Сейсенбі, 14 Наурыз 2023 16:56

№10 сайлау округі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттығына кандидат НУРЕББАЕВА АСИЯ МҰХАМЕТҚАЛИҚЫЗЫНЫҢ сайлауалды бағдарламасы

Мен, Нуреббаева Асия Мухаметқалиқызы 1991 жылы 18 қаңтарда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақжал ауылында дүниеге келдім. 1997 жылы Құрөзек орталау мектебіне 1 сыныпқа барып, 2006 жылы аяқтадым. 2010 жылы Есік гуманитарлық заң колледжін аяқтап, 2022 жылы Алматы гуманитарлық университетін тәмамдадым.

 

Құрметті жерлестер!

Аудандық мәслихат депутаты – бұл ауылдық жердегі мемлекеттік билік пен халықтың арасындағы алтын көпір. Мәслихат депутаты – халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға, еліміздегі халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру барысында белсенділік танытушы тұлға.

Депутаттың негізгі мақсаты – өз округінің мәселелерін жетік білу, оны аудандық мәслихат отырыстарында көтере білу және оның шешілуіне тиісті қаржының бөлінуіне ықпал ету. Бұл бағытта белсене жұмыс істеп, сайлаушыларымның сенімінен шығуға тырысамын.

Халыққа адал қызмет етіп және реформалар нәтижесінде берілетін мүмкіндіктерді толыққанды пайдалана отырып, халық пен билік арасындағы қарым-қатынасты жандандырып, аудандық мәслихат депутатының беделін халық алдында көтеруге күш саламын. Халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсартуға, болашақ ұрпағымыздың алаңсыз бақытты және кемелденген келешегі үшін  жұмыссыз жастардың жұмысқа орналасуына ықпал етемін. Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуге атсалысамын. Бұл үшін маған Сіздердің қолдауларыңыз керек!

 

Құрметті сайлаушылар!

Мені аудандық мәслихат депутаты етіп сайласаңыздар, алдағы 5 жылдағы менің жұмыс бағыттарым:

– Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларының ашулына күш саламын;

 

– Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Соған орай өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуіне жағдай жасаймын;

– Балалар үйірмесін және арнайы дарынды жасөспірімдер клубтарының құрылуына, оның сапалы жұмыс жүргізуіне атсалысамын;

– Ауылдағы су құбырлары мен кәріздерін жаңартуға ықпал жасаймын;

– Балалар ойнайтын ойын алаңдары мен орындарын жаңартуға, жаңаларын салуды қолдаймын;

– Көпқабатты тұрғын үйлерді жаңарту, жөндеу, сонымен қоса абаттандыру мен көгалдандыруды жүзеге асыруға күш саламын;

– Мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсетемін;

– Ауыл көшелерін толықтай жарықтандыру мәселесін шешуге тырысамын;

– Жол ережелері белгілерімен толықтай қамтамасыз етуге, оны қатаң сақтауды ескертемін;

– Ауылды абаттандыру мен көгалдандыруды қолға алып, демалыс орындары мен саябақтарды көркейтуге күш саламын;   

– Елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ықпал жасаймын;

– Жастарды қолдауға арналған іс-шараларға ұйытқы болып, спорт алаңдарын салуға ықпал етемін.

 

Құрметті сайлаушылар!

Туған жер, Отаным Қазақ Елі, оның өсіп өркендеуі мен үшін маңызды!

Маған сенім білдірсеңіздер, Сіздердің зор сенімдеріңізді ақтап, ауылымыздың көркейіп, гүлденуіне аянбай қызмет етемін.

 

Депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын сайтта жариялау РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНАН ТӨЛЕНЕДІ.

Оқылды 924 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 03, 2026

Конституционное закрепление статуса…

Закрепление статуса адвокатуры в Конституции придает этому институту особое…
Ақп 03, 2026

Концентрация власти в руках…

полномочия Главы государства, не учитывает реальное содержание реформы. Основной закон…
Ақп 03, 2026

Удаление слово «свобода» из…

Идея о том, что проект новой Конституции якобы лишает граждан свободы, является…
Ақп 03, 2026

Изменение Конституции – это попытка…

Говорить о том, что изменения в Конституции делаются ради «нового президентского срока»,…
Ақп 03, 2026

Формулировка «...не должна посягать…

Формулировка о недопустимости посягательства на честь и достоинство не является запретом…
Ақп 03, 2026

Исключение конституционного запрета…

Отсутствие прямого запрета на продажу земли иностранцам не означает утрату контроля над…
Ақп 03, 2026

Исключение формулировки о…

В проект новой Конституции, в статью о принципах внешней политики Казахстана, не…
Ақп 03, 2026

Сохранение статуса русского языка в…

Сохранение статуса русского языка в новой редакции Основного закона не дискриминирует…
Ақп 03, 2026

Публикация проекта новой Конституции…

Данные ресурсы были выбраны лишь как основные стартовые площадки для начала продвижения…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет