Жұма, 28 Шілде 2023 10:03

Тұрғындардың талап-тілектері тыңдалды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өткені белгілі. Онда осы тұжырымдаманы іске асыру тәсілдері таныстырылды және бірінші кезекте халықтың пікірі барынша ескерілуі тиіс екені баса айтылған-ды. Міне, осы ауыл тұрғындарының талап-тілектерін тыңдау мақсатында «AMANAT» партия-сы Алматы облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы Малыбай ауылында болды.

Малыбай ауылының мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев бастап, аудандық партия филиалының төрағасы Бағдат  Рахимов, облыстық және аудандық мәслихат депутаттарымен бірге ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, елімізде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды жеткізіп, жұртшылықты толғандаратын өзекті мәселелерді  тыңдап, шешуге күш салатынын жеткізді.

Жиында сөз бастаған Қуат Сұлтанұлы аграрлы облысымызда халық үшін ең күрделі мәселе – егіс алқаптарын суландыру екенін, бұл проблема бойынша ҚР Парламенті Сенатының  депутаты Жанболат Жөргенбаев та келіп, оның шешу жолын қарастыратынын, бүгінгі күндері облыс әкімімен біршама жұмыстар жүргізіліп жатқанын, бұрынғы су арналарын қалпына келтіру, ішкі арықтар жүйесін жаңарту жұмыстарына облыстық бюджеттен қомақты қаржы  бөлінетінін жеткізді. Сонымен қатар,  облыстық су шаруашылығы құрылып, суармалы су тапшылығын жоюға күш салады. Қазірдің өзінде Балтабай ауылдық округіндегі су жүйелерін күрделі жөндеуден өткізу үшін «ПУИД-2»  бағдарламасы аясында бюджеттен ақша бөлініп, жыл соңына дейін  ел игілігіне беретінін тілге тиек етті.

Мемлекеттік жеңілдікпен субсидия, жанар-жағар майды сол елді мекенге дейін жеткізіп беретінін, бұл жеңілдікті Малыбайда бес-ақ шаруа қожалығы пайдаланғанын, мұның аз екенін, мүмкіндікті толық пайдаланып, дизельдік отынды сонау Ават ауылынан емес, Бартоғай ауылындағы жанармай құю бекетінен алуға болатынын айтты.

Сондай-ақ, Қуат Сұлтанұлы Түркістандағы құрылтайда балаларды мектеппен түгел  қамтамасыз ету мәселесі де қаралғанын айтты. Сөзіне сүйенсек, облыс бойынша 53 мектепте балалар үш ауы-сымда оқиды, қазір «Жайлы мектеп» жобасы аясында өңірде  54, ал Еңбекшіқазақ ауданында 13 осындай мектеп салынады. Қазірдің өзінде «Жайлы мектептің» құрылысы Қаражота мен Шелек ауылдарында басталған. Сонымен қатар, дәрігерлік амбулатория, балабақша мәселесі де күн тәртібінен түскен емес, әр жыл сайын құжаты дайындалған елді мекендерде құрылыс жұмыстары іске асырылатынын да жеткізді.

Қуат Байғоджаев кәсіп-керлерге мол мүмкіншілік жасап отырған партия бағдарламасы жайлы да сөз қозғады. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер 2,5 пайызбен 5 млн теңгеден 18 млн теңгеге дейін несие ала алады. Бүгінгі күнге дейін 204 адам құжаттарын тапсырған, екі адам несие алған. Оған қоса 35 жасқа дейінгі азаматтар «Атамекен» кәсіпкерлік палатасынан  1,5 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін қайтарымсыз грант алуға болады, ол үшін олар кәсіп ашу керек. Осы секілді тағы да атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты айтып, түсіндірді. «Жер аманаты» бойынша да заңсыз иеленушілерден жер телімдері қайтарылып жатқанын, облыс бойынша 264 га жер телімі, соның ішінде Қорам, Асысаға, Масақ, тағы басқа да елді мекендерден заңсыз алған жер телімдері халық игілігіне қайтарылғанын да тілге тиек етті.

Жиында ауыл тұрғындары ауызсу, жайылымдық жер, Көктерек елді мекеніне мәртебе беру сияқты өзекті тақырыптарды көтеріп, дәрі-герлік амбулаторияның, жедел жәрдемнің, интернет желісінің, тағы басқа да түйіткілді мәселелердің бүгінгі күн талабына сай еместігін жеткізді. Тұрғындарды қабылдаған Қуат Сұлтанұлы шешімін таппай жүрген мәселелерді, ұсыныс-тілектерді тыңдап, сауалдарға жауап берді. Округ деңгейінде шешілетін кейбір мәселелерді округ әкімі Санат Нарымбаевқа жүктеп, Көктерекке ауыл мәртебесін беру туралы тұрғындар ұсынысы бойынша жұмыстар жасалатынын айтты.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 767 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…
Қаң 28, 2026

Халық кеңесі және азаматтық қоғам

Халық кеңесінің құрылуы жаңа консультативтік орган ретінде халық мүддесін қорғайтын заң…
Қаң 28, 2026

Заң шығару процесін жаңарту

Кұрұлтай мен Парламенттің өкілеттіктерін жаңарту, заң шығару бастамасын кеңейту және…
Қаң 28, 2026

Сот билігінің тәуелсіздігі

Сот билігінің тәуелсіздігін күшейту, сот өндірісін әртараптандыру және адвокатураның…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет