Бейсенбі, 16 Мамыр 2024 16:36

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының әкіміне үміткер КУРАМЕТОВ Жан Бауыржанұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары!

Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурмановка ауылында дүниеге келдім. 1993 жылдан  бері Есік қаласында тұрамын. 2006 жылы Есік қаласындағы Қазақ-Түрік лицейін (қазіргі «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты) бітірдім. 2011 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Қаржы» мамандығы, 2014 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтадым. 2021 жылы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Жеміс-көкөніс шаруашылығының» бакалаврын, ал 2022 жылы «Бизнес және басқару» магистрі мамандығын алдым.

Еңбек жолымды 2009 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылындағы «Саймасай» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының есепшісі болып бастадым. 2010-2012 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының есепшісі, экономисті қызметін атқардым. 2012-2013 жылдарда «Сункар» ЖШС-нің бизнесті дамыту бойынша директоры, 2013 жылдың қараша айынан Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы-салық жөніндегі инспекторы, 2015 жылдың наурыз айынан Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы қызметтерін атқардым.

2016-2017 жылдары Жаңашар ауылдық округі әкімінің орынбасары, ал 2017-2022 жылдары Жаңашар ауылдық округінің әкімі лауазымдарын атқардым.

2022 жылы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымын атқардым. 

2022 жылдан бастап «Алматы облысының индустриялық  аймақтарын  басқарушы компаниясы» ЖШС-і бас директорының қаржы-экономикалық жөніндегі орынбасары болып қызмет етемін.

Құрметті сайлаушылар!

Егер мені Есік қаласының əкімі етіп сайласаңыздар,

алдағы 4 жылда:

– ​Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекет органдарының нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын жүзеге асыру үшін қызмет жасаймын;

– ​Есік қаласының көркеюіне, халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасауға, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстауға; 

– ​Қала тұрғындарының таза сапалы ауыз сумен қамтылуына;

– ​Қаламыздың абаттандыру жұмыстарын жандандыруға;

– ​Қоғамдық тәртіптің сақталуына және сыбайлас жемқорлықпен күресуде, қай салада болмасын жемқорлық әрекеттерге жол бермеуге, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыруға, ұрлыққа қарсы құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмысты күшейтуге;

– ​Жастардың тұрақты жұмысқа орналасуы мен мемлекеттік бағдарламаға белсенді қатысуын қамтамасыз етуге;

– ​Жастарға - жол ашамыз! Жастар-ел болашағы! Біз халқымыздың бай, рухани адами құндылықтарын өскелең ұрпаққа табыстауымыз керек! Бұл - дамып келе жатқан әрбір қоғамның миссиясы! Сол себепті Жастар саясатын қауқарлы жүзеге асыруға;

– ​Қала тұрғындарын еңбекпен қамтудың негізгі бір діңгегі-шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және сол арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жұмыссыздықты жоюға атсалысып, кәсіпкерлікті дамытуға;

– ​Еліміздегі саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық және дін аралық келісімнің нығаюына;

– ​Салауатты өмір салтын насихаттауда қаланың жастар саясатының тиімді моделі – қала бойынша өркендетудің құралы – мәдени демалыс орындарының халыққа қызмет көрсету жұмыстарын жандандыруға;

– Туризм саласын дамытуға және инвестиция тартуға бар ерік-жігерім мен мүмкіндігімді саламын.

Президентіміздің «еститін» мемлекет тұжырымдамасын ескере отырып,

Мен əрқашан Сіздермен байланыстамын!

 

Тел / WhatsApp: +7 747 6249714

Құрметпен, Кураметов Жан Бауыржанұлы

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жететінімізге сенемін!

 

 

Оқылды 860 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет