на 3 направления:

  1. Демократическое открытое общество.
  2. Развитие города и села.
  3. В здоровом теле – здоровый дух.

Демократическое открытое общество. Открытое общество может быть создано только в государственном устройстве, основанном на принципах народной власти, равенства, справедливости и свободы. Наша страна также является демократической республикой, где народ является единственным собственником власти. Устанавливаются основные нормы прав и свобод каждого человека, все равны перед законом и судом. Каждый свободен придерживаться политических и религиозных взглядов и идеалов по своему выбору. Свобода слова и прессы, включая право на критику, охраняется законом. Как  говорили предки: «Если критику не исправишь, вину не исправят»,как будто предупреждал нас великий Абай, что у палки есть два конца: «Критика исправилась, слушатель исправься и ты».

Этот период является переломным, который вскрыл многие недостатки, создал прорыв в общественном сознании, превратил направление государства в новое русло, вселив надежду в сердца людей. Идея «Нового Казахстана» очень важна для того, чтобы извлечь уроки из прошлого и сделать серьезный шаг в будущее.

Развитие города и села. Не зря говорят: «Труд всегда делает человека счастливым». Благодаря честному труду каждый найдет свое счастье. Он живет своей жизнью, следуя по пути, который принадлежит только ему и подходит только ему. Если люди будут склонны к труду, страна будет процветать, станет равной другим, станет процветающим и конкурентоспособным государством.

Одновременное развитие города и сельской местности. То есть она не должна ограничиваться только производством. Правильно будет обратить внимание на аграрный сектор. Потому что есть много возможностей для развития как села, так и города за счет этой отрасли. Нет необходимости рассматривать города отдельно от прилегающих к ним деревень. Все должно быть охвачено комплексно. Овощи и садовые продукты, произведенные в деревне, должны продаваться в ближайшем городе. Нам нужна такая цепочка. Тогда связь между селом и городом будет восстановлена».

В здоровом теле – здоровый дух. Это факт, что будущее любой страны зависит от здоровья ее народа. И наше направление в будущем – здоровый образ жизни. Долг каждого внушить подрастающему поколению, что «Прежде чем искать лекарство от болезни, ищи способ предотвратить болезнь» и заставить их взять на себя ответственность за собственное здоровье.

Здоровый человек нужен себе и обществу, в котором он живет. Любую работу в обществе может выполнять только обладатель здоровья. Человек не вечен в этой жизни. Если вы не знаете, как использовать жизнь, которая вам дана, то прожитая жизнь была потрачена впустую. Не зря говорят, что «Здоровье – большое богатство». Здоровье самое главное в жизни каждого. Поэтому лучше уделять внимание своему здоровью и беречь его.

 

Уважаемые соотечественники!

Понятно, что помимо этих направлений я буду поднимать насущные вопросы региона. Реализуем идею «Нового Казахстана» вместе!

Приглашаю всех принять участие в выборах 19 марта и сделать свой выбор среди кандидатов, баллотирующихся в Енбекшиказакский районный маслихат Алматинской области по избирательному округу №4.

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 618 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 23, 2024

Жемқорлықпен күресте қоғамның рөлі…

Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес белсенді түрде жүргізілуде. Бұл туралы…
Желт 23, 2024

«Таза Қазақстан» объединила миллионы…

По инициативе Главы государства Касым-Жомарта Токаева с апреля текущего года была…
Желт 23, 2024

Қазақстанда «Халықтың экологиялық…

Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экологиялық сананы ұзақмерзімді…
Желт 19, 2024

Итоги года: Ключевые достижения и…

Энергетический сектор Казахстана является одной из ключевых отраслей экономики. В…
Желт 19, 2024

Жыл қорытындысы: Еліміздің…

Еліміздің энергетикалық секторы экономиканың негізгі салаларының бірі саналады. Орнықты…
Желт 19, 2024

О мерах по либерализации экономики

12 ноября 2024 года, во исполнение Указа Главы государства от 8 мая 2024 года № 542 «О…
Желт 19, 2024

Экономиканы ырықтандыру жөніндегі…

Мемлекет басшысының «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» 2024 жылғы 8…
Желт 19, 2024

Алматы облысы Әділет департаменті…

Жыл бойы тұрғындардан 6502 өтініш түсіп, олардың әрқайсысына толық әрі қанағаттанарлық…
Желт 18, 2024

Еңбекшіқазақ ауданында «AMANAT»…

Аудандық партия филиалының төрағасы Б.Б.Рахимов арнайы брифинг өткізіп, атқарылған…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет