Бейсенбі, 10 Тамыз 2023 12:02

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округінің әкіміне үміткер Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы сайлауалды бағдарламасы

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Шелек ауылында дүниеге келдім. 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды 2013 жылы Шелек ауылдық округі әкімі аппаратында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы бастадым. 2013 жылы 1 қарашада Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратына жетекші маманның міндетін атқарушы болып ауыстым. 2014 жылы 6 тамыздан жетекші маман, 2014 жыл 7 қарашадан бүгінгі күнге дейін бас маман қызметін атқарудамын.

 

Құрметті Балтабай ауылдық округінің сайлаушылары

 

Ауыл – еліміздің жүрегі. Сондықтан, ауылды көркейтін, әлеуетін арттыру – менің басты мақсатым. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ауылдарды гүлдендіруге, сондағы тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға барлық мүмкіндіктерді жасауда. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, ірі жобалар жүзеге асырылуда. Осындай бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру, ауылдың әлеуетін пайдалана отырып, дамуға жол ашу – менің сайлауалды бағдарламамның негізі.

 

Сайлауалды бағдарламамда төмендегідей бағыттарға басымдық беріп, жұмыс атқаратын боламыз:

 

– Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстаймын.

– Адамның басты капиталы – білім. Осы тұрғыда округтегі білім беру ұйымдарымен үнемі байланыста болып, оқушылардың түрлі деңгейдегі байқауларға қатысуларына жағдай жасаймын.

– Округ тұрғындарын рухани қолдау бағытында ауыл кітапханасы мен мәдениет үйі жұмыстарының жандануын назарда ұстай отырып, тиісінше қолдау көрсетемін.

– Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық жасаймын.

– Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасаймын.

– Болашақ жас ұрпақтың еншісінде. Демек, ауыл жастарының спортпен шұғылданып, түрлі жарыстарға қатысуларына қолдау көрсетемін. Жастардың ауылда тұрақтауына жағдай жасай отырып, округ тұрғындарының санын арттыруға күш саламын.

– Округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, ауылдың мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастырамын.

– Ауылдағы  саяси  ахуалдың  тұрақты  болуын  басты  назарда  ұстау,  саяси ахуалдың  тұрақты болуы үшін әрдайым зерттеулер жасап  талдау  жүргізіп отыру, саяси  ахуалдың тұрақты болуы және әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табу үшін  қоғамдастық, ардегерлер  кеңесі, жастар ұйымы жұмысының белсенділігін арттырамын.

– Ауылда жұмыссыздықты болдырмау, халықты нәтижелі жұмыспен қамту 

мақсатында тұрғындарды жеңілдетілген несиелер алып, түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға, өз кәсібін ашып, жұмыс жасауға заңдық тұрғыда көмектер көрсететін боламыз.

–  Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңына сәйкес 2018 жылдан бастап ауылдық бюджет көзделген. Тиісті біліктілік курстарынан өткен, сапалық құрамы жоғары мамандарды даярлай отырып, кәсіби аппарат құру, барлық мүмкіншіліктерді қарастырып салық базасын кеңейту, түбегейлі зерттеліп, жан-жақты талданғаннан кейін ауыл бюджетін сапалы жоспарлаймыз.

– Шағын және орта бизнеспен айналысуға ауыл тұрғындарын көптеп тарту, ауыл шаруашылығына басым бағыт беру, ауыл шаруашылық дақылдарын әртараптандыру, өндіріске жаңа сұрыптарды енгізе отырып, жоғары өнімдер алуға қол жеткіземіз.

 

Оқылды 969 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет