Бейсенбі, 23 Мамыр 2024 09:25

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының әкіміне кандидат САРГОЖАНОВ Ринат Серікқанұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Саргожанов Ринат Серикқанұлы, 1984 жылы 29 қазанда Алматы облысы  Еңбекшіқазақ ауданы Новоалексеевка ауылында дүниеге келдім.

Еңбек жолымды 2011 жылы 15 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкім аппаратында бас маман қызметінен бастадым. 2021 жылдың 13 мамырда мемлекеттік органның штат құрылымының өзгеруіне байланысты осы мемлекеттік органның ішінде әкім орынбасары қызметіне ауыстырылдым және кәзіргі уақытқа дейін осы лауазымда қызмет етіп келемін.

Құрметті Есік қаласының тұрғындары!

«Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген халық даналығы бекер айтылмаса керек. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын қабылдап, қарапайым халықты мемлекеттік басқару ісіне тарту қажеттігін айтты. Осы орайда, мемлекеттік қызметтегі тәжірибеме сүйене отырып, аудан орталығындағы өзекті мәселелерді жергілікті қауымдастықпен бірлесе отырып шешуге бар күшімді саламын.

Президент ұстанған қоғамдық татулықпен тұрақтылықты көздеген саяси бағыт Жаңа Қазақстанның дамудың даңғыл жолына түсіп, экономикасы қарқынды дамыған елге айналуға өз септігін тигізеді деген ұстанымдамын.

Менің бағдарламамның барлық тармақтары Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға, және де бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келеді.

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

– Қалада әлеуметтік, білім, денсаулық сақтау, мәдени салаларының және әлеуметтік өмірдің сапалы жақсаруына бағытталған Есік қаласының барлық тұрғындары мен мемлекеттік билік органдарының тығыз, заң нормаларына сәйкес, үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз ету;

– Қаланың жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді әрі сапалы қызметімен қала өміріне маңызды мәселелерін  белгілеу мен шешуге жергілікті қоғамдастықты  тарту;

– Қаланың экономикалық әлеуетін белсенді дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту  үшін қолайлы жағдайларды жасау;

– «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларының тиімділігін арттыру, оларға азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін көптеп тарта отырып, бизнестің қоғамға адал қызмет етуіне жағдай жасау;

– Жұмыспен қамту деңгейін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асуын қамтамасыз ету. Жастарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешу бойынша жұмысты жандандыру;

– Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға мүмкіндігінше әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету.

– Қаланың санитарлық тазалығын, абаттандыру мен көгалдандыруын, ішкі автомобиль жолдарын уақтылы әрі сапалы жөндеуді, оларды тиісті жағдайда ұстауды, көшелердің жарықтандырумен қамтылуы бойынша жұмысты жалғастыруды қамтамасыз ету;

– Халықтың мәдени шараларға көптеп қатысуын қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын  тиімді өткізу үшін мәдени шараларды ұйымдастыру, тұрғындар және жастар арасында бұқаралақ спорт пен саламатты өмір салтын дамыту;

– Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, қалада құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыстар жүргізу, қала тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттыруға жәрдемдемдесу.

Құрметті сайлаушылар!

Менің Есік қаласы әкіміне кандидат ретінде ұсынып отырған сайлауалды бағдарламам сіздермен бірлесе қала өміріндегі маңызды мәселерді шешуге мүмкіндік беретініне  сенімім мол.

 

Оқылды 653 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет