Сейсенбі, 14 Наурыз 2023 16:17

№19 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат АЛСЕИТОВ АЙДАР АСАУБАЙҰЛЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен, Алсеитов Айдар Асаубайұлы, 1981 жылы 11 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Масақ ауылында дүниеге келдім. 1998 жылы Масақ орта мектебін тәмамдап, сол жылы Абай атындағы АлМУ-нің физика-математика факультетіне түсіп, 2002 жылы «Информатика және компьютерлендіру менеджері» мамандығын алдым. 2004 жылы ҚазҰПУ-нің «Педагогика магистрі», «Информатика пәнінен дәріс беру методикасы» мамандығы бойынша білім магистрі дипломына ие болдым.

Еңбек жолымды 2004 жылы «Dogus Eksen» ЖШС-де  бухгалтер-кассир болып бастадым. 2021 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы мәслихатының VII шақырылым депутаты болып сайландым.

 

Құрметті жерлестер!

Урбанизация деп аталатын үдеріске шамадан тыс және негізсіз құштарлық ауыл тұрғындарының кедейленуіне әкеліп соқтырды және оларды жаппай қалаларға қоныс аударуға итермеледі. Бүгінде қазақстандықтар, әсіресе жастар «ауыл» сөзін келешексіз, қалыпты өмір сүруге мүмкіндігі жоқ жермен байланыстырады. Орасан жер қоры, егіншілік пен мал шаруашылығының бай тарихы болғанына қарамастан, Қазақстан әлі де импортқа, ал халық азық-түлік бағасының өсуіне тәуелді.

Ал әлемде азық-түлік дағдарысы күшейіп келеді. Бұл Қазақстанның өз халқын жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарықтарға экспорттаушы жетекші ел болуына да зор мүмкіндіктер ашады.

Ауылдардың қарқынды дамуына баса назар аудара, оларға бұрынғы даңқын қайтара, аграрлық саланы ұлттық табыстың сарқылмас көзіне айналдыра отырып, біз әрбір қазақстандықтың лайықты өмірін қамтамасыз етуге мүдделіміз. Мұның бәрін шындыққа айналдыратын уақыт келді!

 

Құрметті сайлаушылар!

Бүгінгі ауыл мен қала арасында бірден көзге ұратын айтарлықтай әлеуметтік алшақтық бар. Ол экономиканың нақты секторына және ауылдың демографиялық әлеуетіне зиян келтіретін қайтымсыз урбанизация үдерісін бастады. Ауыл тұрғыны, әсіресе, әйелдер мен жастар үшін қалаға бару «барса келмеске» айналды. «Ауыл» партиясы мұндай жағдайға төзбейді және ауылға ерекше назар аударуды талап етеді.

Сондықтан «Ауыл» партиясы:

– Ауылдық елді мекендер инфрақұрылымын қалпына келтіру және дамыту мәселелерінде кешенді және жүйелі тәсілді қолдануды;

– Ауыл әйелдерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, оларға қолайлы жағдай жасауды;

– Ауылдық елді мекендерді газдандыруды ұлғайтуды және оларды жоғары сапалы интернетпен қамтуды;

– Ауыл мен қала арасындағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларының қызметтері сапасындағы айырмашылықты айтарлықтай қысқартуды КӨЗДЕЙДІ.

 

Құрметті сайлаушылар!

Гүлденген ауыл және тиімді ауыл шаруашылығы ауылдық жерлерде жайлы өмір сүру жағдайларын жасап қана қоймай, еліміздің барлық азаматы табысының өсуіне негіз болады, азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандырады, урбанизацияға байланысты өткір әлеуметтік проблемаларды азайтады.

«Ауыл» партиясы осы мақсатқа жету үшін:

– Қала тұрғындарын ауыл кәсіпкерлігін инвестициялауға тарту бағдарламасын ұсынады;

– Қажетті экономикалық ынталандырулар мен құқықтық кепілдіктер бере отырып, «қалалық» бизнесті ауылдарға көшіру жөніндегі бағдарламаны әзірлейді;

– Ауылдық жерде кемінде 20 жыл (жиынтығында) жұмыс істеген азаматтарға зейнетақыны ұлғайту туралы мәселеге бастамашы болады;

– Мерзімді және келісімшарттық әскери қызметтен демобилизацияланған ауыл тұрғындары үшін жоғары оқу орындарына түсуге дайындық курстарында тегін оқу және тұру мәселесін шешуге ұмтылатын болады;

– Ауылдық жерлерде тұратын ерекше қажеттіліктері бар барлық азаматқа (мүгедектерге) әлеуметтік жәрдемақыларды ұлғайту туралы мәселеге бастамашы болады;

– Аз қамтылғандар мен әлеуметтік осал топтар өкілдері үшін азық-түлік төлем карточкаларын енгізуге бастамашылық жасайды.

Азық-түлік сөрелерде өспейді, сөрелерде баға өседі!

Біз азық-түлік нарығынан артық делдалдарды заңнамалық негізде ығыстыру үшін бар күшімізді саламыз. Егістікте өсірілген және қайта өңдеу кәсіпорындарында өндірілген өнімдер тікелей сөрелерге түсуі керек. Фермерлерді ірі сауда орталықтарына мүмкіндігінше жақындату қажет. Қосылған құн сол кезде ғана делдал емес, шаруалардың өздерінде қалады. Салалық мемлекеттік органдар мен жалпы үкімет үшін негізгі және бірінші кезектегі міндет өндіріс көлемін, әсіресе, экологиялық таза өнім көлемін ұлғайту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін қайта өңдеу мен логистикалық инфрақұрылымды жолға қою болуы тиіс.

Қазақстанға өзгеріс қажет. Біз еліміздің шын мәнінде индустриалды-аграрлық, яғни өзін-өзі қамтамасыз ететін, гүлденген және қауіпсіз болғанын қалаймыз!

Біз Қазақстанның аграрлы болашағына сенеміз!

Біз ауылда тұратын адамдарға сенеміз!

Біз жарқын болашаққа деген үмітті шындыққа бірге айналдырамыз!

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 881 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 24, 2026

Конституциялық реформа жөніндегі…

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Конституциялық Сот…
Қаң 24, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар…

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда: ?consot_kz ?constcouncil.kz…
Қаң 24, 2026

Сегодня состоится первое заседание…

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных…
Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет