Жұма, 04 Тамыз 2023 15:33

Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылдық округі әкімдігіне үміткер Жапарқұлова Кенжекей Жарқынбекқызының сайлауалды бағдарламасы.

Мен Жапарқұлова Кенжекей Жарқынбекқызы, 1977 жылы 4 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында  дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ, білімім – жоғары. 1999 жылы Алматы қаласында Абылай хан атындағы Қазақ Мемлекеттік Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университетін бітірдім. Мамандығым – француз тілі пәнінің мұғалімі.

2003 жылы Алматы қаласында Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университетінің магистратурасын тәмамдадым.  Филология ғылымдарының магистрі біліктілігін алдым. 2009 жылы Жалпы тіл білімі бағыты бойынша ғылыми диссертациямды қорғап, 2010 жылы  филология ғылымдарының кадидаты ғылыми дәрежесін алдым. 2022 жылы  Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университетінің профессоры атағына ие болдым.

Еңбек жолымды 2000 жылы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері Университетінде роман-герман филология факультетінің диспетчерлік қызметінен бастадым. 2007 жылдан бүгінгі күнге дейін аталған оқу орнында аға оқытушы болып студенттерге сабақ беріп келемін.

Құрметті Ақши ауылдық округінің тұрғындары!

Ақши ауылдық округі әкіміне өз кандидатурамды ұсына отырып, ауылдық округ тұрғындары алдындағы үлкен жауапкершілікті терең түсінемін. Ауылдық округ тұрғындарын және ауылдағы өзекті мәселелерді біле отырып, менің әкім ретіндегі басты міндеттерім – заңнама аясында және өз өкілеттілігім шегінде ауылды және азаматтарды кәсіби басқару, олардың мүдделерін білдіру және қорғау, аппаратты сауатты басқару болып табылады. Әкім тәжірибелі басқарушы және шаруашылық жүргізуші болуы тиіс деп білемін. Ауылдық округ әкімі ретінде депутаттармен, жұртшылықпен, ауыл ақсақалдарымен, жастармен, кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс істеп және ауыл өміріне белсенді қатысамын.

Менің ұстанымым – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!»

Сайлауалды бағдарламам 5 бөлімнен тұрады:

Әлеуметтік қорғау:

а) мүгедектер мәселесі

б) жағдайы төмен отбасылар

в) зейнеткерлер

г) көпбалалы аналар

 

Экология:

а) ауылды көгалдандыру

б) жастар саябағы және балалар ойын алаңы

в) көшелердің тазалығы

 

Медициналық қызмет:

а) ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсету

б) білімді медициналық қызметкерлерді тарту

в) мүгедектерге арналған арнайы автокөлікті жолға қою

 

Жұмыспен қамту:

а) ауыл жастарын жұмыспен қамту

б) «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жолға қою

в) «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру

 

Ауылдың инфрақұрылымы:

а) көгілдір отын тартқызу

б) ауызсумен қамтамасыз ету

в) жайылымды жер телімдерін көбейтуді қолға алу

г) интернет жүйесін жақсарту

д) мәдени нысандарды қалпына келтіру

е) спорт алаңдарын ашу

ж) сырттан инвесторларды тарту

 

Құрметті сайлаушылар!

Сіздердің аллдарыңызда мен өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынып, округ әкіміне үміткер ретінде алдағы сайлауға түсу мен үшін үлкен жауапкершілік деп түсінемін. Дана  халқымызда «Жақсыдан әкім қойсаң елді түзетер, қамқор боп елі тұрғанда жерді күзетер» деген сөз бар. Егер де сайлау барысында сіздердің қолдауларыңызға ие болып жатсам, әкім болып халқыма жақын болып, округпен жұмыс жасау, дамыту маған арқалған үлкен жүк деп білемін!

Ауылдың гүлденгені, елдің гүлденгені!

 

 

Оқылды 714 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…
Қаң 22, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты.…
Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет