Жұма, 04 Тамыз 2023 15:17

Аканов Нуржан Маратовичтің САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Аканов Нуржан Маратұлы,  1990 жылы 27 қазанда Қаракемер ауылында дүниеге келдім. Білімім – жоғары. 2010 жылы Алматы Экономика және қазіргі заманғы технологиялар колледжіне оқуға түсіп, 2014 жылы осы колледждің «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» мамандығы бойынша толық курсын аяқтадым. 2014 жылы Қазақстан инженерлік қаржы-банк академиясына түсіп, 2017 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Кеден ісі» мамандығы бойынша бітірдім.

Еңбек жолымды 2014 жылы Еңбекшіқазақ аудандық ХҚКО-да бастадым. 2019 жылға дейін Еңбекшіқазақ аудандық ХҚКО инспектор, маман лауазымында жұмыс атқардым. 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында директордың орынбасары лауазымында жұмыс істедім. Қазіргі уақытта «Алматы облысының еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің «Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мансап орталығы» филиалында құрылымдық бөлімінің басшысы қызметін атқарудамын.

Құрметті Қаракемер ауылдық округінің тұрғындары!

Мен Қаракемер  ауылдық округі әкіміне өз кандидатурамды ұсына отырып, аудан әкімдігі мен мәслихат арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үрдісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуді бағдарламаның басты бағыты ретінде қарастырамын.

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі  бағыттары:

– Ауылдық округтің инфрақұрылымын одан ары дамыту;

 – Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға ықпал ету үшін мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жасап, шағын және орта бизнесті одан ары дамытуға атсалысуды басшылыққа алу;

 – Ауылдық округтегі елді мекендерді  көріктендіру мен абаттандыруды одан ары жалғастыруды және тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, кішігірім архитектуралық нысандар мен қоршауларды, спорт алаңдарын жайластыру, жолдарды жөндеу, жеке үй телімдерін салу үшін жер учаскелерін бөлу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүзеге асыру, шаруа қожалықтарын және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды;

 – Саламатты өмір салтын насихаттауда ауылдағы жастар саясатының тиімді моделі – ауылдық округтегі елдімекендер бойынша өркендетудің құралы мәдени демалыс орындарының халыққа қызмет көрсету жұмыстарын жандандыруды;

– Ауылдық округ жастарын патриоттық рухта тәрбиелеуге, діни көзқарастарына дұрыс бағыт-бағдар беруге, теріс ағымдар мен нашақорлыққа салынбауына және мектепте білім алу сапасына ерекше көңіл бөле отырып, заманауи технологиялармен жабдықтауға ықпал жасауды;

– Қоғамдық тәртіптің сақталуына және сыбайлас жемқорлықпен күресуде қай салада болмасын жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру, ұрлыққа қарсы құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмысты күшейтуді;

– Көпұлтты округ аумағындағы саяси тұрақтылық пен этносаралық татулықты сақтауды, ардагерлер мен қарттарға, аз қамтылған отбасыларға жағдай жасауды олардың арыз-шағымдары мен талап-тілектерін құзіретті органдармен әділ шешуді қатаң бақылауға алуды және дәрігерлік қызмет көрсету сапасын арттыруды;

 – Қоғамдық кеңестің, ауыл ақсақалдарының ой-пікірлерімен санасып, тиянақты түрде аудан басшылығымен бірлесе шешім қабылдауын басшылыққа алатын боламын.

Мені округ әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

– Ауыл ішкілік автожолдардың жөнделуіне;

– Қаракемер ауылына тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пунктінің ашылуына;

– Ауылдың су құбыры желілерін қайта жаңарту және салынуына;

– Қаракемер ауылдық округін газдандыруға;

– Қаракемер, Сатай, Талдыбұлақ ауылдарын толық жарықтандыруға;

– Балаларға арналған ойын алаңдарын, Воркауттардың ашылуына ықпал етемін;

– Сатай ауылындағы «Жайлы мектеп» пилоттық жобасымен құрылысын бастап жатқан, мектептің сапалы салынуын қадағалап, мердігердің уақытылы жұмыстарын аяқтауды бақылайтын боламын;

 

 

Оқылды 935 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет