Бейсенбі, 10 Тамыз 2023 12:28

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округінің әкіміне үміткер Нұрбеков Дидар Балтабайұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Мен Нұрбеков Дидар Балтабайұлы, 1988 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Тасашы ауылында дүниеге келдім. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолымды 2013 жылы Евгенемоловодный ауылдық округінің әкімі аппаратында жетекші маманның міндетін атқарушы болып бастадым. 2014 жылдың 20 наурызында жетекші маман, 6 тамызда бас маман болып тағайындалдым. 2015 жылы 5 тамызда Тескенсу ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы болып ауыстым. 2018 жылы жетекші маман болып, 2021 жылдың 10 наурызынан қазіргі уақытқа дейін бас маман қызметін атқарып келемін.

 

Құрметті, Балтабай ауылдық округінің тұрғындары, сіздердің назарларыңызға Балтабай ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.

Мен округ әкімі аппаратында жұмыс істей жүріп, ауылдардағы ең өзекті, шешімін табуы тиіс мәселелерді және ілгері басқан істі де көріп жүрмін. Және барлық түйінді мәселелерді шешіп, жемісті істерді халықтың игілігі үшін одан әрі табысты, мақсатты түрде жалғастыру қажет деп есептеймін.

Әкім болу – бірінші кезекте округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына, округтің көркеюі жолында адал қызмет ету деп түсінемін. Мұны бір сөзбен айтсақ, қазір қанатты сөзге айналып кеткен  әрі жауапкершілік артатын «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз шығады. Мен халыққа жақын бол қағидасын ұстана отырып, Балтабай ауылдық округінің әкімі лауазымына өз кандидатурамды ұсындым және ауыл мен ауылдық округтің игілігі үшін шешілуі тиіс міндеттерді орындауды мақсат етіп отырмын.

– Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту және олардың жұмыспен қамту үшін шараларды қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтің экономикасын дамыту;

– Жаңа жұмыс орындарын құру;

– Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстау;

– Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық көрсету;

– Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасау – менің сайлауалды бағдарламамның басты шарттары.

– Округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, округтің мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастырамын;

– Округ тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді басты назарда ұстаймын.

Сонымен қатар, округ аумағында туындаған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді де жергілікті жағдайда шешу дәл қазіргі міндет деп санаймын. Президент Жолдауында ауылдың дамуы мен көркеюі үшін маңызды тапсырмалар берді. Округ әкімі ретінде ол міндеттерді орындау, ең бірінші кезекте Балтабай ауылдық округтің тұрақтылығы мен өркендеуіне әкеледі деп санаймын. Және осы мақсатта мемлекеттік қызметте жинақтаған тәжірибемді қолдана отырып, бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын.

 

Оқылды 719 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет