Жұма, 04 Тамыз 2023 16:00

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық округінің әкіміне кандидат Тамашаев Ерлик Ерсаинович

Мен Тамашаев Ерлик Ерсаинович, 1979 жылы 7 қыркүйекте Алматы облысы Шелек  ауданы Сөгеті ауылында дүниеге келдім. 1986 жылы Нарынқол ауданы Сарыжаз ауылының Сарыжаз орта мектебінде 1 сыныпқа бардым. 1990 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылының Ақши орта мектебінде оқуымды жалғастырып, 1996 жылы аталған оқу орнын бітірдім. 1996-2001 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясына оқуға түсіп, инженер-механик мамандығын алып шықтым. 2009-2011 жылдары Алматы қаласы ҚР ІІМ Алматы Академиясы заң институтының құқық қорғау қызметі заңгер мамандығы бойынша тәмамдадым.

Еңбек жолымды 2001 жылы Алматы қаласындағы «Локомотивтерді жөндеу депосында» автоматтандыру цехында мастер  болып жұмысын бастадым. 2001-2002 жылдары Талдықорған Гарнизонының әскери полициясында әскери борышымды өтедім. 2004-2020 жылы Қазақстан Республикасының Ішкі Істер саласында қызмет атқардым. 2020 жылдан бастап запастағы офицермін. 2020-2023 жылдар аралығында Ақши ауылдық округінің ауыл жастарының төрағалық қызметін атқардым.

Үйленгенмін, бес бала тәрбиелеп отырмын.

 

Сайлауалды бағдарлама

Құрметті жерлестер! Ақши ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде өзімнің әзірлеген сайлауалды бағдарламамды ұсынамын. Сондай-ақ осы ауылдық округтің тұрғыны ретінде әрекет ету туралы шешім қабылдай отырып, мен ауылдық округте бар әлеуметтік мәселелерді шешу үшін күш-жігерімді жұмсауға және мемлекеттік қызметте болған кезеңде жинақталған дағдыларым мен білімдерімді жұмысқа қолдануға ниеттімін.

Менің бағдарламам Ақши ауылдық округінің тұрғындарын толғандыратын бірқатар мәселелерді шешуді қамтиды.  Бүгінгі күні қолда бар, бірақ одан әрі дамытуды талап ететін ауылдық округтегі экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз еті.  

Менің сайлау алды бағдарламамның негізгі бағыттары:

– Азаматтардың әл-ауқатын, әлеуметтік, мәдени салалардың және әлеуметтік өмірдің сапалы жақсаруына бағытталған Ақши ауылдық округінің барлық тұрғындары мен мемлекеттік билік органдарының тығыз, сындарлы және жемісті ынтымақтастығын қамтамасыз ету;

– Ауылдың жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді әрі сапалы қызметі, жергілікті бюджеттің қаржылық қаражаттарын шығынының басымдылығы туралы мәселелерді қоса ауылдық округтің ең өзекті мәселелерін белгілеу мен шешуге тұрғындарды тарту;

– Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, ауылдық округ тұрғындарының санасында «Құқық бұзушыларға нөлдік төзімділік» принципін дағдылау;

– Ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен олардың жұмыспен қамтылуы үшін қолайлы жағдайларды жасау. Ауыл шаруашылығы құрылымдары қызметінің негізгі түрі егін шаруашылығы болып табылады, мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру;

– Шаруа субъектілерінің өнімдерін шығару мен қайта өңдеуін арттыруға мүмкіндік беретін инвестициялық жобаларды іске асыру;

– Жастар мен ересек халықтың мәдени саулығын ұйымдастыру, спорт пен саламатты өмір салтын дамыту;

– Жастардың жұмыспен қамтылуы мен орналастыру мәселесін шешу бойынша жұмысты жандандыру;

– Қазатком, Қайрат ауылдарына жаңа модульдік  мектеп салуына ықпал етемін;

– Фельдшерлік-акушерлік пунктің ашылуына күш саламын;

– Учаскелік полиция пунктін салуға ықпал етемін;

– Ауылдық бюджеті шектеулі екенін ескере отырып, қосымша қаржыландыру көздерін іздеуге бар күшімді саламын.

Менің сайлауалды бағдарламамды сіздермен бірге жүзеге асыру, біздің туған ауылды үздіктердің қатарына көшіруге мүмкіндік береді деп санаймын. Бүгін оған қол жеткізу үшін мемлекет бізге барлық қажетті жағдайлар мен ресурстарды ұсынып отыр. Барлығы біздің қолымызда, сол үшін біз осы мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек.

Оқылды 976 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 03, 2026

Конституционное закрепление статуса…

Закрепление статуса адвокатуры в Конституции придает этому институту особое…
Ақп 03, 2026

Концентрация власти в руках…

полномочия Главы государства, не учитывает реальное содержание реформы. Основной закон…
Ақп 03, 2026

Удаление слово «свобода» из…

Идея о том, что проект новой Конституции якобы лишает граждан свободы, является…
Ақп 03, 2026

Изменение Конституции – это попытка…

Говорить о том, что изменения в Конституции делаются ради «нового президентского срока»,…
Ақп 03, 2026

Формулировка «...не должна посягать…

Формулировка о недопустимости посягательства на честь и достоинство не является запретом…
Ақп 03, 2026

Исключение конституционного запрета…

Отсутствие прямого запрета на продажу земли иностранцам не означает утрату контроля над…
Ақп 03, 2026

Исключение формулировки о…

В проект новой Конституции, в статью о принципах внешней политики Казахстана, не…
Ақп 03, 2026

Сохранение статуса русского языка в…

Сохранение статуса русского языка в новой редакции Основного закона не дискриминирует…
Ақп 03, 2026

Публикация проекта новой Конституции…

Данные ресурсы были выбраны лишь как основные стартовые площадки для начала продвижения…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет