Сейсенбі, 14 Наурыз 2023 16:27

№13 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ӘМІРОВ САЯН МҮБӘРӘКҰЛЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен, Әміров Саян Мүбәрәкұлы, 1972 жылы 20 маусымда Алматы облысы, Шелек ауданында дүниеге келдім. Мектеп кезінен бастап қоғамдық жұмыстарға араласып келемін. Мектепті ойдағыдай аяқтап, Талғар ауылшаруашылық техникумына түсіп, ауылшаруашылық механигі мамандығы бойынша, одан кейін Қазақ Мемлекеттік Аграрлық университетін жер кадастры бойынша білім алып шықтым. Оқу бітірген жылы 90-шы жылдардың қиын-қыстау кезеңіне тап болғандықтан жеке кәсіппен айналысуға мәжбүр болдым. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласында, оның ішінде жылқы өсіру және халқымыздың төл сусыны қымыз өндірумен айналысамын.

 

АУЫЛ ТӨРГЕ ШЫҚСЫН!

Қымбатты жерлестер, біз «Ауыл» партиясы алдымыздағы сайлауға осы ұранмен шығып отырмыз. Өйткені, өздеріңізге белгілі осы уақытқа дейін ауылдарымызға дұрыс көңіл бөлінбей келеді. Расымен де, ауылдың төрге шығатын уақыты келді! Біздің биылғы сайлауға дайындап отырған бағдарламамыз түгелдей ауылды қолдауға арналып отыр. Оның ішінде атап өтсек:

Бірінші, жол мәселесі. Жай ғана ауыл көшелерін айтпағанда облыстық маңызы бар жолдардың өзі неше жылдан бері жөндеу көрмеген. Шелек пен Қаражота ауылдарының арасы, Шелек пен Сарыбұлақ ауылдары арасы. Байсейіт ауылы мен Малыбай ауылдарының арасындағы жолдарға жөндеу жұмыстарын өткізу керек. Одан басқа ауыл ішіндегі көшелерді абаттандыру, көшелерімізді жарықтандыру жұмыстары өткізілуіне ықпал етемін.

Екінші, білім саласы. Мектептердің жағдайы сын көтермейді. Күрделі жөндеу қажет етіп тұрған мектептер көп. 70-ші  жылдардан бері күрделі жөндеу көрмеген. Кейбір ауылдарда мектеп жоқ. Балаларымыз қирап тұрған ғимараттарда оқуға мәжбүр болып отыр. Ауылдарда балабақша жоқ. Үйде бала қарайтын адам жоқ, кейбір аналар өздерімен бірге жұмысқа апарып жүр. Балаларды жалғыз үйде қалдыруға болмайтынына неше мәрте көзіміз жетті емес пе?! Мәдени іс-шаралар өткізетін орын жоқ. Мерекелік іс-шараларды аядай бөлмеде өткізіп жатқан ауылдар бар. Іс-шараға қатысушы бастауыш сыныптарының балалары дәлізде киім ауыстырып жатқанын да көзіміз көрді. «Спортпен шұғылданыңдар!» дейміз. Жай ғана спорт залдары жоқ ауылдарда. Балаларға жазғы алаң, қыста жабық спорт залдары болу керек! Осы ауылдан ертең еліміздің туын көкке көтеретін әлем чемпиондары мен олимпиада чемпиондары шықпасына кім кепіл? Осы мәселемен тікелей айналысуға, қаражат бөлінуіне ықпал етемін.

Үшінші, медицина саласы. Әлемдік пандемия кезінде көп жағдайларға көзіміз жетті. Ауылдың тұрғындары қарапайым дәрілерге қол жеткізе алмадық. Содан бір сабақ алдық па? Бір адам ауырса, оған алғашқы көмек көрсете аламыз ба? Амбулаториялар құлағалы тұр. «Бірінші байлық – денсаулық» дейміз. Ендеше сол байлығымызды сақтауға бар мүмкіншіліктер жасайық! Бұл мәселе де бірінші орындағы мәселе деп айтуға болады.

Төртінші, газ мәселесі. Ауданымызда газ бар, бірақ үйлерімізде газ жоқ. Бұл мәселе де оң шешімін тапса, қаншама проблемалар шешілер еді. Әсіресе, қыстың күні жұмыс істейтін адамға қайта-қайта үйіндегі отқа алаңдауы өте қолайсыз жағдай. Ауылдарға газ өткізуге барынша ықпал жасаймын.

Бесінші, интернет мәселесі. Қазір ақпарат дәуірі. Дамыған елдердің қатарына кіретін ойымызда болса, әрбір оқушыға интернет қолжетімді болу керек! Интернеті жоқ ауылдар деп тізімдерін жазып жатырмыз. Бұл жағдайды да шешуге әрекет етемін деп ойлаймын.

Алтыншы, жер мәселесі. Көп ауылдарда жайылым тарылып кеткен. Соның салдарынан ауыл тұрғындары малдарын сатып жатыр. Оның соңы ауылдан көшіп кетуге дейін апаруы мүмкін. Осы мәселені жүйелі түрде қарастыру керек! Заңсыз алынған жерлер көп, сол жерлер мемлекетке қайтарылып, ауылдарға жайылым ретінде берілу қажет.

 

Қымбатты ауылдастар!

Біз көтеретін осы және басқа да мәселелер өте көп. Ауылдың жағдайын «Ауыл» ғана түсінеді! Осы мәселелерді «АУЫЛ» партиясымен бірге бір-бірлеп шеше бастасақ, ауылымыздың да жағдайы қалаларымыздан кем болмайды деп сенеміз!

Бүгінгі ауыл мен қала арасында бірден көзге ұратын айтарлықтай әлеуметтік алшақтық бар. Ол экономиканың нақты секторына және ауылдың демографиялық әлеуетіне зиян келтіретін қайтымсыз урбанизация үдерісін бастады. Ауыл тұрғыны, әсіресе, әйелдер мен жастар үшін қалаға бару «барса келмеске» айналды. «Ауыл» партиясы мұндай жағдайға төзбейді және ауылға ерекше назар аударуды талап етеді.

Сондықтан «Ауыл» партиясы:

– Ауылдық елді мекендер инфрақұрылымын қалпына келтіру және дамыту мәселелерінде кешенді және жүйелі тәсілді қолдануды;

– Ауыл әйелдерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, оларға қолайлы жағдай жасауды;

– Ауылдық елді мекендерді газдандыруды ұлғайтуды және оларды жоғары сапалы интернетпен қамтуды;

– Ауыл мен қала арасындағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларының қызметтері сапасындағы айырмашылықты айтарлықтай қысқартуды КӨЗДЕЙДІ.

ҚУАТТЫ АУЫЛ – ЕЛДІҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ!

Гүлденген ауыл және тиімді ауыл шаруашылығы ауылдық жерлерде жайлы өмір сүру жағдайларын жасап қана қоймай, еліміздің барлық азаматы табысының өсуіне негіз болады, азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандырады, урбанизацияға байланысты өткір әлеуметтік проблемаларды азайтады.

«Ауыл» партиясы осы мақсатқа жету үшін:

– Қала тұрғындарын ауыл кәсіпкерлігін инвестициялауға тарту бағдарламасын ұсынады;

– Қажетті экономикалық ынталандырулар мен құқықтық кепілдіктер бере отырып, «қалалық» бизнесті ауылдарға көшіру жөніндегі бағдарламаны әзірлейді;

– Ауылдық жерде кемінде 20 жыл (жиынтығында) жұмыс істеген азаматтарға зейнетақыны ұлғайту туралы мәселеге бастамашы болады;

– Мерзімді және келісімшарттық әскери қызметтен демобилизацияланған ауыл тұрғындары үшін жоғары оқу орындарына түсуге дайындық курстарында тегін оқу және тұру мәселесін шешуге ұмтылатын болады;

– Ауылдық жерлерде тұратын ерекше қажеттіліктері бар барлық азаматқа (мүгедектерге) әлеуметтік жәрдемақыларды ұлғайту туралы мәселеге бастамашы болады.

Біз азық-түлік нарығынан артық делдалдарды заңнамалық негізде ығыстыру үшін бар күшімізді саламыз. Егістікте өсірілген және қайта өңдеу кәсіпорындарында өндірілген өнімдер тікелей сөрелерге түсуі керек. Фермерлерді ірі сауда орталықтарына мүмкіндігінше жақындату қажет. Қосылған құн со кезде ғана делдал емес, шаруалардың өздерінде қалады. Салалық  мемлекеттік органдар мен жалпы үкімет үшін негізгі және бірінші кезектегі міндет өндіріс көлемін, әсіресе, экологиялық таза өнім көлемін ұлғайту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін қайта өңдеу мен логистикалық инфрақұрылымды жолға қою болуы тиіс.

 

Құрметті жерлестер!

Қазақстанға өзгеріс қажет! Біз еліміздің шын мәнінде индустриалды-аграрлық, яғни өзін өзі қамтамасыз ететін, гүлденген және қауіпсіз болғанын қалаймыз!

Біз Қазақстанның аграрлы болашағына сенеміз!

Біз ауылда тұратын адамдарға сенеміз!

Біз жарқын болашаққа деген үмітті шындыққа бірге айналдырамыз!

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 163 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 20, 2023

Айлардың ең қайырлысы

Әлем мұсылмандарының сағына күтетін, айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының…
Нау 20, 2023

Традиции Наурыза в Казахстане

Готовятся к Наурызу заранее: наводят порядок в доме и в хозяйстве, расчищают арыки и…
Нау 20, 2023

Праздник света и добра

В первый месяц весны в стране полным ходом началось переформатирование структур…
Нау 20, 2023

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР: Қазыналы құндылықтар…

Қазақ халқы салт-дәстүр, ырым-тыйымдардан бөлек ұлттық ойындарға да бай екені белгілі.…
Нау 20, 2023

Көркем әдебиетіміздегі көктем жаршысы

Тіршілікке жан бітірген жазғытұрыммен жағаласа келген кішкентай құсқа – Наурызек деп ат…
Нау 16, 2023

Азаматтарды қолдау жүйелі жүзеге…

Кез келген мемлекетте әлеуметтік саланы дамыту, әсіресе, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру,…
Нау 14, 2023

№10 сайлау округі бойынша…

Мен, Нуреббаева Асия Мухаметқалиқызы 1991 жылы 18 қаңтарда Алматы облысы Еңбекшіқазақ…
Нау 14, 2023

№19 сайлау округі бойынша…

Мен, Алсеитов Айдар Асаубайұлы, 1981 жылы 11 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…
Нау 13, 2023

Предвыборная программа кандидата в…

Я, Аюпов Шахамджан Нураждинович, родился в селе Ават 24 апреля 1974 года. В 1991 году…

Күнтiзбе

« Наурыз 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет