Бейсенбі, 23 Мамыр 2024 09:31

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының әкіміне үміткер ТЕЛТАЕВ Ержан Берікұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары!

 

Мен, Телтаев Ержан Берікұлы Алматы облысында туып-өстім. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің ветеринариялық медицина мамандығын тәмамдадым. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілім 14 жыл.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолымды Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппаратында бастадым. Қазіргі таңда аталған округте әкімнің орынбасарымын.

Аудан орталығында атқарылатын жұмыс аз емес. Тозығы жеткен әлеуметтік нысандарды қайта жаңғырту және жаңа ғимараттар салу, инфрақұрылым мәселесін дұрыс жолға қойып, тұрғындарды сапалы ауызсумен, тегіс жолдармен қамтамасыз ету, балалардың заман талабына сай сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау – менің бағдарламамның негізгі бағыты.

 

Менің Есік қаласын дамытудағы сайлауалды бағдарламам:

 

– Қаланың санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасау – менің сайлауалды бағдарламамның басты шарттары.

– Қаладағы кәсіпкерлермен тығыз байланыста болып, қаланың мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастырамын.

– Көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларына әлеуметтік қолдау мен көмек көрсетілуіне белсенді түрде атсалысамын. Көшелерімізде, қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуы мен жасөспірімдер арасындағы бұзықтықты болдырмауды, полиция қызметкерлерімен, ұстаздармен бірлесе жұмыс арқылы қамтамасыз етуге ықпал жасаймын.

– Жастар арасында жұмыссыздық деңгейін азайтуға, жастарға патриоттық тұрғыдан тәрбие беруге, оқу бітірген жастардың жұмысқа орналасуына ықпал ету, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, көп балалы аналарға көмек көрсетемін.

– Тұрғындардың сапалы медициналық қызмет алуына ықпал етемін.

– Ұлттар арасындағы достықты, ұлтаралық келісімді басты назарда ұстау және жастарды рухани-патриоттыққа тәрбиелеуге күш саламын.

– Спортты жандандыру, саламатты өмір салтын ұстану жұмыстарын ұйымдастыруға және дамытуға күш-жігерімді жұмсаймын.

– Мемлекет басшысының ел экономикасын көтеру бағытындағы Жолдаулары мен бағдарламаларын барынша қолдап, тұрақты түрде жүзеге асыруға ықпал етемін.

– Шағын және орта бизнестің дамуына, осы салада жұмыс істейтін азаматтар санының артуына және кәсіпкерлердің мемлекет тарапынан берілетін көмектерге алаңсыз қол жеткізуіне жағдай жасаймын.

– Есік қаласының аумағындағы жолдардың сапасын жақсартуға, күрделі жөндеуден өткізу мақсатында қарқынды жұмыс жүргіземін.

– Құрылысы жүргізіліп жатқан топтық су құбырының сапасын қатаң бақылауға алып, тұрғындардың сапалы ауызсумен қаматамасыз етілуін қадағалаймын. 

– Аудан орталығында қарқынды жүргізіліп жатқан көшелерді жарықтандыруды жалғастырамын.

– Бүгінде Есікте демалыс орындары мен скверлердің саны артып келеді. Осы игі жұмыстардың жүйелі жалғасуына, балалар алаңдары мен воркаут алаңдардың бой көтеруіне ықпал етемін.

Оқылды 746 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет